Отыз бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-батыс бағытында отыз екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ өзеннің құрғап қалған арнасы ортасының, Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шүршіт өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытайдың аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) батысқа қарай шамамен 4.55 км қашықтықта орналасқан.
Отыз екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік бағытында отыз үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Долаты өзеннің (қытай картасында - Долатэгоу өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасымен) қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шүршіт өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 5.9 км және Қытай аумағындағы 855.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 855) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.0 км және 958.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 962) батысқа қарай шамамен 5.5 км қашықтықта орналасқан.
Отыз үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік бағытында отыз төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Шуршут өзені (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы Долаты өзені (қытай картасында - Долатэгоу өзені) мен Шуршут өзенінің (қытай картасында - Цюэрцютэхэ өзені) қосылатын жерінен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.8 км және Қытай аумағындағы 958.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 962) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км және 1581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1593) батысқа қарай шамамен 10.8 км қашықтықта орналасқан.
Отыз төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Теректі өзеннің (қытай картасында - Цзяманьтелекэтэхэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 10.6 км және Қытай аумағындағы 1581 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1593) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 14.8 км және 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) солтүстік-батысқа қарай шамамен 15.7 км қашықтықта орналасқан.
Отыз бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Кепели өзеннің су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықпен (қытай картасында - Ханьцяоэрлу жолының ортасы) қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) солтүстік-шығысқа қарай 5.9 км және Қытай аумағындағы 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 15.0 км қашықтықта орналасқан.
Отыз алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен (қытай картасында - Ханьцзяоэрлу жолының ортасымен) жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 695 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы 913.4 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 893) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.1 км және Қытай аумағындағы 1535 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1577) батысқа қарай шамамен 15.6 км және 952.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 953) солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.9 км қашықтықта орналасқан.
Отыз жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында отыз сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Кусак өзені (қытай картасында - Телекэтихэ өзені) су ағыны ортасының немесе оның бас тарамы ортасының жоғарыда аталған қызыл сызықпен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.2 км және Қытай аумағындағы 809.5 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 813) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км және 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 10.1 км қашықтықта орналасқан.
Отыз сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 7.4 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен отыз тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) шығысқа қарай шамамен 12.0 км және 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және Қытай аумағындағы 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) батысқа қарай шамамен 12.1 километрде орналасқан.
Отыз тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 1.8 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырқыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 378.9 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 379) шығысқа қарай 12.8 км және Қытай аумағындағы 1328 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1323 белгісі бар Соланбэй биігі) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) батысқа қарай шамамен 11.3 километрде орналасқан.
Қырқыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 14.9 километрге созылатын шығыс-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық бірінші нүктеге дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 22.7 км және Қытай аумағындағы 1141 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1119) оңтүстікке қарай шамамен 8.5 км және 714.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 714) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1.2 км қашықтықта орналасқан.
Қырық бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 9.3 километрге созылатын шығыс-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық екінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 28.6 км және Қытай аумағындағы 984.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 985) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 3.2 км және 1241 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1309) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 12.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 9.2 километрге созылатын оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық үшінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 1465.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1463) шығысқа қарай шамамен 30.9 км және Қытай аумағындағы 1241 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1309) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.9 км қашықтықта орналасқан.
Қырық үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 13.8 километрге созылатын оңтүстік бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық төртінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 376.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 370) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.8 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 371 белгісі бар биік) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.6 км және 585 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 635) солтүстікке қарай шамамен 21.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 2.4 километрге созылатын оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық бесінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың түйіскен жерінің ортасымен қиылысқан жерінде, Қазақстан аумағындағы 376.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 370) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 371 белгісі бар биік) батысқа қарай шамамен 4.9 км және 585 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 635) солтүстікке қарай шамамен 19.3 км қашықтықта орналасқан.
Қырық бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі шамамен 7.3 километрге созылатын батыс-оңтүстік-батыс бағытындағы тік сызықтың бойымен қырық алтыншы шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған тік сызықтың аты жоқ жыраның (қытай картасында - Каладабаньгоу жырасы) суағарымен қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 1264.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1273) оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.9 км, 409.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 408) оңтүстікке қарай шамамен 9.8 км және Қытай аумағындағы 882 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.8 км қашықтықта орналасқан.
Қырық алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жалпы батыс-солтүстік-батыс бағытындағы аты жоқ жыраның (қытай картасында - Каладабаньгоу жырасы) суағары бойымен жоғары қарай қырық жетінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі Сарыгура жотасының (қытай картасында - Алатаошань жотасы) қырқасында аты жоқ асуда (қытай картасында - Каладабань асуы), Қазақстан аумағындағы 1899.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1921) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 16.0 км және 608.1 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 649) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.1 км және Қытай аумағындағы безымянная тауынан (қытай картасында - 1822 белгісі бар биік) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 6.0 км қашықтықта орналасқан.
Қырық жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі 2552.4 белгісі бар биік (қытай картасында - 2568) арқылы жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында Сарыгура жотасы (қытай картасында - Алатаошань жотасы) қырқасының бойымен қырық сегізінші шекара нүктесіне дейін созылып жатыр. Бұл шекара нүктесі 2512.0 белгісі бар биікте (қытай картасында - 2488) жоғарыда аталған жотаның қырқысында Қазақстан аумағындағы 1899.6 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1921) оңтүстікке қарай шамамен 13.1 км және Қытай аумағындағы 2533 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 3.2 км қашықтықта орналасқан.
Қырық тоғызыншы шекара нүктесі Жоңғар Алатауы жотасының (қытай картасында - Алатаошань таулары) қырқасында 2169.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2169) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 10.2 км және Қазақстан аумағындағы 3439.0 белгісі бар Испул тауынан (қытай картасында - 3430) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.0 км және Қытай аумағындағы 3450 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3472 белгісі бар Бэйтухамэнь биігі) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.4 км қашықтықта орналасқан.
Қырық тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Жоңғар Алатауы жотасының (қытай картасында - Алатаошань таулары) қырқасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында 3722.0 белгісі бар Сандықтас тауы (қытай картасында - 3737), Тарлаулы асуы (қытай картасында - Майлицицигэшанькоу асуы), Сарыбирюк асуы (қытай картасында - Цюнкэгэдабань асуы), Көкетау асуы (қытай картасында - Кукэтому асуы), Басқан асуы (қытай картасында - Басаньсыкэ асуы), 3990.0 белгісі бар биік (қытай картасында - 3976) арқылы елуінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында, Қазақстан аумағындағы 3721.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3726) шығысқа қарай шамамен 14.3 км және Қытай аумағындағы 3461 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3449 белгісі бар Тундалинь биігі) солтүстікке қарай шамамен 8.6 км қашықтықта орналасқан.
Елуінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Конгор-Обо тауларының (қытай картасында - Кацзаньтаошань таулары) қырқасымен әуелі жалпы оңтүстік-батыс бағытында Демекпе асуына (қытай картасында - Элэсэньбулэгэдабань асуы) дейін, одан соң жалпы оңтүстік-шығыс бағытында Көксу асуы (қытай картасында - Дэмукэдабань асуы) арқылы елу бірінші шекара нүктесіне дейін бұрылады. Бұл шекара нүктесі Беджинтау жотасының (қытай картасында - Бечжэньтаошань таулары) қырқасында 4082.0 белгісі бар биікте (қытай картасында - 4123), Қазақстан аумағындағы 4062.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4062) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.2 км және 3900.1 белгісі бар Қабылтау тауынан (қытай картасында - 3938 белгісі бар биік) шығысқа қарай шамамен 3.5 км және Қытай аумағындағы 3461 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3449 белгісі бар Тундалинь биігі) оңтүстікке қарай шамамен 11.7 км қашықтықта орналасқан.
Елу бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Беджинтау жотасының (қытай картасында - Бечжэньтаошань таулары) қырқасымен жалпы шығыс бағытында Казан-дабан асуы (қытай картасында - Канкадабахань асуы) арқылы елу екінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі жоғарыда аталған жотаның қырқасында 4086.5 белгісі бар биікте (қытай картасында - 4074), Қазақстан аумағындағы 3957.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3921) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.6 км және Қытай аумағындағы 4048.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 4102) батысқа қарай шамамен 8.3 км және 3432.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3432) солтүстік-батысқа қарай шамамен 5.9 км қашықтықта орналасқан.
Елу екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жалпы оңтүстік бағытында әуелі аты жоқ өзенге дейін, одан әрі осы өзеннің, Жыланды өзені мен Үлкенқазан өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ деген жалпы атаулы өзен) ағысын бойлап төмен қарай осы өзендердің су ағынының немесе олардың басты тарамдарының ортасымен, содан соң Қазанкөл көлі су айдынының, одан әрі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені ортасымен, одан әрі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен елу үшінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің ағын суының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы тас жол айырығынан (қытай картасында - 863 биік белгісі бар тас жол айырығы) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 8.7 км және 1368.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1372) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1062 белгісі бар биік) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі қазақстандық Қорғас елді мекені мен қытайлық Никанчи елді мекені (қытай картасында - Хоэргосы елді мекені) арасындағы тас жолды кесіп өте отырып, Тараптардың карталарында белгіленген қызыл сызықтың бойымен жалпы оңтүстік бағытында елу төртінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 601.7 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 607) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.4 км және 672.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 666) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Қорғас өзенінің (қытай картасында - Хоэргосыхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік бағытында елу бесінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Қорғас өзенінің су ағынының ортасы мен Іле өзенінің су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысқан жерінде Қазақстан аумағындағы 613.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 613) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 11.1 км және 579.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 587) оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 10.4 км мен Қытай аумағындағы 5064 - шаршыдағы дала жолдарының түйіскен жерінен солтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында шамамен 30.8 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу алтыншы шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі аты жоқ биікте (қытай картасында - 1103 белгісі бар биік) Қазақстан аумағындағы 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) солтүстікке қарай шамамен 10.6 км және 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 22.2 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1446 белгісі бар биік) солтүстік-батысқа қарай шамамен 11.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу алтыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-шығыс бағытында шамамен 12.2 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу жетінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі 1601.6 белгісі бар Текельган төбешігінде (қытай картасында - 1606 белгісі бар Тэцилэганьшань тауы) Қазақстан аумағындағы 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 15.3 км және 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығысқа қарай шамамен 6.0 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 1446 белгісі бар биік) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 4.2 км қашықтықта орналасқан.
Елу жетінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 3.0 километрге созылатын тік сызықты бойлап, елу сегізінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі тау сілемінің қырқасында Қазақстан аумағындағы 3029.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3022) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 14.1 км және 1528.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.4 км және Қытай аумағындағы Безымянная тауынан (қытай картасында - 2265 белгісі бар биік) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.4 км қашықтықта орналасқан.
Елу сегізінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі жоғарыда аталған тау сілемінің қырқасымен жалпы оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында 2456.4 белгісі бар биік (қытай картасында - 2458) арқылы жалғасады, одан соң Темерликтау жотасының (қытай картасында - аты жоқ таулар) қырқасында жалпы шығыс бағытында елу тоғызыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Темерликтау жотасының (қытай картасында - аты жоқ таулар) Қазақстан аумағындағы 3129.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3124) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 13.0 км және Қытай аумағындағы 3155 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3235) батысқа қарай шамамен 4.3 км қашықтықта орналасқан.
Елу тоғызыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Қаратау жотасының қырқасымен жалпы оңтүстік бағытында 3555.8 белгісі бар Сарынохой тауы (қытай картасында - 3547 белгісі бар Шаэрнохайшань тауы) арқылы, одан соң тау беткейімен төмен түсе отырып, алпысыншы шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Хасан өзені су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 2624.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2700) оңтүстікке қарай шамамен 4.3 км және Қытай аумағындағы 2615 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2601) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.1 км және 2819 белгісі бар биіктен (қытай картасында - Безымянная биігі) шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпысыншы шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі тау беткейімен жоғары өрлейді және одан әрі Сарытау тауларының (қытай картасында - Шаэртаошань таулары) қырқасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында Қарағайлы асуы (қытай картасында - Аэрциньдабань асуы), Аккурунды асуы (қытай картасында - Акэкулундэшанькоу асуы) арқылы жалғасады, одан соң тау беткейімен алпыс бірінші шекара нүктесіне дейін төмен түседі. Бұл шекара нүктесі Сүмбе өзенінің (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) су ағынының ортасында немесе оның бас тарамының ортасында Қазақстан аумағындағы 2233.9 (қытай картасында - 2240) белгісі бар биіктен солтүстікке қарай шамамен 3.4 километр және 2281.8 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2271) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 0.7 км және Қытай аумағындағы 3089 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 3175) батыс-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.6 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс бірінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Сумбе өзенінің (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) ағысымен төмен қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы оңтүстік-шығыс бағытында алпыс екінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Сумбе өзені (қытай картасында - Сумубайхэ өзені) су ағынының ортасы мен Текес өзенінің су ағыны ортасының немесе олардың бас тарамдары ортасының қиылысында Қазақстан аумағындағы 2136.0 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2136) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 14.4 км және Қытай аумағындағы Ирменде өзені мен Қарасу өзенінің қосылысқан тұсынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7.7 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс екінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі Текес өзенінің ағысымен жоғары қарай осы өзеннің су ағынының ортасымен немесе оның бас тарамының ортасымен жалпы батыс-оңтүстік-батыс бағытында алпыс үшінші шекара нүктесіне дейін созылады. Бұл шекара нүктесі Текес өзені су ағынының ортасында оның айналмасының оңтүстік бөлігінде Қазақстан аумағындағы 1818.0 белгісі бар Ноғойтологой тауынан (қытай картасында - 1825) солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.4 км және 1987.2 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1985) оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 6.6 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) солтүстік-солтүстік-батысқа қарай шамамен 6.6 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс үшінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 4.4 км тік сызық бойымен созылып алпыс төртінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі 1853.0 белгісі бар Нохой-тологой тауында (қытай картасында - Могайтолигайшань тауы) Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.1 км және 1818.0 белгісі бар Нохой-тологой тауынан (қытай картасында - 1825) шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 2.7 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 3.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс төртінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік-оңтүстік-батыс бағытында шамамен 8.3 тік сызық бойымен созылып, алпыс бесінші шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы аты жоқ биікте (қытай картасында - 1826 белгісі бар биік) 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 7.5 км және 1818.0 белгісі бар Нохой-тологой тауынан (қытай картасында - 1825) оңтүстікке қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы 1798 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 1810) оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8.5 км қашықтықта орналасқан.
Алпыс бесінші шекара нүктесінен мемлекеттік шекара желісі оңтүстік бағытында шамамен 2.1 км тік сызық бойымен созылып, алпыс алтыншы шекара нүктесіне дейін жалғасады. Бұл шекара нүктесі Қазақстан аумағындағы 3430 шаршыдағы тас жолдар айырығынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 9.2 км және Қытай аумағындағы 1798 (қытай картасында - 1810) белгісі бар биіктен оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай шамамен 9.9 км және 2723 белгісі бар биіктен (қытай картасында - 2623) солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай шамамен 4.3 км қашықтықта орналасқан.