Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» клиникалық санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қарашадағы № 1451 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
«Алматы» санаторийiн тиiмдi пайдалану, оның қаржы-шаруашылық қызметiн дамыту және менеджментiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» клиникалық санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Алматы» санаторийi» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекіту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi санаторийлiк-курорттық және өзге де емдеу мен демалысты ұйымдастыру болып анықталсын;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) негiзгi шарты инвестициялар тарту деп анықтай отырып, Қоғам жарғылық капиталының 60 пайыз мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттік пакетiнiң бiр бөлiгiн инвестициялау жағдайында ашық коммерциялық тендерде сатуды жүзеге асырсын;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының оған Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иемдену және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 15 қарашадағы № 1451 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы «Алматы» санаторийi», Алматы облысы, Қарғалы поселкесi» деген жолы алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Алматы» санаторийi» ААҚ.
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акциялар мен үлестердiң мемлекеттік пакеттерi республикалық меншiкке жататын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-58-жолмен толықтырылсын:
«123-58. «Алматы» санаторийi» ААҚ.
4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-3-жолмен толықтырылсын:
«238-4. «Алматы» санаторийі» ААҚ.