Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорны мен «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 235 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - 1-серіктестік);
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - 2-серіктестік) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қызметінің негізгі мәні:
1) 1-серіктестік спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2) 2-серіктестік спорттық және туристік объектілердің құрылысын салуды ұйымдастыру және басқару болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 1 және 2-серіктестіктердің жарғысын бекітсін;
2) 1 және 2-серіктестіктердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) 1 және 2 серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 наурыздағы
№ 235 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 517-8 «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Қарағанды қаласы» және реттік нөмірі 519-4 «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы қаласы» деген жолдар алып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-116-жолмен толықтырылсын:
«123-116. «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС;
«Қарағанды облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-16-жолмен толықтырылсын:
«214-16. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» ЖШС».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 298-1 және 298-2-жолдармен толықтырылсын:
«298-1 «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» ЖШС
298-2 «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС».
4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 3 және 4-жолдармен толықтырылсын:
«3. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» ЖШС
4. «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 2-бөлімдегі реттік нөмірлері 9 және 14-жолдар алып тасталсын.
5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 23-1 және 23-2-жолдармен толықтырылсын:
«23-1. «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» ЖШС
23-2. «Спорт және туризм объектілерінің құрылысын салу жөніндегі дирекция» ЖШС»;
көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар алып тасталсын.