Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінiң «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 маусымдағы № 833 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысы мен «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні:
көлік және коммуникациялар саласында және экономиканың басқа да салаларында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау;
көлік және коммуникациялар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық және жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
көлік, технологиялық, коммуникациялық және басқа да техникалық құралдардың жаңа үлгілерін жасау және сынау деп белгілесін;
2) Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекiтілген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргiзсiн;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 18 маусымдағы
№ 833 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі» деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 470-114-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-45-жолмен толықтырылсын:
«123-45. «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-10-жолмен толықтырылсын:
«222-10. «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)