Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 Қаулысы
(2012.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2011.19.05. № 544 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
1) экономика;
2) (құпия);
3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 қаңтардағы
№ 61 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 27-2-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-110-жолмен толықтырылсын:
«123-110. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-4-жолмен толықтырылсын:
«268-4. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ».
4. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы».