«Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 Қаулысы
(2005.05.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражаттың есебінен Мекемені қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің жарғысын бекітсін;
2) Мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» бөліміндегі реттік нөмірі 109-6-жол алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 2005.05.03. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |