Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта
атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001
жылғы 31 қаңтар N 163
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Солтүстік Қазақстан университеті "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде:
реттік нөмірлері 470-99, 470-102, 470-103, 470-105, 470-128, 470-133-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"470-99 "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университеті" қазыналық Ақтөбе
кәсіпорны қаласы;
470-102 "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты" Арқалық
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-103 "Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті" Атырау
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-105 "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық Өскемен
университеті" қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-128 "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті" қазыналық Көкшетау
кәсіпорны қаласы;
470-133 "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті" қазыналық кәсіпорны Петропавл
қаласы";
2)і"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 170, 174, 175, 177, 201, 207-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"170. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;
174. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты;
175. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
177. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
201. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
207. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі