Алпыс алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында бөлгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында алпыс жетінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Нарынқол өзені су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.7 км және Қытай аумағындағы 2723 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2623) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.0 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Нарынқол өзенінің ағысымен жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында оның бастауына дейін созылып, содан соң мұздық қолатпен алпыс сегізінші шекара нүктесіне дейін өрлейді. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 4281 белгісі бар биік) жотаның қырқасында Қазақстан аумағындағы 4227.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4245) шығысқа қарай шамамен 7.0 км және Қытай аумағындағы 4225 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4237) батысқа қарай шамамен 10.7 км және 4006 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4023) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 7.9 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Меридиальный жотасының (қытай картасында - аты жоқ жота) қырқасында жалпы оңтүстік бағытында Алаайғыр асуы (қытай картасында - Алааигээршанькоу асуы), 4426.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 4460) арқылы алпыс тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында 6276.0 белгісі бар Бүкілодақтық география қоғамының 100 жылдығы шыңында (қытай картасында - 6242 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 5790 белгісі бар биік) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 10.7 км және Қытай аумағындағы 6769 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 6731) батысқа қарай шамамен 6.8 км және 5581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 5573) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 12.0 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы жотаның қырқасымен Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының соңғы нүктесіне дейін созылып жатыр.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның жоғарыда сипатталған желісі 1:100000 масштабындағы бұрынғы КСРО карталары мен ҚХР карталарына қызыл түспен енгізілген. Мемлекеттік шекара желісінің сипаттамасында көрсетілген барлық қашықтықтар сол карталар бойынша өлшенген.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның желісі қызыл түспен енгізілген, жоғарыда аталған карталар осы Келісімге қоса тіркеліп отыр және оның ажырамас бір бөлігін құрайды.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің 1-бабына сәйкес он бесінші шекара нүктесінен он алтыншы шекара нүктесіне дейін, қырық сегізінші шекара нүктесінен қырық тоғызыншы шекара нүктесіне дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісінің өтуі туралы мәселелерді шешу үшін келіссөздерді жалғастыру қажет деп келісті.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қосымша келісімді (Алматы қ., 1998 жылғы 4 шілдеде) қараңыз
4-бап
Осы Келесімнің 2-бабында көрсетілген жерде Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісін белгілеу мақсатында Уағдаласушы Тараптар екі жаққа тең негізде Бірлескен демаркациялық комиссия құрып, бұл комиссияға шекара демаркациясын жүзеге асыруды: суды айырып тұрған шекаралық тау жоталарының дәл жағдайларын және шекаралық өзендердің немесе олардың бас тарамдарының ортасын анықтауды, осы Келісімнің 5-бабына сәйкес шекаралық өзендердегі аралдардың қай жаққа тиесілі екендігін айқындауды, шекаралық белгілер орнатуды, шекара демаркациясы туралы құжаттардың жобасын дайындауды, егжей-тегжейлі демаркациялық карталар жасауды, сондай-ақ жоғарыда аталған міндеттерді орындауға байланысты әр түрлі нақты мәселелерді шешуді тапсыруға ұйғарды.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің 2-бабында сипатталған Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара желісі суды айырып тұрған шекаралық, тау жоталарымен, ал шекаралық өзендерде - өзеннің ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен өтеді. суды айырып тұрған тау жоталарының дәл жағдайлары және өзеннің немесе оның бас тарамының ортасы және осыған сәйкес өзендердегі аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны демаркациялау кезінде нақты анықталады.
Өзеннің бас тарамын анықтау үшін судың орта деңгейдегі молдығы негізгі өлшем ретінде алынады.
Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген шекаралық өзендер кеме жүрмейтін өзендер болып табылады.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы-Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы-Қытай Халық Республикасы-Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекараларының түйіскен нүктелерін мүдделі мемлекеттер жеке анықтайды деп келісті.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының жергілікті жерде демаркацияланған желісі сондай-ақ әуе кеңістігі мен жер қойнауларын тік бағыттар бойынша да межелейді деп келісті.
8-бап
Шекараға шектес алапта, соның ішінде шекаралық өзендерде болуы мүмкін кез келген табиғи өзгерістер Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының жергілікті жерде демаркацияланған желісінің жағдайына, сондай-ақ егер Уағдаласушы Тараптар басқаша келіспеген болса, аралдардың қай жаққа тиесілі екендігіне өзгеріс енгізбейді.
Шекара желісі демаркацияланғаннан кейін шекаралық өзендерде пайда болған аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі шекараның демаркацияланған желісінің жағдайына сәйкес анықталады, ал шекараның демаркацияланған желісінде тікелей пайда болған аралдардың қай жаққа тиесілі екендігі Уағдаласушы Тараптар арасындағы консультациялар арқылы әділ әрі ұтымды негізде анықталады.
9-бап
Осы Келісім бекітілуге тиіс және бекіту грамоталары алмасылған күннен бастап күшіне енеді. Бекіту грамоталарын алмасу ең қысқа мерзімде Пекин қаласында жүзеге асырылады.
Осы Келісім Алматы қаласында 1994 жылы 26 сәуірде әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды. Түсіндіру кезінде алшақтық болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс және қытай тілдеріндегі текстерге жүгінеді.
| Қазақстан Республикасы Үшін | Қытай Халық Республикасы Үшін |