«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 91 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен, оны «Қазақэнергиясараптама» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 91 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«Алматы қаласы» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-62-жолмен толықтырылсын:
«123-62 «Қазақэнергиясараптама» ЖАҚ».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымша:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 262-жолмен толықтырылсын:
«Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетіне 262 «Қазақэнергиясараптама» ЖАҚ».
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 791 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)