Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 20 сәуірдегі № 353 қаулысы
(2002.19.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттік органдарын Ақмола қаласына көшiру жөніндегі мемлекеттік комиссиясын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 3811 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған, өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1520 және 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 наурыздағы № 434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 13, 97-құжат);
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 мамырдағы № 702 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18, 160-құжат);
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 тамыздағы № 1282 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 40, 373-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1998 жылғы 20 сәуірдегі
№ 353 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегі кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 26.01.02 ж. № 126 қаулысымен 1-тармақ алып тасталды
1. алып тасталды
ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 918 қаулысымен 2-тармақ күші жойылды
2. «Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптау жүргiзудiң тәртібі мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 26 шiлдедегi № 830 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-құжат):
атауындағы «мен Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау департаментi туралы Ереженi» деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулының 1-қосымшасында:
2-тармақтың бiрiншi абзацында:
«бұдан былай - Мемсараптау» деген сөздердiң алдынан «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi» деген сөздермен толықтырылсын;
«Алматы» деген сөз «Ақмола, Алматы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1-абзацтағы «Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі мен Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі мен Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы бақылауын жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 30-құжат):
1-тармақтағы «Алматы қаласында» деген сөздер «Ақмола және Алматы қалаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3, 6-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi» деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетi»;
реттiк нөмiрi 48, 49, 50-жолдардағы, 3-бағандағы «Алматы қаласы» деген сөздер «Ақмола қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 50а жол алынып тасталсын.