9301 90 000 0 | Зымырандық іске қосу қондырғыларынан басқа өзге де әскери қару | Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: - дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу); - бөлшектерді механикалық өңдеу; - бөлшектерді термиялық өңдеу; - корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары; - жекелеген тораптарды құрастыру және сынау; - конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау |
9306 90 | Өзге де әскери қимылдарды жүргізуге арналған бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұқсас заттар; патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, патрондар, өзге де оқ-дәрілер, снарядтар және олардың бөліктерi | Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: - дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу); - бөлшектерді механикалық өңдеу; - бөлшектерді термиялық өңдеу; - корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеубойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары; - жекелеген тораптарды құрастыру және сынау; - конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау |
9401 | Отыруға арналған, кереуетте өзгертілетін немесе оның бөлшектері (9402 тауар позициясында көрсетілгеннен басқа) және өзгертілмейтін жиһаз | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9403 | Өзге де жиһаз және олардың бөлшектерi | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9405 | Шамдар мен жарықандыру жабдықтары, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған прожекторларды, жарық беру бағыты аз шамдарды, фарлар мен олардың бөлшектерін қоса алғанда; жарықтық маңдайша жазулар, есімдер немесе атауымен, немесе мекен-жайымен және жарықтық кестешелер, ішіне жарық көзі қондырылған ұқсас өнімдер, және олардың бөліктері, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9406 00 | Жинақталатын құрылыстық құрылымдар | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9503 00 | Үш дөңгелекті велосипедтер, өздігінен айдайтын, тепкілі автомобильдер және дөңгелекті ұқсас ойыншықтар, қуыршақтарға арналған бесік-арбалар; қуыршақтар; өзге де ойыншықтар; жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін мөлшері кішірейтілген («ауқымдағы») жұмбақтардың барлық түрлері үлгілер және ұқсас үлгілер; | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9602 00 000 0-ден | Кесу үшін жарамды, өсімдіктен немесе минералдан шыққан өңделген материалдар, және олардан жасалған бұйымдар; балауыздан, стеариннан, табиғи шайырлардан немесе табиғи каучуктан немесе модельді пасталардан жасалған қалыпқа келтірілген немесе оюланған бұйымдар, және басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, өзге де қалыпқа келтірілген немесе оюланған; өңделген, қатпаған желатин (3503 тауар позициясының желатиннен басқа) және қатпаған желатиннен жасалған бұйымдар | Сол позициялардың кесуге арналған өңделген материалдарынан дайындау |
9603-тен | Едендерді жинауға арналған сыпырғыштар, шөткелер (тетіктердің бөліктері, көлік құралдарының аспаптарының бөліктері болып табылатын шөткелерді қоса алғанда), қозғалтқышы жоқ қол механикалық шөткелері, тозаңды ұшыруға арналған қауырсыннан жасалған швабралар және сыпырғыштар; сыпырғыштарды немесе шөткелік өнімдерді дайындауға арналған дайын түйіндер және шоғырлар; бояуға арналған малярлық жастықша және білікшелер; резеңке швабралар (ылғалды жоюға арналған резеңке білікшелерден басқа) | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9605 00 000 0 | Жеке гигиена, тігу немесе киім немесе аяқ киім тазалау жол жинақтары үшін пайдаланылатын | Жинаққа енетін әрбір бұйым, егер ол жинаққа енбегенде қолданылатын талапты қанағаттандыруы тиіс. Алайда, шығу тегі жоқ бұйымдар олардың жалпы құны түпкілікті өнім бағасының 15%-ынан аспауы шартымен жинаққа ене алады |
9606 | Түймелер, батырмалар, қапсырма-бекіткіштер, осы бұйымдардың өзге де бөлшектері және түймелерге арналған пішіндер; түймелерге арналған дайындамалар | Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс. Барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс |
9608 | Шарикті қаламдар, фетрден немесе басқа кеуектік материалдардан жасалған ұштығы бар қаламдар мен таңбалауыштар, сиялы автоқаламдар, өзге де стилографтар мен қаламдар, көшіргіш қаламұштар, сырғымалы немесе тартылатын өзегі бар қарындаштар, қаламұштарға арналған ұстағыштар, қарындаштарға арналған ұстағыштар және ұқсас ұстағыштар; (қалпақтар мен қысқыштарды қоса алғанда) 9609 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, жоғарыда санамаланған | Бұйым позициясынан ерекшеленетін позицияға жататын материалдардан дайындау. Алайда, қаламұштар мен қаламұштарға арналған ұштықтар өз кезегінде оның құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы шартымен ғана өнімдікіндей позицияның басқа да материалдары сияқты пайдаланылуы мүмкін |
9614 00 | Темекі трубкалары (табақша тәрізді бөлшектері қоса алғанда), сигараларға немесе темекілерге арналған ауыздық, олардың бөліктері | Трубкалардың дөрекі дайындамаларынан дайындау |
Ескертпе:
* Егер өнім бір мезгілде 3901-3906 позицияларға және 3907-3911 позицияларға жататын материалдардан дайындалған жағдайда. Осы ереже тек дайындалған тауардағы салмақтық қатынасы артық өнім санатына ғана қолданылады.
** Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері тек ірі көлемді инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілген 8703, 8706, 8708 тауар позицияларына ғана қолданылады. Бұл ретте ірі көлемді инвестициялық жоба деп тауар өндірісінің басталатын күніне негізгі капиталға кемінде 2 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазіргі заманғы автомобиль көлігі құралдары мен автомобиль бөлшектерін шығару үшін өндіріс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба ұғынылады. Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет.
*** Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері ірі ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілген 8702, 8704, 8705 тауар позицияларына ғана қолданылады. Бұл ретте ірі ауқымды инвестициялық жоба деп тауар өндірісінің басталатын күніне негізгі капиталға кемінде 0,5 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазіргі заманғы автомобиль көлігі құралдары мен автомобиль құрамдас бөліктерін шығару үшін өндіріс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба түсіндіріледі. Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет.
**** Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері ірі ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілген 8802 12 000 0 тауар позициясына ғана қолданылады. Бұл ретте ірі ауқымды инвестициялық жоба деп тауар өндірісінің басталатын күніне негізгі капиталға кемінде 0,5 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазіргі заманғы тікұшақтар шығару үшін өндіріс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба түсіндіріледі. Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет.
1-ескертпе:
1.1. Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінің алғашқы екі бағанасында шикізатты немесе материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім туралы деректер көрсетіледі. Өлшемдердің бірінші бағанасында КО СЭҚ ТН бойынша өнім коды, екінші бағанда - бірінші бағанада көрсетілген кодқа сәйкес өнім сипаттамасы беріледі. Алғашқы екі бағанада сипатталған әрбір нақты өнім үшін оның шығу тегін айқындайтын шарттар, өндірістік немесе технологиялық операциялар (бұдан әрі - шарттар мен операциялар) үшінші бағанада көрсетілген.
Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріндегі тауарлар тек КО СЭҚ ТН бойынша тауар кодымен айқындалады, тауар атауы пайдалану қолайлылығы үшін ғана берілген.
Егер тауардың КО СЭҚ ТН бойынша кодына «-дан/-ден» деген жалғау жалғанған болса, бұл үшінші бағанадағы шарттар мен операциялар осы тауар позициясында жіктелгенін және екінші бағанада көрсетілген тауарларға ғана қолданылатынын көрсетеді. Бұл жағдайда да тауар атауын басшылыққа алу керек.
1.2. Егер бірінші бағанада бірнеше тауар позицияларының нөмірлері немесе топ нөмірі берілсе және онымен бірге екінші бағанада өнімдердің жалпы сипаттамасы берілсе, онда үшінші бағанада көрсетілген тиісті шарттар мен операциялар КО СЭҚ ТН-ге сәйкес бірінші бағанада көрсетілген тауар позицияларында жіктелетін барлық өнімдерге немесе бірінші бағанада көрсетілген тауар позицияларының кез келгеніне қолданылады.
1.3. Егер бірдей тауар позициясында жіктелетін тауарлардың бір бөлігіне қатысты бір шарттар мен операциялар қолданылып, ал басқа бөлігіне (бөліктеріне) қатысты өзге шарттар мен операциялар қолданылса, онда екінші бағанада абзацтардың тиісті саны болады, олардың әрқайсысында тауарлардың нақты сипаты беріледі және тиісінше үшінші бағанада сипаты екінші бағанның қандай да бір абзацында берілген тауарларға қатысты шарттар мен операциялар көрсетіледі.
2-ескертпе:
2.1.«Дайындау» деген термин құрастыруды немесе қандай да бір ерекше операцияларды қоса алғанда, өндірістік немесе технологиялық операциялардың кез келген түрін орындауды білдіреді. Бұл ретте 3.4-ескертпенің ережелерін назарға алған жөн.
2.2. «Материал» деген термин өнім дайындау үшін пайдаланылатын кез келген ингредиенттерді, шикізатты, құрамдас элементтерді, бөліктерді және т.с.с. білдіреді.
2.3. «Өнім» деген термин, тіпті ол басқа өндірістік операцияларда одан әрі пайдалануға арналса да, дайындалған өнімді білдіреді.
2.4. «Тауар» деген термин материалдарды да, өнімдерді де білдіреді.
2.5. «Келісімге қатысушы мемлекет» деген термин 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге және 1999 жылғы 2 сәуірдегі осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы мемлекет.
2.6. «Үшінші елдер» деген термин - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге және 1999 жылғы 2 сәуірдегі осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер.
3-ескертпе:
3.1. Осы өлшемдердің үшінші бағанында көрсетілген шарттар мен операциялар өнім дайындау үшін пайдаланылатын, Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында шығарылмайтын материалдарға (бұдан әрі - шетелде шығарылған материалдар) қатысты ғана жүзеге асырылуға тиіс. Үшінші бағандағы шарттармен және операциялармен айқындалған шектеулер, сондай-ақ өнім дайындау үшін пайдаланылатын, шетелде шығарылған материалдарға ғана қолданылады.
3.2. Егер шарттармен және операциялармен өнім өндіруде кез келген тауар позицияларының материалдары пайдаланылуы мүмкін деп белгіленген жағдайда, бұл өнім сияқты сол тауар позициясында жіктелетін материалдарды шарттармен және операциялармен айқындалуы мүмкін ерекше шектеулер сақталған жағдайда ғана пайдалануға болатындығын білдіреді.
3.3. Егер шетелде шығарылған материалдардан дайындалған өнім тауар позициясының өзгеруіне орай немесе өлшемдерге сәйкес оған қатысты ерекше шартқа немесе операцияларға орай қайта өңдеу жүзеге асырылатын және содан соң басқа өнім өндіру үшін материал ретінде пайдаланылатын Келісімге қатысушы мемлекеттен шыққан мәртебеге ие болатын жағдайда, оны дайындау кезінде пайдаланылатын өнімге қатысты қолданылатын шарттар мен операциялар оған қолданылмайды.
3.4. Егер сол не өзге өнімге қатысты Тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар жүргізу нәтижесінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қол жеткізілсе, онда осы өнім бұл операциялар орын алған елден шықты деп саналмайтын болады.
3.5. Тауарларды КО СЭҚ ТН бойынша жіктеу ережелеріне сәйкес жіктеудің дербес объектісі ретінде айқындалатын сол немесе басқа өнім шарттар мен операцияларды қолдану объектісі болып табылады. КО СЭҚ ТН-ді түсіндірудің үшінші негізгі ережесіне орай жіктелетін өнімдер жиынтығының шығу тегі айқындалған жағдайда, жиынтық құрамына кіретін әрбір жеке элемент шарттар мен операцияларды қолдану объектісі ретінде қарастырылады.
