Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 198 Қаулысы
(2002.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына сәйкес және орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.11.02 ж. № 1239 қаулысымен 1-тармақтын күші жойылды
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті туралы ереже;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
4. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары:
1) мүлкін бөлу және 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерін (бұдан әрі - Мекемелер) құру жолымен;
2) 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына (бұдан әрі - Кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиті мен республикалық бюджетте көзделген қаржының шегінде мекемелердің штат саны;
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы ормандарды өртке қарсы орналастыру, орманның зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды үдете өсіру және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру, ормандағы өрттерді сөндіруге қатысу жөніндегі жұмыстарды орындау болып белгіленсін.
5. Мемлекеттік мекемелер - балық қорын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Зайсан-ертіс және Іле-Балқаш бассейіндік басқармалары Балқаш қаласына орналастыру арқылы мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы Биоресурстарды қорғау жөніндегі Балқаш аймақтық мекемесіне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
6. «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздестіру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
Аталған кәсіпорын қызметінің нысанасы орманды қалпына келтіру іс-шараларын жобалау жөніндегі жұмыстар мен орман қорғанышты орман өсіру, ормандарды өртке қарсы орналастыру, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары объектілерінің инфрақұрылымдарын жобалау, сондай-ақ орман өнімдеріне нормативтік-техникалық құжаттар мен техникалық шарттарды дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау болып белгіленсін.
7. Мыналар:
1) мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық балық қорын қорғау және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі бассейіндік басқармасы Атырау қаласына орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі болып;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақмола орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
8. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-7 тармақтарында көрсетілген заңды тұлғаларды таратуға, қайта құруға және қайта атауға байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті»;
«Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Жезқазған облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Көкшетау облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Семей облысы, Талдықорған облысы, Торғай облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 163-297, 303-305-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 146-162-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«146. «Ақтау орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығындағы) Ақтау қаласы;
147. «Ақтөбе орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
148. «Атырау орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Атырау қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
149. «Арқа орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
150. «Батыс орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Орал қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
151. «Баян орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Павлодар қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
152. «Жасыл аймақ» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
153. «Жетісу орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
154. «Қаратал орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Талдықорған қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
155. «Көкше орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Көкшетау қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
156. «Қостанай орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Қостанай қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
157. «Оңтүстік орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Шымкент қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
158. «Сырбойы орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
159. «Солтүстік орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Петропавл қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
160. «Тараз орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Тараз қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
161. «Шығыс орманы» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Өскемен қаласы;
(шаруашылық жүргізу құқығындағы)
162. «Қазақ мемлекеттік
шаруашылығын жобалау жөніндегі
жобалау-іздестіру институты
(Қазгипроорманшар)»республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығындағы) Алматы қаласы».
2) «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысы:
мынадай мағынадағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 ақпандағы № 198
қаулысымен бекітілген
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.16. № 51 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы геология, экология және табиғи ресурстарының ақпараттық талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
«Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекеме» мемлекеттік мекемесі
«Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесі» мемлекеттік мекемесі.
10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 637 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 22, 218-құжат) күші жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
10 ақпандағы
№ 198 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі құзыретінің шегінде мемлекеттік басқарудың арнайы атқарушылық функциялары мен бақылауды, сондай-ақ орман, балық және аңшылық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттің аумақтық органдары-облыстық орман және биоресурстар басқармалары бар.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
475000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1.
Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. № 793 қаулысымен.
7. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Комитетке өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру жөнінде құқықтар берілген жағдайда, мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) орман, балық және аңшылық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету;
2) орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау және оны жақсарту мақсатында республиканың орманды өңірін молайту;
4) өсімдік, жануарлар дүниесінің, ландшафтардың үлгілік, бірегей және сирек түрлерінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау;
5) ормандардың, балық және аңшылық ресурстарының өнімділігін арттыру;
6) орман, балық және аңшылық ресурстарының қорғалуын, ұдайы өндірілуін және ұтымды пайдаланылуын, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жай-күйлері мен қызметтерін бақылау болып табылады.
11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және жасайды;
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басымдықты бағыттарын жасауға қатысады, инвестицияларды орман, балық және аңшылық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамытуға тартуға және пайдалануға жәрдемдеседі;
3) өз құзыретінің шегінде орман, өзге де өсімдіктер ресурстарын, жануарлар дүниесін пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық және рұқсат беру іс-шараларын, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің сирек және құрып кету қауіпі бар түрлерін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық рәсімдерін жүзеге асырады;
4) өсімдік және жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау, ұдайы өндіру және ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар әзірлейді және жүзеге асырады;
5) ормандарды өрттен, заңсыз кесуден және орман заңдарын басқа да бұзудан қорғау, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, браконерлікке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
6) орман ресурстарын ұдайы өндіру, қорғаныштық орман екпелерін өсіру, құмды, эрозияға ұшыраған жерлер мен жайылымдық алаптарды ормандандыру, сондай-ақ орман тұқымдық және орман питомнигі істерін, орман селекциясын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
7) орман қоры аумағында, өзге де бекітілген аумақтарда балық және аңшылық ресурстарын қорғауды, ұдайы өндіруді және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде аңшылық пен балық аулау және экологиялық туризмді дамытуды, өркениетті аң аулау, балық аулау және демалыс аймақтарын қамтамасыз етеді;
8) ғылыми ұсынымдарды ескере отырып балық аулау және балық өсіру - ұдайы өндіру қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етеді, балықтандыру, балықтың жаңа түрлерін жерсіндіру, мелиорациялық-техникалық және басқа іс-шаралар бойынша жұмыстардың кешенін ұйымдастырады;
9) өзінің қарауындағы мемлекеттік табиғат қорықтарының, мемлекеттік ұлттық табиғат парктерінің, мемлекеттік табиғат заказниктерінің, өзге де ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, олардың желісін дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды;
10) орман- және аңшылық орналастыруды, орман қоры мен жануарлардың аңшылық түрлерінің мемлекеттік есебін, орман мониторингін, мемлекеттік орман кадастрын және жануарлар кадастрын жүргізуді қамтамасыз етеді;
11) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
12. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға, оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) өзіндегі жедел басқару құқығындағы болатын мемлекеттік мүлікті пайдалануды жүзеге асыруға;
5) өз құзыретінің шегінде орман ресурстарын пайдаланудың көлемдерін бекітуге;
6) орман, балық және аңшылық ресурстарын, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын пайдалануға рұқсат беруге және шарттар жасасуға;
7) тиісті мемлекеттік органдарға:
ормандар мен жануарлар дүниесін шаруашылық пайдалану режимін белгілеу;
түп тамырымен босатылатын ағаш үшін төлемдердің ставкалары;
балық және аңшылық ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық беру;
балық және басқа су жануарларын кәсіпшілік аулауға құқық беру;
аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру;
аңшылық қарулар мен оларға оқ-дәрілерді әкелу мен әкетуге рұқсат беру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
8) орман, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы заңдарды бұзушыларды жауапкершілікке тарту жөнінде жұмыстар жүргізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары, оның ішінде біреуі бірінші орынбасар болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлеріне көтермелеу жасайды және жаза қолданады;
3) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
10 ақпандағы
№ 198 қаулысына 2-қосымша
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. № 1792; 2001.04.06. № 454; 2001.07.17. № 970; 2001.09.26. № 1248 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
комитетінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
«Алакөл мемлекеттік табиғат қорығы» мемлекеттік мекемесі