«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 шілдедегі № 1061 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мемавиарегистр) таратылсын.
Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Мемавиарегистрдi таратуды жүргізсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж. № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегі реттiк нөмiрi 60-1-жол алынып тасталсын.
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрi», «Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық- презентация орталығы» мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 67-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесiн» қайта ұйымдастыру туралы»;
1-тармақта:
«мемлекеттік мекемелер» деген сөздер «мемлелеттiк мекеме» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша алынып тасталсын;
2-тармақта:
«кәсіпорындар» деген сөз «кәсіпорын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін:
магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «кәсіпорындардың» деген сөз «кәсіпорынның» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі