Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 277 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Степногор қаласындағы «Прогресс» ғылыми-өндiрiстiк бірлестiгiнiң техника паркi ашық акционерлік қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. «Фармацевтикалық биотехнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Фармацевтикалық биотехнология институты» ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - 1-Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. «Ақмола мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны медициналық-биологиялық факультетiнiң базасында жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Биотехнология жөніндегі білім беру орталығы» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - 2-Қоғам) құрылсын.
4. Жарғылық капиталына мемлекеттiң кемiнде 51% мөлшерiнде қатысуымен «Прогресс» ғылыми-өндiрiстiк бірлестiгiнiң техника паркi» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - 3-Қоғам) құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1-Қоғам, 2-Қоғам және 3-Қоғам жарлықтарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) 3-Қоғам жарғылық капиталын:
1-Қоғам, 2-Қоғам және «Биомедпрепарат» ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн беру;
осы қаулыға қосымшада көрсетiлген ұйымдардың тиiстi үлестерiн беру мақсатында қажеттi iс-шараларды жүргiзу жолымен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Бағдарламаны iске асыруға Ғылым қоры қаражатынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесiнiң 2003 жылы 150 000 000 (бip жүз елу миллион) теңге бөлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы № 277 қаулысымен
бекітілген
Степногор қаласындағы «Прогресс» ғылыми-өндірістік
бірлестігінің техника паркі» ашық акционерлік қоғамында
биотехнологиялық өндірісті қалыптастырудың және дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана, 2003 ж.
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы - Степногор қаласындағы «Прогресс»
ғылыми-өндiрiстiк бірлестiгiнiң техника паркi»
ашық акционерлік қоғамында биотехнологиялық
өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Негiзгi әзiрлеушi - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі
Әзiрлеу үшін - «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан негiздеме Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы,
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы
10 мамырдағы № 617 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының инновациялық даму
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871
қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға
арналған «Қазақстан Республикасында
биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-
техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру»
республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама,
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы
12 шiлдедегi № 1059 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының ғылыми және
ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
Iске асыру - 2003 - 2005 жылдар мерзiмдерi Бағдарламаның - Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және мақсаты өнеркәсiп үшiн биотехнологиялық өнiм
(антибиотиктер, амин қышқылдары, ферменттер,
клейковина, этанол, инсектицидтер) шығаруды
ұйымдастыру
Қаржыландыру - республикалық бюджет көздерi Күтiлетiн - ғылыми дәлелденген жаңа параметрлер және нәтижелер жасалған экологиялық таза әрi импорт алмастыру
технологияларды бейiмдеу негiзiнде медициналық
және ветеринарлық дәрiлiк препараттардың,
жемшөп және азық қоспаларының, өсiмдiктер мен
жануарларды қорғаудың микробиологиялық
құралдары өндiрiсi, соның iшiнде: медицина
үшiн имозимаза мен эритромициндi, ветеринарлық
мақсатта тилозин мен монензиндi өндiру;
тазартылған фермент - глюкаваморин мен
амилосубтилин өндiрiсi; микробты
жәндiкжойылғыштар - лепидоцид, битоксибациллин,
бактоларвицид өндipici; икемдi үлгi бойынша
витамин қоспалары, премикстер, жемшөп
концентраттары және белок-витамин-минерал
қоспалары кiретiн жемшөп қоспалары өндiрiсi.
Микробиологиялық препараттарды, этанолды
ферменттеу кезiнде құнарлы орталардың
көмiрсутегi бөлiгi ретiнде қолданылатын құрғақ
тауар клейковинаны, 39 % крахмалдық сұйықты,
14 % крахмалдық қоспаны ала отырып астықты
кешендi қайта өңдеу. Отандық субстанциялары
негiзiнде медицинаға деген фитопрепараттарды
және басқа да дәрiлiк заттарды таблетка
түрiнде шығару.
2. Кіріспе
Биотехнология биологиялық және техникалық ғылымдар, генетикалық және клеткалық инженерия саласындағы қазiргi заманғы жетiстiктердiң негiзiнде белгiлi бір мақсатта жасалған тiрi жүйелердiң (алдымен микроорганизмдердiң) әлеуеттi мүмкiндiктерiн өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу негiзiнде адамдардың тұрмыс деңгейiн арттыруға алдағы перспективаға әрi стратегиялық жоспарға да барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының бірi болып табылады.
БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша биотехнология XXI ғасырда адамзаттың барлық қызмет саласында, бірiншi кезекте, азық-түлiк, медициналық препараттарды алуда, ауыл шаруашылығында, экологияда, энергетикада дамуын айқындап отырады.
Қазақстанда халықты медициналық, ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк мақсаттағы биопрепараттармен қамтамасыз етуде жеткiлiктi түрде күрделi ахуал қалыптасты. Бұрын Республикада халық шаруашылығының дәрiлiк препараттарда, биологиялық активтi заттарда, өсiмдiктердi қорғау құралдарында, тағам және жемшөп қоспаларында қажеттiлiгiн бұрынғы KCPO микробиология өнеркәсiбi қамтамасыз еткен.
90-жылдар iшiнде ТМД елдерi экономикасын реформалау жағдайында микробиологиялық өнiмдердi өндiруге және биотехнология ғылымын дамытуға бөлiнетiн шығындар күрт қысқарды. Сонымен қатар ТМД елдерiнде, оның iшiнде Қазақстанда да, КСРО-да биотехнологияның қарқынды дамуы кезiнде құрылған едәуiр ғылыми және технологиялық әлеует осы уақытқа дейiн жинақталған және сақталған. Өндiрiстiк кешен, технологиялық желiлер, жоғары біліктi инженерлiк-техникалық персонал бұрынғы «Прогресс» ӨБ-де сақталған.
Бұрынғы «Прогресс» ӨБ-нiң ғылыми-өндiрiстiк базасын жедел және тиiмдi дамыту үшiн Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi, таза экологиялық, жоғары тиiмдi және энергия үнемдейтiн технологиялардың, тағам мен жемшөп қоспаларының, ветеринариялық және медициналық препараттардың, өсiмдiктердi қорғау мен дезинсектанттардың микробиологиялық заттарының биотехнологиялық өндiрiсiн құруға бағытталған ТМД елдерiнiң «Биотехнологияның дамуы» мемлекетаралық инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламасына қатысуы қажет.
Осы Бағдарлама бұрынғы жылдардың ғылыми-техникалық әзiрлемелерi негiзiнде жасалды және бұрынғы «Прогресс» ӨБ және «Биомедпрепарат» ААҚ базасында биотехнологиялық өндiрiстi дамытуға бағытталған. Оны әзiрлеудiң негiздемелерi мыналар болып табылады:
«Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы;
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 маусымдағы № 871 қаулысымен бекітілген 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру» республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1059 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Дүние жүзiнiң барлық алдыңғы қатарлы елдерiнде мемлекеттік және жеке капитал қаржыландыратын биотехнология жөніндегі ұлттық және халықаралық бағдарламалар дайындалған және жұмыс iстейдi. Қазiргi уақытта биотехнологиялық өнiмнiң әлемдiк рыногы жылына 150 млрд. долларға бағаланып отыр, соның iшiнде ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсiбi үшiн 45 млрд. АҚШ долларына жуық, фармацевтика өнеркәсiбi - 26,8 млрд. АҚШ доллары, химия және басқа салалар - 21,7 млрд. АҚШ доллары.
