Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 24 сәуірдегі № 632 Қаулысы
(2002.19.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 918 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Үкіметтің мына шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шілдедегі № 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
2-тармақтағы «және Ақмола мен Алматы қалаларындағы» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың екінші абзацындағы «10 миллион теңге және одан жоғары» деген сөздерден кейін «ал Ақмола және Алматы облыстары мен Астана және Алматы қалаларында сметалық (есепті) құнына қарамастан» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитеті» бөлімінің атауындағы «Тұрғын үй және құрылыс саясаты» деген сөздер «Құрылыс істері» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 48-жолдың 3-бағанындағы «Ақмола қаласы» деген сөздер «Астана қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 24 сәуірдегі
№ 632 қаулысына
қосымша
«Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылатын еншілес
мемлекеттік кәсіпорындарының
Тізбесі
1. Ақмола «Жобалардың мемлекеттік сараптамасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
2. Алматы қалалық «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (Мемсараптама).
3. «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алматыоблсараптама» Алматы облыстық жобалардың сараптамасы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.