"Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының
жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2001 жылғы 27 ақпан N 285
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Н. Әбдiров атындағы спорт комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттігінiң "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi уәкiлетті орган, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 517-8-жолмен толықтырылсын:
"517-8. "Нұркен Әбдiров атындағы
спорт комбинаты" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны"
(шаруашылық жүргiзу құқығында) Қарағанды қаласы";
2) "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын мекемелердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі