Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 Қаулысы
(2007.08.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін:
шарт негізінде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерінің ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және тиімділігіне жәрдемдесу;
метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенімділікті қамтамасыз ету.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 11 тамыздағы
№ 758 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 91-1-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-105-жолмен толықтырылсын:
«123-105. «Қазаэросервис» АҚ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 300-жолмен толықтырылсын:
«300. «Қазаэросервис» АҚ».
4. ҚР Үкіметінің 2007.08.12. № 1201 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)