элементтер тобынан тұратын немесе бірқатар бөліктерден жиналған және КО СЭҚ ТН ережелеріне сәйкес жеке тауар ретінде жіктелетін өнім тұтастай алғанда, шарттар мен операцияларды қолдану объектісі ретінде қарастырылады;
егер тауарлар партиясы КО СЭҚ ТН-нің бір тауар позициясында жіктелетін ұқсас өнімдерден тұрса, онда әрбір өнім шарттар мен операциялардың қолдану мақсаты үшін жеке қарастырылуға тиіс;
егер КО СЭҚ ТН-ді түсіндірудің бесінші негізгі ережесіне орай орам оған салынған өнімдермен бірге жіктелсе, онда осы тауардың шығу тегін айқындау кезінде орам тауардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс.
3.6. Элементтер тобынан тұратын немесе бірқатар бөліктерден жиналған және тауарларды КО СЭҚ ТН бойынша жіктеу ережесіне сәйкес жеке тауар ретінде жіктелетін өнім, егер оның барлық құрауыштары осы шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын ретінде қарастырылуға тиіс.
Егер осы өнім құрауыштарының бір бөлігі шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, ал бір бөлігі қанағаттандырмаса немесе дайын өніммен бірдей тауар позициясына ие болса, онда, егер шарттар мен операцияларды қанағаттандырмайтын немесе тауар позициясы түпкі өніммен бірдей құрауыштардың құны түпкі өнімнің франко-зауыттық бағасының 15 %-ынан аспаған жағдайда, осы өнім шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын болып саналады.
Бұл қағида өлшемдерде олар үшін өзге шарт көрсетілген тауарлардан басқа барлық жағдайларда қолданылуы мүмкін.
4-ескертпе:
4.1. Осы өлшемдердің үшінші бағанында келтірілген шарттар мен операциялар өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындаудың ең аз көлемін белгілейді. Белгіленген өндірістік немесе технологиялық операциялардың ең аз көлемде орындалуы өнімнің шығу тегін айқындамайды.
4.2. Егер өлшемдерде келтірілген шарттар мен операцияларда өнім бірден артық материалдан дайындалуы мүмкін екендігі белгіленген жағдайда, бұл бір немесе одан көп материал пайдаланылуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл ретте барлық материалдардың пайдаланылуы міндетті емес.
Алайда, егер бір шарт немесе операция шеңберінде бір материалға қатысты белгіленген қандай да бір шектеу белгіленсе және сонымен бірге өзге материалдарға қатысты белгіленген өзге шектеулер болса, онда бұл шектеулер өнімді дайындау кезінде нақты пайдаланылған материалдарға қатысты ғана қолданылады.
4.3. Егер тізімде келтірілген шарттар мен операцияларда өнім белгілі материалдан дайындалуға тиіс екендігі белгіленген жағдайда, бұл табиғатына қарай осы шарт немесе операция ережесін бұза алмайтын басқа материалдарды пайдалану үшін осы шарт кедергі болып табылмайтындығын білдіреді. (Мысалы: егер шарттар мен операцияларда дәнді дақылдарын немесе олардан өндірілгендерді пайдалану айрықша ескерілетін болса, бұл дән, дақылдарынан өндірілмейтін минералды тұздарды, химиялық және басқа қоспаларды пайдалануға кедергі болмайды).
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 10-қосымшамен толықтырылды
Тауар шығарылған елді анықтау,
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
жөніндегі ережеге
10-қосымша
Тауар өндіру ісіндегі қазақстандық қамту үлесін есептеу
Қ шетел мат
ҚҚҮ = 100% _________________ Х 100%,
Қ дайын өнім
мұнда,
ҚҚҮ - түпкі өнім бағасындағы қазақстандық қамту үлесі, %;
Қ шетел мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
Қ дайын өнім. - «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.