Ресми деректерге сәйкес 1998 жылғы Қазақстан халқы дәрiлiк препараттарды, соның iшiнде антибиотиктердi 300 млн. АҚШ долларынан артық сомаға сатып алды. Қазақстанда өндiрiлген дәрiлiк заттарды сату көлемi 1999 жылы фармацевтика нарығының нақты көлемiнiң 4%-ын, 2001 жылы - 6%-ын құрады. Қолданылу күшi кең әрi ұзақ мерзiмдi химиялық препараттарды жасау қазiргi кезде көкейкестi болып тұрғанымен, республикада денсаулық сақтау саласы үшiн антибиотиктер өндiрiсi жолға қойылмаған.
Сонымен бірге антибиотиктер мен жемшөп қоспалары технологиясын және өндiрiсiн жасау ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласына да маңызды болып табылмақ. Мал шаруашылығын дамыту Республикада агроөнеркәсiптiк кешеннiң стратегиялык, бағыты болып қала бермек.
Қазақстан Республикасында өзiнiң iшкi рыногының қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн тамақ өнеркәсiбiнiң спирт және нан пiсiру саласында қолданылатын ферменттердiң iрi көлемдi өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қуаттар мен технологиялар бар.
Ферменттер өндiрiсiнiң қазiргi қуаты Қазақстанның барлық спирт зауыттарының қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi көлемде препараттарды шығаруға (15 млн. декалитрге жуық), жартылай ТМД елдерiне ферменттi препараттарды экспорттауға (5 млн. декалитр) мүмкiндiк бередi.
Көптеген елдерде жанармай материалдардың октан санын ұлғайту үшiн экологиялық зиянды тетраэтил қорғасынның орнына этанол пайдаланады. Сондықтан биотехнология өнiмi үшiн өзiндiк құн бағасының төмендiгiнде жоғары тазартылған этил спирттiң (99,6%) өндiрiсi экологиялық жағдайын сақтауына маңызды әсер етедi.
Тазартылған қою амилолитикалық препараттар, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiнде нан және ұн өнiмдерiн өндiруде, соның iшiнде диабетке қарсы биоқоспалар ретiнде пайдаланылады. Бұдан басқа, қою амилолитикалық ферменттердi шығару кезiнде жемшөп белогы осы өндiрiстiң қосымша өнiмi болып табылады, оның құрамында ауыл шаруашылығы жануарларына тапшылық ететiн, жемшөп белогымен байыту үшiн алмастырылмайтын белокты-аминқышқылды кешен қоспасы бар аса құнды өнiм екенi белгiлi.
Өсiмдiктердi биотехнология әдiстерiн пайдалана отырып, зиянды жәндiктерден қорғау арнайы микроорганизмдер дақылдарын қолданудың зиянсыздығына және экологиялық қауiпсiздiгiне негiзделген өзектi мiндет болып табылады. Өсiмдiктердi қорғаудың бактериалдық заттарын шығару Қазақстанның қажеттiгiн қамтамасыз етедi, өсiмдiктердi қорғаудың химиялық заттарының импортын қысқартады.
Соңғы 40 жыл iшiнде химиялық инсектицидтер аса қауiптi инфекцияларды таратушыларға қарсы күрес жүргiзуде жиi қолданылатын заттар болып табылады. Алайда, химиялық инсектицидтердi ұзақ қолдану, осы препараттардың жоғары төзiмдiлiгi, олардың су экожүйелерiне сiңуi қоршаған ортаның ластануына әкеп соқты. Масаларды экологиялық қауiпсiз және сонымен бірге бактериялар негiзiнде жасалған жоғары тиiмдi биопрепараттармен жою тым өзектi әрi перспективалы болып қалмақ. Жасалатын препараттардың құралдар мен заттардың параметрлерi мен көрсеткiштерiн ғылыми негiздеу, ғылыми әзiрлемелердi өндiрiстiң нақты жағдайындағы технологияларға бейiмдеу, биотехнологиялық өнiм өндiрiсiн техника-технологиялық қамтамасыз ету осы саладағы бірiншi кезектегi өзектi мәселе болып табылады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Биотехнологиялық өнiм өндiрiсiн бұрынғы «Прогресс» ӨБ-нiң өнеркәсiп аумақтары негiзiнде дамыту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсiбi үшiн отандық шикiзат ресурстарын қолдана отырып, бәсекеге қабiлеттi өнiм шығару.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі мiндеттер астықты кешендi қайта өндiрудi крахмал, клейковина, этанол алуды; жемшөп қоспалары, тазартылған ферменттер, антибиотиктер негiзi, кристалдық лизин, В2 витаминi, пестицидтер (микробиологиялық және химиялық); фармацевтика өнiмi өндiрiсiн ұйымдастыруды қамтиды.
Сонымен қатар этил спиртi өндiрiсiнiң процесiн оңтайландыру және биологиялық инсектицидтер шығаруды қайта қалпына келтiру мақсатында кәсіпорынды қайта құруды жүргізу жоспарланып отыр.
Бағдарламада алаңдағы корпустарды біртiндеп қайта құру әрi жаңғырту, биотехнологиялық өнiмдi тазалаудың және бөлудiң қосымша цехтарын салу көзделген.
Бағдарламаның негiзiн құрайтындар етiп мынадай негiзгi мiндеттер айқындалған:
жұмыс iстеп тұрған корпустарды жаңғырту, энергокешендi қалпына келтiру, көлiк шаруашылығын дамыту;
өсiмдiктердi қорғаудың микробиологиялық құралдар өндiрiсiн ұйымдастыру; фармацевтикалық өнiм өндiрiсiн ұйымдастыру; пестицидтер өндiрiсiн ұйымдастыру; жемшөп қоспалары, клейковина, крахмал өндiрiсiн ұйымдастыру; этил спиртi процесiн және тазартылған ферменттер препараттары өндiрiсiн оңтайландыру.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламаны iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Антибиотиктер негiзiне жататын, денсаулық сақтау мен ветеринарияда қажеттi эритромицин, тилозин және монензин өндiрiсiн ұйымдастыру. Мұндай өзектiлiк өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен өзiндiк құнының мейiлiнше төмендiгiне қарай Қазақстандағы және одан тысқары жерлердегi сұранысқа байланысты.
Тазартылған ферменттердi: глюкаваморин Г18, амилосубтилин Г18 өндiру. Глюкаваморин және амилосубтилин препараттары спирт өнеркәсiбiнде құрамында крахмал бар субстраттарды қанттандыру үшiн кешендi қолданылады. Спирт өндiрiсiнде ферменттiк препараттарын қолданудың негiзгi мақсаты - тапшылық ететiн уыт дәнiнен бас тарту, суслоны ашыту процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету және соңында спирттiң өзiндiк құнын төмендету.
Астықты құрғақ клейковина, 39% крахмал сұйықтығын, 14% крахмал қоспасын, жармаларын ала отырып, оны кешендi (терең) қайта өндiру Альфа-Лаваль фирмасының қазiргi заманғы технологиясын қолдануға негiзделген. Бұл технология жоғарыда көрсетiлген өнiмдi шығара отырып, өтiмсiз, сұранысы жоқ астықты да қайта өндiруге мүмкiндiк бередi. Маркетингтiк зерттеулер нәтижелерi тамақ және микробиология өнеркәсiбiнде, биотехнологияда кең қолданылатын клейковина мен крахмалдың ТМД елдерiнде ғана емес, Еуропа рыногындағы тапшылығын көрсетiп отыр. Жоғары тазартылған этил спиртiнiң өнеркәсiптiк өндiрiсi қажеттi, экономика жағынан тиiмдi және экологиялық қауiпсiз өнiм болып табылады.
Бактоларвицидтi алудың технологиялық процесiн оңтайландыру және оның өнеркәсiптiк өндiрiсiн ұйымдастыру осы инсектицидтiң зиянкестерге, ауру тарататын жәндiктерге қарсы күрес үшiн қажеттiгiне байланысты. Сондай-ақ штамдық қамтамасыз етiлуi бар (жоғары биологиялық белсендi микроорганизмдердiң - инсектицидтер продуценттердiң болуы) өсiмдiктердi қорғаудың микробиологиялық заттары - лепидоцид, битоксибациллин ауыл шаруашылығында және өсiмдiк шаруашылығында қажеттiлiгi соншама жоғары.
Этил спирті өндiрiсiнiң ашыту процесiн тиiмдi етiп және сұйылтқыштарды өндіру жөніндегі учаскені ұйымдастыра отырып, қайта құрылуын жүргізу.
Медициналық мақсаттағы имозимаза препаратын өндiру. Имозимаза iрiндеп қабыну процестерiн және жара бетiн емдеу кезiнде кең қолданылатын жоғары тазартылған протеолитикалық фермент болып табылады.
Фитопрепараттарды және басқа да дәрiлiк заттарды отандық субстанциялар негiзiнде денсаулық сақтау саласы үшiн таблетка түрiнде шығару. Арглабин, саллсоколин және ауруларға өте қажет басқа да ерекше препараттарды таблетка түрiнде шығару тұтынушылар үшiн неғұрлым қол жетiмдi болады.
Осы бағдарламаны iске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметінiң 2001 жылғы 10 мамырдағы № 617 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны орындау барысында алынған биотехнологиялық өнiмдi сатуды қамтамасыз ету үшiн салалық министрлiктер қажеттiгi шеңберiнде Ведомствоаралық үйлестiру кеңесi құрылады.
Осы Кеңестiң жұмыс тобы Yйлестiру кеңесiнде қарау үшiн медицина және агроөнеркәсiптiк кешенi үшiн биотехнология мен химия саласындағы Қазақстан Республикасы үшiн қажеттi өнiм тiзбесiн, мемлекеттік тапсырыс көлемiн дайындайды. Бағдарлама шеңберiнде жасалған және сатылған препараттарға сатып алу бағасын айқындайды.
Жұмыс тобы үйлестiру кеңесiне жұмыстардың басталуы немесе жалғасуы туралы, жобаларды қаржыландыру нұсқалары туралы, жобаларға өзгерістер енгізу немесе оларды тоқтату туралы ұсыныстар береді. Жұмыс тобының ұсынысы бойынша Бағдарлама жаңа бағыттармен немесе жобалармен толықтырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
Бағдарлама тапсырмаларын орындауды үйлестiрудi және ағымдағы бақылауды;
Бағдарламаны орындауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруға жобаларды iрiктеу жөніндегі конкурсты ұйымдастыруды және өткізудi;
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасуды;
Бағдарлама бойынша аралық және қорытынды есептердi дайындауды; жұмыс тобының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар 2003-2005 жылдар кезеңiне барлығы 600,0 млн.теңге, 2003 жылы - 150,0 млн.теңге, 2004 жылы - 200,0 млн.теңге, 2005 жылы - 250 млн.теңге құрайды.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаның негiзгi бағыттары бойынша күтiлетiн нәтижелер кестеде келтiрiлген.
───┬──────────────────────────┬────────────────────────────────────
Р/с│ Негiзгi тапсырмалар │ Күтілетін нәтижелер
N │ │
───┴──────────────────────────┴────────────────────────────────────
1 Антибиотиктер негізі: Антибиотиктер өндiрiсi:
эритромицин, тилозин, денсаулық сақтау үшiн эритромицин,
монензин өндірісін ветеринария үшін авермектин,
ұйымдастыру тилозин мен монензин
2 Тазартылған ферменттер: Ультрасүзу арқылы ферменттердi
глюкаваморин және одан әрi тазарта және қоюлата
амилосубтилин өндiрiсi отырып, дақылдық сұйықты
микробтiк синтез жолымен жасау;
қосымша-жемшөп белогын алу