Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1043 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, оны «Абай атындағы Алматы университеті» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.09.03 ж. № 979 қаулысымен 4)-тармақша алып тасталды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні:
экономика және әлеуметтік ғылымдар саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
экономика және әлеуметтік ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу деп белгілесін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшеріндегі акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін сатуды жүзеге асырсын;
5) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
6) осы қаулысы іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 9 тамыздағы № 1043 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөліміндегі реттік нөмірі 470-101-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-52-жолмен толықтырылсын:
«123-52. «Абай атындағы Алматы университеті» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-16-жолмен толықтырылсын:
«222-16. «Абай атындағы Алматы университеті» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)