Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Органикалық синтез және көмір химиясы институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 470 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
«2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысын орындау үшiн және «Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Органикалық синтез және көмiр химиясы институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен «Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмiр химиясы институты» жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Қоғам жарғысын бекіту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәнi:
органикалық синтез және көмiр химиясы саласында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
жаңа материалдар мен органикалық синтез және көмiр химиясы әдiстерiн әзiрлеу;
шикiзат ресурстарын қайта өңдеудiң экологиялық қолайлы өндiрiстерiнiң ғылыми негiздерiн жасау;
консультациялық қызмет көрсету деп айқындалсын;
2) Қоғамды мемлекеттік тiркеуден кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан кем емес сомаға акциялардың кейiнгi эмиссияларын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың кейiнгi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiне сәйкес жүргiзсiн;
3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттік пакетiнің бiр бөлiгiн жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;
4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне берсiн;
5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 7 сәуірдегі № 470 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі» бөлiміндегі реттiк нөмiрi 470-82-жол алынып тасталсын.
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесіндегі:
«Қарағанды облысы» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-6-жолмен толықтырылсын:
«214-6. «Органикалық синтез және көмiр химиясы институты» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесіндегі:
«Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-4-жолмен толықтырылсын:
«222-4. «Органикалық синтез және көмiр химиясы институты» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)