Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1150 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстік орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Мақтаарал ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
3. Кәсiпорынның жарғылық капиталы 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңгеге ұлғайтылсын.
4. Кәсіпорынға заңнамада белгiленген тәртiппен «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы еншiлес мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрi - еншілес кәсiпорын) осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көзделген қаражат мөлшерiнде және есебiнен еншiлес кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыра отырып, құруға рұқсат берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекiтуге енгiзсiн;
2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз eтсін;
3) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын.
7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетiн 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |