Жол саласын реформалау мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 12 ақпандағы № 227 Қаулысы
(2000.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде (2-қосымшаға сәйкес) олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен мемлекеттік мекемелер құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен алынып тасталды
3. «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау болып белгiленсiн.
6. Кәсіпорын «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының борыштары бойынша құқықтық мұрагер болып белгіленсін.
7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» бөліміндегі реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«71. «Қазақавтожол» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы»;
2) «2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына:
аталған қаулыға 1 қосымшада:
ІҮ «Шығыстар» деген бөлімдегі 12 «Көлік және байланыс» функционалдық тобының «Автомобиль көлігі» ішкі функциясының 215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» мемлекеттік мекемесінде:
34 «Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану» бағдарламасының 12 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «5263895» деген сан «4912814» деген санмен ауыстырылсын;
34 «Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану» бағдарламасының 12 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 30 және 31 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«30 Автомобиль жолдары республикалық мемлекеттік мекемесі 327031
31 «Инжиниринг» автомобиль жолдарының ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесі 24050»;
36 «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту» бағдарламасының 30 «Павлодар-Қарағанды жолының айналмалы учаскесін салу», 31 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу» кіші бағдарламаларындағы «320000» және «1433809» сандар «658509» және «1000000» деген сандармен ауыстырылсын;
36 «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту» бағдарламасының 31 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу» кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 32 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«32. Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпірдің құрылысын салу 95300»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
12 «Көлік және байланыс» функционалдық топтағы «5424058», «1750000», «1950000», «1724058» деген сандар тиісінше «5072977», «1650000», «1800000», «1622977» деген сандармен ауыстырылсын;
«215. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» мекемесінде:
мемлекеттік тілдегі мәтіні дұрыс;
«5263895» деген сан «4912814» деген санмен ауыстырылсын;
34 «Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану» бағдарламасы бойынша «5263895» деген сан «4912814» деген санмен ауыстырылсын;
12 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «5263895», «1750000», «1950000», «156895» деген сандар тиісінше «4912814», «1650000», «180000», «1462814» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
12 «Көлік және байланыс» функционалдық тобының 1 «Автомобиль көлігі» ішкі функциясының 215 «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» мемлекеттік мекемесінде:
34 «Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану» бағдарламасының 12 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 30 және 31 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«30 Автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесі - Ұстау;
31 «Инжиниринг» автомобиль жолдарының ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесі - Ұстау»;
36 «Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту» бағдарламасының 31 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу» кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 32 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«32. Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпірдің құрылысын салу - Мемлекеттік тапсырыс».
9. «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 1266 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 47, 421-құжат) күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 12 ақпандағы
№ 227 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.00 ж. № 1527 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік
мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының
Тізбесі
N | Атауы | Орналасқан жері |
1 | Ақмола автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Көкшетау қаласы |
2 | Ақтөбе автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Ақтөбе қаласы |
3 | Алматы автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Алматы қаласы |
4 | Атырау автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Атырау қаласы |
5 | Шығыс Қазақстан автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Өскемен қаласы |
6 | Жамбыл автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Тараз қаласы |
7 | Батыс Қазақстан автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Орал қаласы |
8 | Қарағанды автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Қарағанды қаласы |
9 | Қызылорда автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Қызылорда қаласы |
10 | Қостанай автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Қостанай қаласы |
11 | Маңғыстау автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Ақтау қаласы |
12 | Павлодар автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Павлодар қаласы |
13 | Солтүстік Қазақстан автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Петропавл қаласы |
14 | Оңтүстік Қазақстан автомобиль жолдарының облыстық басқармасы | Шымкент қаласы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 12 ақпандағы
№ 227 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны филиалдарының
Тізбесі
N р/с | Филиалдардың атауы | Орналасқан жері |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 | | Астана қаласы Ақтөбе қаласы Алматы қаласы Атырау қаласы Өскемен қаласы Тараз қаласы Орал қаласы Қарағанды қаласы Қызылорда қаласы Қостанай қаласы Ақтау қаласы Павлодар қаласы Петропавл қаласы Шымкент қаласы Алматы қаласы |