Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.22.10 № 1647 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Показать изменения
8703**
Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа), арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы
автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерді қоса алғанда
Келесі өлшемдерінің бірін орындаған кезде өндірілген автомобильдер:
1) жұмыстың екі аусымдық режимінде, жобалық қуаты жылына кемінде 25 000 дана өндірістің бар болуы; шанақты дәнекерлеу, құрастыру және сырлау бойынша операциялар орындау, 8707 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін шанақтың құнын есепке алумен өндірісте қолданатын автожинақтаушыларының жалпы құнынан 70 % көлемінде 8701-8705 тауар позициясының «моторлы көлік құралдарын, тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыру үшін» Бірыңғай кеден тарифінің позициялары бойынша кеден одағының мүшесі болып табылмайтын елдерден автожинақтаушыларды әкелуді жүзеге асыру,
2) жұмыстың екі аусымдық режимінде, жобалық қуаты жылына кемінде 25 000 дана өндірістің бар болуы; мынадай технологиялық операциялар орындалатын «ірі торап құрастыруды» - дайындауды жүзеге асыру:
- қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару механизмдерін қозғалтқышқа қосу;
- артқы аспаны орнату;
- газдарды шығару жүйесін орнату;
- борттық электр тізбектерін тексерумен аккумуляторлы батареяны орнату және қосу;
- қозғалғыш дөңгелектерді орнату;
- тежегіш және суытқыш сұйықтықтарды құю;
- тежеу жүйесінің тиімділігін тексеру, сондай-ақ 1) тармақта көрсетілген, осы міндетемелерді қабылдаған күннен бастап 84 айдан аспайтын мерзімде шарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша міндетемелерді қамтитын 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы шарт (келісім) жасау
8704 90 000 0
Өзге, де жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8705***
8705 20 000, 8705 90 тауар позицияларынан басқа, арнайы мақсаттағы қозғалтқышты көлік құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа,(мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан, үшінші жылы-құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: күштік агрегатты орнату; шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды қосу; рульдік басқару жүйесін, тежегіш жүйесін, гидрожанасқышты толтыру;
жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату;
қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу;
радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу;
амортизаторларды бекіту;
трансмиссияны орнату;
алдыңғы және артқы аспаларды және жарты осьтерді орнату;
рульдік басқаруды алдыңғы доңғалақ күпшелерімен қосу;
тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
тез бұзылатын орындарды консервациялау;
моторлы көлік құралын сынақтан өткізу.
Жылдық көлемі 10000 данаға дейін тауардың әрбір моделін шығару кезінде - дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ, мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: қорапты (кабинаны) дәнекерлеу және сырлау;
салон элементтерін; құралдар панелін, салон шыныларын және алдыңғы әйнегін орнату; қозғалтқышты орнату және бекіту; қозғалтқышқа басқару тетіктерін қосу; радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу, амортизаторларды бекіту; трансмиссия элементтерін монтаждау; алдыңғы және артқы аспаларды орнату;
рульдік басқаруды монтаждау;
алдыңғы доңғалақ подшипниктерінің тартпаларын орнату және реттеу;
рульдік басқару жүйесін; тежегіш жүйесін, гидрожанасқышты толтыру және айдау;
фараларды, алдыңғы және артқы дабыл шамдарын орнату және қосу;
бәсеңдеткіш пен түтін құбыр өткізгіш секциясын орнату;
жанармай багын орнату және жанармай өткізгішті қосу;
генератор және көтеру тартпасының созылмалылығын реттеу;
шанақ электр тізбектерін тексере отырып, аккумуляторды орнату және қосу;
қозғалтқышты диагностикалау және реттеу;
тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
моторлы көлік құралын сынақтан өткізу
Показать изменения
8705 20 000 1
Автобұрғылау
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8705 30 000 1
Жаңа қозғалтқышты өрт сендіру көлік құралдары)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
8705 90
Өзге де арнайы мақсаттағы қозғалтқышты көлік құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сендіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8706-8707 **
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған шассилер; 8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (кабиналарды қоса алғанда)
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 75%-ынан аспауы тиіс
8708
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарының бөліктері және керек-жарақтары
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы -құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, аспауы тиіс
Показать изменения
8710 00 000 0
Танкілер және басқа да қаружарақтарымен немесе қаружарақтарсыз жауынгерлік өзі жүретін брондалған көлік құралдары және оның бөліктері.
Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар (жіптеп аралау машиналарында кесу, газды плазмалық машиналарда ажырату,соғу); - бөлшектердің механикалық өңделуі; - бөлшектердің термиялық өңделуі; - корпустық бөлшектер жасаудан және олардың механикалық өңдеуде жинақтық - балқытып біріктіру операциялары; - жеке бөлшектерді жинақтау және сынақтан өткізу; - жинақтау және жеке ілмектердің сынақтары; тапсырыс берушіден әдістемелік тапсырмамен және техникалық параметрлер бақылауымен алынған күштік сынақтарға байланысты конструкторлық құжаттамаларға салынған жалпы монтаждау.
Показать изменения
8711
Қосалқы қозғалтқыштар орнатылған мотоциклдер (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер, арбаларымен немесе арбаларсыз; арбалар; 8711 2098 00 тауар позициясынан басқа
Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс
8711 2098 00
Қосалқы қозғалтқыш орнатылған, арбалары бар немесе арбасыз мотоциклдер (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер; қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 125 см3 артық, бірақ 250 см3 артық емес, піспегінің қайтымды-ілгерілемелі қозғалысымен, іштен жану қозғалтқышы бар арбалар
Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар және бөлшектердің құны, берілген тауар түрінің дайындау мерзімінен бастап бірінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- артқы белдікті құрастыру;
- қозғалтқышты құрастыру;
- кардан берілістерін орнату;
- қозғалтқыштың бәсеңдеткішін және пайдаланған газдарды шығару жүйесін орнату;
- рамаға алдыңғы ашаны орнату;
- алдыңғы балшықтан қорғаушы қалқаншаны орнату;
- дөңгелектерді орнату;
- руль мен айналарды орнату;
- қозғалтқыштың ауа сүзгісін және енгізу жүйесін орнату;
- электр ширақтарын құрастыру;
- рамаға жүк платформасын құрастыру;
- отын багын орнату;
- фараларды, артқы жарықтарды, жарық қайтарғыштарды орнату және қосу,
- аккумуляторлық батареяларды орнату;
- қауіпсіз пайдалану бойынша тақтайлар мен ескерту жазуларды орнату;
- отын багына жанармай құю;
- сынақтан өткізу және қабылдау сынақтары;
- екінші және кейінгі жылдары-түпкілікті өнім бағасының - 80%-ынан, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- раманы дайындау-дәнекерлеу;
- жүк платформасын дайындау;
- артқы белдікті құрастыру;
- қозғалтқышты құрастыру;
- кардан берілістерін орнату;
- қозғалтқыштың бәсеңдеткішін және пайдаланған газдарды шығару жүйесін орнату;
- рамаға алдыңғы ашаны орнату;
- алдыңғы балшықтан қорғаушы қалқаншаны орнату;
- дөңгелектерді орнату;
- руль мен айналарды орнату;
- қозғалтқыштың ауа сүзгісін және енгізу жүйесін орнату;
- электр ширақтарын құрастыру;
- рамаға жүк платформасын құрастыру;
- отын багын орнату;
- фараларды, артқы жарықтарды, жарық қайтарғыштарды орнату және қосу;
- аккумуляторлық батареяны орнату;
- қауіпсіз пайдалану бойынша тақтайлар мен ескерту жазуларды орнату;
- отын багына жанармай құю;
- сынақтан өткізу және қабылдау сынақтары
Показать изменения
8716
Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; басқа да өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; 8716 39 800 0; 8716 90 тауарлық позицияларын қоспағанда, олардың бөліктерi
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90 %, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 % аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дөңгелектер осьінде рессорлардықондыру,
- рамаға арба сүйенішін орнату;
- буферлерді, бамперлерді, кронштейндерді орнату және бекіту, алдыңғы фонарлар мен нөмірлік белгіні бекіту, сақтандырғыш тіректі орнату;
- оталғышты орнату және бекіту, дөңгелектерді жинау және оларды арба осьінде орнату;
- тұратын тежегішті орнату;
- ресиверді, пневматикалық таратқышты орнату және жинау, құбырды қосу;
- магистралдық пневматикалық тежегіш жүйесінің фильтрын орнату, герметикалығына пневматикалық тежегіш жүйесін,сынау, тежегіштерді реттеу, шанақты жинау және дәнекерлеу, рама кронштейндерді дәнекерлеу;
- шанақты көтеретін теңгеруші мен гидроцилиндірді орнату және жинау, гидравликалық құбырды қосу;
шассиге шанақты орнату;
- сақтандыру арқаның орнату, шанақтың түбіне гидроцилиндр тіректерін бекіту;
Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тiкұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серiктерiн қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран тасығыштары
Дайындау кезінде пайдаланылатын материалдардың, тораптар мен бөлшектердiң құны осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан, екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан; үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 75 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- полимерлi-композициялық материалдардан жасалған ұшақтың бөлшектерiн жасау;
- ұшақтың бөлшектерiн механикалық өңдеу, ұшақтың бөлшектерiн сырлау, тегiстеу және кептiру;
- құрастыру процесі: бұрғылау жұмыстары, пiсiру, электр/радио жабдықтарын монтаждау;
- конструкторлық құжаттамада берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуат сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8802 12 000 0****
Жарақтандырылған бос құрылғының массасы 2000 кг-нан асатын тікұшақтар
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95%-ынан аспауы тиіс.
Екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 90 %, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- ұшу аппараттарының негізгі қорабының түпнұсқалы шассиде орнатылуы;
- артқы бөліктің (артқы белдемдердің) ұшу аппараттарының қорабына орнатылуы;
- гидравликалық құбыр жолдардың және ұшуды басқару аспаптарының рульдік бұрамалардың жетегіне қосылуы;
- автоұшқыштардың рульдік бұрамаларының, антенналар мен фонарлардың өткізгіш сымдарының іске қосылуы, артқы белдемдердің бекітілуі;
- трансмиссияның артқы біліктерінің іске қосылуы;
- жетелеуші бұрамалардың қалақтарын орнату;
- негізгі редуктор мен қозғалтқыштардың (оң жақ және сол жақ) орнатылуы;
- қозғалтқыштың негізгі білігінің және трансмиссияның артқы білігінің орнатылуы;
- қозғалтқышты басқару органдарының іске қосылуы мен реттелуі;
- жетелеуші біліктердің салбұрындарының барлық басқару элементтерімен бірге орнатылуы;
- боядың жүргізілуі;
- арнайы жабдықтардың орнатылуы;
- ішкі қаптаудың орнатылуы;
- монтаждық жабдықтардың (механикалық және электрикалық) орнатылуы;
- интерфейстің жабдыққа бейімделуі және оның жұмысқа қабілеттілігін тексеру;
- радиожабдықтардың барлық компоненттерінің, навигациялық жабдықтардың, антенналардың орнатылуы;
- орнатылған барлық жүйелердің эксплуатациялық сынағы;
- жердегі және ұшу сынақтары;
- жабдықтар үшін монтаждық элементтердің орнатылуы, жабдықтардың бекітілуіне кронштейндерді, антенналарға арналған пультерді қосқанда;
- арнайы жабдықтардың, авионик пен жоғары жиілікті радионың орнатылуы мен сынағы;
- өткізгіш сымдарға өткізілген сынақтарды қосқанда, қосымша жабдықтар мен коммуникациялық (навигациялық) жабдықтар үшін электрсымдардың ширақтарының орнатылуы
Показать изменения
8803
8801 немесе 8802 тауар позицияларының ұшу аппараттарының бөліктерi
Дайындау, ол кезде 8803 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8804 00 000 0
Парашюттар, өзге де ротошюттер; (басқарылатын парашюттар мен парапландарды парашюттар-канаттар қоса алғанда) және ротошюттер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары:
Кез келген позицияның материалдарынан, соның ішінде 8804 00 000 0позицияның өзге де материалдарынан дайындау Дайындау ол кезде 8804 00 000 0 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805
Ұшу аппараттарына арналған бастау жабдығы; палубалық тежегіш немесе ұқсас қондырғылар; ұшқыш құрамға арналған жердегі жаттығу жабдықтары; олардың бөлшектерi
Дайындау, ол кезде 8805 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805 10
Ұшу аппараттарына арналған бастапқы жабдық және олардың бөлшектері; палубалы тежегіш немесе ұқсас қондырғылар және олардың бөліктерi
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
89-топ
Кемелер, қайықтар және жүзетін құрылымдар
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс.
Алайда, 8906 00 позиция кемелерінің корпустары пайдаланылмайды
90-топ
Оптикалық, фотосуреттік, кинематаграфиялық, өлшеу бақылау, дәлме-дәл, бөлшектері мен керек-жарақтары хирургиялық аспаптар мен аппараттар, олардың медициналық немесе
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9022
Рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны, рентгендік түтіктерді және басқа да рентгендік сәулелену генераторларын, кернеуі жоғары қысымды генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерін, экрандарды тексеруге немесе емдеуге арналған үстелдерді, креслоларды қоса алғанда, рентгендік, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе мал дәрігерлік пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура, рентгенографиялық немесе радиотерапевтік ппаратураны қоса алғанда, рентгендік сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе Ветеринарлық пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны қоса алғанда, рентгендік сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
91-топ
Сағаттардың барлық түрлері мен олардың бөлшектерi
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
92-топ
Музыкалық аспаптар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
93-топ
Қарулар және оқ-дәрілер; керек-жарақтары олардың бөлшектері мен
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9301 10 000 0
Өздігінен жүретін артиллериялық қару (мысалы, зеңбіректер, гаубицалар және минометтер)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
9301 20 000 0
Зымырандық іске қосу қондырғылары; отты қарулар; гранатометтер; торпеда аппараттары және ұқсас іске қосу қондырғылары
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ, мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: