Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1032 Қаулысы
(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрі 9-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9-14. А.Н. Сызғанов атындағы
Хирургия ұлттық ғылыми
орталығы» қазыналық
кәсіпорны Алматы қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара )
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттiк нөмірi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«13. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |