Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Фитохимия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 953 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық фармацевтикалық өнiмнiң инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн дамыту, экспортқа бағдарлануы мен бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң «Фитохимия институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Фитохимия» ғылыми-өндiрiстік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) олардың негiзiнде жаңа материалдар мен препараттар алу үшiн табиғи, оның iшiнде өсiмдiк шикiзатын зерделеу;
2) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін дәрілiк препараттарды шығару бойынша ғылымды қажетсiнетiн технологиялар мен техниканы жасау жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және оларды өндiріске енгізу.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның Жарғысын бекiтудi;
2) Қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігіне берудi;
4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 953 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі» деген бөлiмде реттік нөмiрi 470-86-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктерiнiң тiзбесiнде:
«Қарағанды облысы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 214-12-жолмен толықтырылсын:
«214-12.«Фитохимия» ғылыми-өндiрiстiк орталығы» AҚ».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-33-жолмен толықтырылсын:
«222-33. «Фитохимия» ғылыми-өндiрiстік орталығы» АҚ».
4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 68-жол алынып тасталсын;
«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын:
«4. «Фитохимия» ғылыми-өндiрiстік орталығы».