«Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 285 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. «Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінiң «Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын:
«517-8. «Нұркен Әбдiров атындағы
спорт комбинаты» республикалық
мемлекеттік кәсiпорны»
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Қарағанды қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 426-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын;
3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі