2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды түрде өсiру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 5-тармақпен толықтырылды
5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 6-тармақпен толықтырылды
6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
1. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.
2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмi бойынша жол берiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру
1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.
21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.
22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:
1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi шараларды негiздеу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекітілiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми-зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекітеді.
4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану
23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
1) аң аулау;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректілерін алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерi
1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде - бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.
Көрсетілген мерзімдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негізінде құрамына уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезеңіне қарай белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру
1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырды
1-1. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен бап 1-2-тармақпен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Рұқсат беруден:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде береді.
Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.
Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
4) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылық-тарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргізуге;
5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мыналарды жүзеге асыру үшін:
бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;
ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды - жеке адамдарға;
әуесқойлық (спорттық) аң аулауды - жеке адамдарға сервитут беруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) аншлагтар орнатуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Хабарлама беруді өтініш берушілер уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің немесе іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.
3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен квоталар
1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы - уәкілетті орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерін қатыстыра отырып белгілеген жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі, балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың негiздерi
Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:
1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітілiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қажеттiлiктер үшiн алу;
6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
7) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.
5-тарау. Aң аулау
32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлерi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.
2. Аң аулау:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.
3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау.
Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.