Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 421-құжат);
2) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1383 қаулысы.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 125 қаулысымен
бекітілген
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабын және «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырманы төлеу - алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
2) айырма төлемін алушы - міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;
3) мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің өз құзыреті шегінде айырма төлемін тағайындауды жүзеге асыратын аумақтық органдары;
4) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
5) жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - Қор) - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті:
Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен күні;
Заңның 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген күні;
Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні;
Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде - Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету ниетін немесе фактісін дәлелдейтін құжатты ресімдеу күні басталады.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтін белгілеу үшін зейнетақы жинақтары туралы және оларды алғандығы туралы ақпарат үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өздері салымшысы болып табылатын Қорға өтініш береді.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарына алғаш рет өтініш берген күнге белгіленеді.
Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын Қорға қайта аударған жағдайда зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді.
Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адам инфляция деңгейін ескере отырып, Қорға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты алу үшін Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді.
Орталықтың құрылымдық бөлімшесі осы адам өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу күніндегі инфляция деңгейін ескере отырып, Қорға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты қалыптастырады.
2. Айырма төлеміне өтініш беру тәртібі
4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға айырма төлемін алу үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
5. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі.
Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде:
азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмесі;
2) алушы өзі өтініш берген кезде:
азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары.
Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.
6. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары береді.
7. Айырма төлемі туралы өтінішті пошта байланысы арқылы берген кезде айырма төлемін алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығы, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жағдайда құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі.
8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адамның атынан оны тағайындау туралы өтініш берген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардан басқа:
1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса) ұсынады.
Сенім білдірілген өкілдің айырма төлемін алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.
3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
9. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде барлық қорларға осы адамның жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді.
10. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электронды форматта ұсынады.
11. Орталық қорлардан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қорлардан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескергенде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.
12. Айырма төлемі сомасының есебін жүзеге асырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс макеті, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
13. Электронды (қағаздағы) іс макеттері, сондай-ақ тиісті шешім жобасы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Егер адам міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескергенде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болса, мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
14. Шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс макеті мен айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
Орталықтың құрылымдық бөлімшесі айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс макетін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге айырма төлемін тағайындаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды және ұсынылған құжаттарды мемлекеттік органның тағайындаудан бас тарту себептері туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
15. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен күнделікті төлеу кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігін қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне Министрлікке ұсынады.
16. Министрлік айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес есепті кезеңге көзделген сома шегінде бюджет қаражатын Орталыққа аударуды жүзеге асырады.
17. Орталық бюджет қаражатын алып, 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының банктік шотына аударады.
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
арналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
1-қосымша
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті
зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер
_______________________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы
Өтінімнің № | Салымшының Т.А.Ә | Салымшының туған күні | СалымшыныңЖСН | Зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған күнгі (күні, айы, жылы) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы | Бірінші рет алу күні | Бірінші рет алу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы | Бірінші рет алудың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
М.О. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
_______________________________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О. Жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
______________________________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
2-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналарының сомалары туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________________________________________________
Туған күні (кк.аа.жжжж)________________________________________________________________________________
ЖСН________________________________________________________________________________________________
Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы | Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының саны | Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы |
| | |
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
ЗТМО бөлімшесінің маманы | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
3-қосымша
Ауданның коды__________________
Қазақстан Республикасы
_________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Өтініш
Азамат _______________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты толық)
Туған күні 19___ ж. «___»______________,_________________________________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
банктегі шотының № ___________ Банк филиалының №___________ Байланыс
бөлімшесінің №__________________
Менің ЖСН_____________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың (паспорттың) деректері:
№_____________________________
Кім берді____________________________________________________ Берілген күні_____________________________
Маған зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
Мен_________________________________________________________________________________________________
жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табыламын.
Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауап беремін.
Орталықтан жинақтаушы зейнетақы қорындағы (қорларындағы) жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметке сұрау салуын өтінемін.
Берілген күні___________________________________ Өтініш берушінің қолы___________________________________
Азамат__________________________________________________________________________________________өтініші
20___ ж. «____» №____________ қабылданды.
Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтың саны | Ескертпе |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
__________________________________________________________________
(қию сызығы)
Азамат__________________________________________________________________ өтініші №___________ тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған күн_________________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:___________________________________________
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
4-қосымша
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы
мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі
Қазақстан Республикасы |
Облыс | |
Қала (аудан) | |
Телефоны | |
Тегі | |
Аты | |
Әкесінің аты | |
Жинақтаушы зейнетақы қоры | |
Жеке зейнетақы шоты | |
Банк филиалы | |
Банктік шоты | |
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы
жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі
мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы
төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау қағидаларына
5-қосымша
Коды_______________
_______________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20 жылғы «____» ______________ №______ шешімі
Іс №____________
Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
Азамат ______________________________________________________________________________________________
Жынысы _______ Туған күні 19___ ж. «____» ___________________
Өтініш берген күні 20___ ж. «____»___________ №_______________
1. Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы _______________________ теңгені құрайды.
________________________________________________________________________________________________ теңге.
(сомасы жазбаша)
2. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы
_______________________________________________________________________________________ теңгені құрайды.
_________________________________________________________________________________________________ теңге.
(сомасы жазбаша)
3. «Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы
______________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.
(сомасы жазбаша)
4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын
______________________________________________________________________________________________________
(негіздеме)
М.О. Департамент директоры | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
Басқарма (бөлім) бастығы | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
Тағайындау жөніндегі маман | ___________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
_____________________________________________________________________
Шешім жобасы дайындалды:
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |
ЗТМО бөлімшесінің маманы | ______________________________ | _____________________ |
| (Т.А.Ә.) | (қолы) |