Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы № 211 Қаулысы
(2006.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Республика сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүліктік кешен ретінде және Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Алматы қаласы әкімінің республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласы, Достық даңғылы, 114 мекен-жайында орналасқан ғимаратты және қосымшаға сәйкес мүлікті Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 415-28-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 470-148-жол алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 45-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Концерттік ұйымдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.13.06. № 544 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 наурыздағы
№ 211 қаулысына
Қосымша
Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының теңгерімінен Алматы қаласының
коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің
тізбесi
Р/с № | Мүліктің атауы | Мүкәммалдық нөмірі | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қызыл кресло | ОС-163312 | дана | 37 |
2 | Күрес кілеміне арналған жапқыш | 000125200501 | дана | 1 |
3 | «Геркулес» үстелі (850x2500) | 000125200566 | дана | 10 |
4 | Сынып тақтасы | 00020600300 | дана | 22 |
5 | Лингафон кабинеті жиһазының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
6 | Лингафон кабинеті жабдықтарының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
7 | Лингафон кабинеті орындықтарының жиынтығы | 0123006160 | дана | 1 |
8 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | Р12585 | дана | 12 |
9 | Қол жуғышқа арналған кронштейн | Р125800 | дана | 2 |
10 | Палас | Р12500312 | дана | 2 |
11 | Телевизорлар мен магнитофондарға арналған жылжымалы таған | 000125000312 | дана | 1 |
12 | «Беларусь» пианиносы | 000125085001 | дана | 9 |
13 | «Schoise» пианиносы | 000125085002 | дана | 1 |
14 | Үстел тіреуіші | ОС163690 | дана | 2 |
15 | «PETROV» пианиносы | 000125085003 | дана | 1 |
16 | «Эстония» роялі | 000125085004 | дана | 2 |
17 | Шахмат үстелі | Р1ОС22 | дана | 30 |
18 | Окушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 0002062005601 | дана | 10 |
19 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 000206200502 | дана | 6 |
20 | Былғары кресло | 1Р872 | дана | 4 |
21 | Оқушы партасы | Р1-315 | дана | 10 |
22 | Аспалы сөре | 000206200510 | дана | 1 |
23 | Балаларға арналған орындық | 00012500625 | дана | 6 |
24 | Үстел (ГДР) | ОС1630 | дана | 33 |
25 | Оқушы үстелі | 1Р1333 | дана | 30 |
26 | Үш жақты ашпалы тумба | 000206200510 | дана | 1 |
27 | Үш есікті шкаф орындығымен | 00012500625 | дана | 5 |
28 | Үлкен шкаф (секциялы) | 1Р206 | дана | 6 |
29 | 4 секциялы шкаф | 00012500626 | дана | 1 |
30 | Бұрышты шкаф | 000206200510 | дана | 2 |
31 | Оқушыға арналған жиынтық (парта, орындықтар) | 125282005046 | дана | 45 |
32 | Шыны витринасы | Р1-12503 | дана | 1 |
33 | «Шолпан» гарнитуры | 25БШ | дана | 2 |
34 | Журнал үстелі | Р1N6 | дана | 2 |
35 | Айна | Р12548 | дана | 6 |
36 | Ақшыл-қоңыр кресло | 0001252005502 | дана | 28 |
37 | «Хольга» креслосы | ОС-12525 | дана | 1 |
38 | Сөрелер | 000125200310 | дана | 62 |
39 | 2 тумбалы үстел | 000125200312 | дана | 2 |
40 | 2 тумбалы үстел (БССР) | ОС 1630 | дана | 12 |
41 | 2 тумбалы үстел | Р12188 | дана | 5 |
42 | Оқушыларға арналған үстел жиынтығы | 125200345002 | дана | 11 |
43 | Үстел | 125200345512 | дана | 1 |
44 | Оқушыға арналған»«МЗ» маркалы үстел | Р1ОС15 | дана | 10 |
45 | Физикалық үстел | Р11250202 | дана | 8 |
46 | Орындықтар (Веналық) | Р121992 | дана | 11 |
47 | Орындықтар (ГДР) | Р1213 | дана | 120 |
48 | Орындықтар (гобелен) | Р1315 | дана | 20 |
49 | Орындықтар (ЧССР) | Р12180 | дана | 200 |
50 | Тумба | Р1-2984 | дана | 1 |
51 | «МЕХ» бұрышты үстелі | Р1ОС15 | дана | 4 |
52 | «Снежинка» тоңазытқышы | Р1ОС15 | дана | 1 |
53 | 3 есікті шкаф | Р1-125125 | дана | 2 |
54 | Шкаф (ГДР) | ОС163690 | дана | 37 |
55 | Шкаф (ГДР-450) | ОС 163690 | дана | 2 |
56 | Кітаптарға арналған шкаф | Р1-2189 | дана | 23 |
57 | Медициналық шкаф | Р12181 | дана | 2 |
58 | Киім ілетін шкаф | ОС 163673 | дана | 25 |
59 | «Шолпан» шкафы | 18900 | дана | 80 |
60 | 2 креслосы бар диван | Р69899 | дана | 1 |
61 | Сөре | Р6252120 | дана | 6 |
62 | Үстел тіреуіші | Р61251280 | дана | 1 |
63 | Қабырғалық жиһаз жиынтығы | Р6200200 | дана | 1 |
64 | Үстел (ГДР) | ОС-1630 | дана | 12 |
65 | «Планетарий ИКП-2» аппараты | Р6000123 | дана | 1 |
66 | «Рецигаль» роялі | 000123198998 | дана | 1 |
67 | Киім ілгіш | 00020600601 | дана | 10 |
68 | Тігін машинасы | Р61230706 | дана | 5 |
69 | Celeron 1.7/256/4 базасындағы жүйелік блок | 1230000005 | дана | 4 |
70 | «Scaner HP Scan 3670C» сканері | 1230050057 | дана | 1 |
71 | Samsung принтері | 00012300800 | дана | 1 |
72 | Celeron 1/7/256 mb/40gb 17 базасындағы жүйелік блок | 12318850505 | дана | 1 |
73 | Celeron 1/7/256 mb/40 15 жүйелік блогы | 12312512300 | дана | 5 |
74 | Celeron 1/7/256 mb жүйелік блогы | 12300090030 | дана | 4 |
75 | LG CF-21D60 телевизоры | 12312300305 | дана | 1 |
76 | LG W 142 бейнемагнитофоны | 1238521008 | дана | 1 |
77 | 10+1 конфигурациялы компьютер сыныбы | 12311738473 | дана | 1 |
78 | ЗМ ОНР 9080 үстелге қоятын проекторы | 12300300702 | дана | 1 |
79 | ЗМ TS 150 проекциялық экраны | 12300848784 | дана | 1 |
80 | 2003 жылғы компьютер жиынтығы | 12300500400 | дана | 1 |
81 | Өндірістік тоңазытқыш | 00012319861 | дана | 1 |
82 | Ас үйге арналған жабдықтар (қамыр бұлғауыш) | 00012504030 | дана | 1 |
83 | 2 қабатты кереует | 00012500100 | дана | 20 |
84 | Матрац (80x200) | 00012500104 | дана | 40 |
85 | Синтепоннан жасалған жастық (70x70) | 00012500104 | дана | 40 |
86 | Синтепоннан жасалған көрпе | 00012500104 | дана | 40 |