«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «А.Н. Сызғанов атындағы
Хирургия ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын
қайта атау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1032 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрі 9-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-14. А.Н. Сызғанов атындағы
Хирургия ұлттық ғылыми
орталығы" қазыналық
кәсіпорны Алматы қаласы";
2) "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
G санатының тобында:
"G-1" санаты:
"(ұлттық," деген сөзден кейiн "ұлттық ғылыми," деген сөздермен толықтырылсын;
"G-2" санаты:
"(ұлттық," деген сөзден кейiн "ұлттық ғылыми," деген сөздермен толықтырылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттiк нөмірi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"13. А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |