194) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
195) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
196) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
197) кадрлардағы жергiлiктi қамтуды есептеу әдiстемесiн келiседi;
198) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшiн кадрлардағы ең төменгi жергiлiктi қамтуды ұсыну тәртiбiн келiседi;
199) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттiлiктiң ең аз деңгейiн есептеу әдiстемесiн келiседi;
200) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшiн оқытылуы тиіс персоналдың жалпы санынан қазақстандық кадрлардың ең аз санын пайызда ұсыну тәртiбiн келiседi;
201) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат бередi;
202) кең таралған пайдалы қазбалар және көмiрсутегi шикiзаты бойынша келiсiмшарттарды қоспағанда, ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiмшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бiрлесiп iске асыру үшiн ұлттық компания айқындаған стратегиялық әрiптестi келiседi;
203) барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тiкелей келiссөздер негiзiнде кең таралғандардан және көмiрсутегі шикiзатынан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн айқындайды;
204) кең таралған пайдалы қазбалар және көмiрсутегi шикiзаты бойынша келiсiмшарттарды қоспағанда, конкурстың жеңiмпазы не онымен келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға әзiрлеген, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасын келiседi;
205) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген сервитуттарды тiркеудi жүзеге асырады;
206) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшықтар бөлiгiнде тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат бередi;
207) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтедi;
208) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтедi;
209) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлейдi;
210) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлейдi;
211) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлейдi;
212) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлейдi;
213) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлейдi;
214) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейдi;
215) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
216) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлейдi;
217) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлейдi;
218) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысандарын әзiрлейдi;
219) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
220) «Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi» деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлейдi;
221) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлейдi;
222) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен үйлестіру тәртiбiн әзiрлейдi;
223) тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қабаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлейдi;
224) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
225) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiтедi;
226) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең төменгi жергiлiктi қамтуды есептеу тәртiбiн әзiрлейдi;
227) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелерiн орындау туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi;
228) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi;
229) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді;
230) республикалық индустрияландыру картасын әзiрлейдi;
231) жобаларды республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
232) тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат ұсынады;
233) жер қойнауын пайдалану операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң және оларды өндiрушiлер бойынша тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi, сондай-ақ осы тiзiлiмге енгiзу үшiн оларды бағалау өлшемдерiн әзiрлейдi;
234) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
235) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
236) кен орындары қорларын жiктеу тәртiбiн айқындайды;
237) Қазақстан Республикасында туристiк саланы дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi;
238) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
239) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын бекiтедi;
240) туристiк қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекiтедi;
241) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiн және туристiк бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
242) Туризм жөнiндегi кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады;
243) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады;
244) акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты мемлекеттік акциялар пакеттері (қатысу үлесі) иеленуге және пайдалануға берілген, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын заңнамалық белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
245) акционерлік қоғамдардың акцияларының пакеттерін заңда белгіленген тәртіпте сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
246) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
247) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асырады;
248) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
249) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
250) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді;
251) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;
252) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің қызметiнiң бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында iшкi бақылауды жүзеге асырады;
253) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
254) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
255) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 661 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi ведомстволарының функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты мемлекеттік акциялар пакеттері (қатысу үлесі) иеленуге және пайдалануға берілген, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асырады;
6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
7) республикалық заңды тұлғалар мүлкiнiң сақталуын және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
8) тиiстi саладағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
9) кепiлдік мiндеттемелерді (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаттарын) бередi;
10) өнiмдер транзитiне рұқсаттар бередi;
11) өтiнiм берушiге және мүдделi мемлекеттiк органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнiмдерге жатқызу туралы қорытындылар бередi;
12) өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар бередi;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжатты бередi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды бередi;
15) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды бередi;
16) кепiлдік мiндеттемеге (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнiмнiң керi экспортына рұқсаттар бередi;
17) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетiлген тiзбелердiң қолданысына түспейтiн өнiмдермен, зияткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға белгiленген тәртiппен лицензия бередi;
18) белгiленген құзырет шегiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнiмдердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және қайта өңделуiн бақылауды жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, экспорттық бақылау жүйесiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдерiн тиеу алдындағы кезеңде және түпкiлiктi пайдалануда қажет болғанда тексерулердi жүзеге асырады;
20) «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингiн және оларды сатуға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлеудi жүзеге асырады;
21) өз құзыретi шегiнде «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
22) «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды өндiруді, сатуды және нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
23) химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу және химиялық өнiмдi техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестердi құрады;
24) «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтiн химиялық өнiмдi айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингiн жүргiзедi және оларды сатуға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
25) химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық құжаттаманы келiседi;
26) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнiмдердi тiркейдi және оның есебiн жүргiзедi;
27) өз құзыретi шегiнде «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) химиялық өнiмдердiң өтiнiш берушiнiң (өндiрушiнiң, жеткiзушiнiң, импорттаушының) ұсынған ақпаратының негiзiнде адамның денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған орта үшiн қатерiн бағалауды тексередi;
29) «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн химиялық өнiмдердiң өмiршеңдiгiнiң бiр немесе бiрнеше процестерiн тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
30) офсеттiк саясатты iске асыруға әдiстемелiк басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
31) құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң арнайы есебiн жүргiзедi;
32) қайта өңдеу үшiн Кеден одағына әкелу және оларды Кеден одағынан әкету кезiнде құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
33) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын қайта өңдеудiң экономикалық орынсыздығы немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытындыны бередi;
34) Кеден одағына кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензияның негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн бередi;
35) Кеден одағына кiрмейтiн елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты лицензияның негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкету кезiнде мемлекеттiк бақылау және құнын бағалау актiсiн бередi;
36) Қазақстан Республикасында шикiзат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсiптiк алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкiндiгi (мүмкiн еместегi) туралы қорытынды бередi;
37) өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлерін, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
38) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында:
Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;
«Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген объектiлерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиiмдiлiгi жөнiндегi талаптардың орындалуына;
дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтерi мен электр желiлерiндегi қуат коэффициентiнiң нормативтiк мәндерiн сақтауына;
энергия аудитiнiң және энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасының жүргiзiлуiне, энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ энергия менеджментi жүйесiн құру, енгiзу және ұйымдастыру жөнiндегi оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;
«Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген өзге де талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
39) энергия өндіруші ұйымдардың заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға ұсыну бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
40) энергия өндіруші ұйымдардың өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын уәкілетті органға беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
41) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
42) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
43) энергия өндіруші ұйымдардың жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын өткізу бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
44) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
45) объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайларының жұмыс iстеуге әзірлігін бағалау жөнiндегi электр энергетикасы кәсiпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;
46) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйiн мерзiмдiк тексерудi жүзеге асырады;
47) тұтынушылардың белгiленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желiлерiне қосылуына рұқсат бередi;
48) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
49) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеудi, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексерудi жүзеге асырады;
50) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
51) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдығын, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
52) энергия үнемдеудiң бағдарламасын, нормативтiк-әдiстемелiк актiлерiн, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеудi ұйымдастырады;
53) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерiн пайдалану объектiлерiн электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желiлерiне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
54) Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiн бiрнеше бөлiкке бөлiнуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, iрi энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жұмысындағы iрi технологиялық бұзылуларды тексерудiң есебiн жүргiзедi;
55) электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектiлерiнiң басшыларына белгiленген үлгiдегi ұйғарымдар береді немесе акті жасайды;
56) мыналарға:
электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуына;
электр және жылу энергиясын өндiру, тарату, тұтыну режимдерiнiң ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оңтайландырылуына;
электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігіне мемлекеттiк энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;