1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келісімiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.
Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 98-1-баппен толықтырылды
98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi
1. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келісімнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғын үйлердің құқықтық режимі
1. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - зайыбы (жұбайы); ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары, жиырма үш жасқа толмаған күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек болған балалары (асырап алынған, асырауында немесе қамқорлығында болатын) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары - әскери қызметін өткеру кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғын үй осы заңда белгіленген мөлшерде беріледі.
Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
2. Әскери қызметші осы елді мекенде оның және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында тұрғын жай немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғын жайы болмаған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын жайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
4. Асыраушысынан айырылған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғын жайларынан шығарылмайды. Тұрғын жаймен қамтамасыз етілгенге дейін көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж адамдарға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
5. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жатқан тұрғын жайлары шетелде болған барлық уақытына сақталады.
100-бап. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 101-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөніндегі қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
2. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Мемлекеттік қызметшiлер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкерлердің тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіру құқығы бар.
Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызмет өткерген кезеңде сол елді мекенде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде - қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғын жайларды қоспағанда) құқылы.
Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшін тиісті тұрғын жайдың құнымен өтеледі.
Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.
5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады.
6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.
Бұл тұрғын үй кейіннен оны жалдаушының жекешелендіруі үшін коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады.
7. Осы бапта көрсетілген адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi.
8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13-1-тараумен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктері
101-1-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру осы Заңда белгіленген тәртіппен олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тиісті арнаулы мемлекеттік органға бөлінетін мемлекеттік бюджет қаражатынан олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін ай сайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғын жай алаңына тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін көбейту арқылы айқындалады. Тұрғын жай алаңы отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейлі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару жолымен ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Арнаулы мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрбір қызметкері тұрғын үй төлемдерін төлеу үшін жеке арнайы шотты дербес ашады және оған қызмет көрсетеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемлекеттік орган олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы тұрғын жайда тұру құқығын және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығын сақтайды.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі он жылдан кем қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж, бірақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтен босатылған кезде, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылық шегеріле отырып, оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызмет етудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегеріліп, қызмет өткерудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Егер қызмет өткеру кезеңінде пайда болған сырқат қызметкерлердің қызметтен босауына себеп болып табылса, қызметтен босатылу сәтінде іс жүзінде аударылған сома шегеріле отырып, еңбек сіңірген күнтізбелік жиырма жылына тең мерзім ішінде оларға тұрғын үй төлемдері аударылады.
8. Тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де шалғай объектілерде қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері оны жекешелендіру құқығынсыз осы өңірде қызмет өткеру кезеңіне осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің осы санаттарына тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес жүргізіледі.
101-2-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар
1. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж мынадай:
1) жоғары оқу орындарын бітірген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған байланысты алғашқы арнаулы атақ алған;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан;
3) қызметке запастан шақырылғандар немесе қызметке ерікті түрде келгендер және арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан қызметкерлері;
4) арнаулы қызметтің жалпы ұзақтығы келісімшарт бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылды құрайтын прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
5) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар) жатады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылса, онда заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған олардың біреуіне ғана тұрғын үй төлемдері жүргізіледі.
101-3-бап. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздері
Тұрғын үй төлемдері:
1) қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері орындамаған жағдайларды қоспағанда, олар тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;
3) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.
101-4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
Тұрғын үй төлемдерін алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнаулы есеп шоттағы қаражатты:
1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншікке алу;
2) қаражатты тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алу мақсатында тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдалану;
3) қаражатты бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу үшін пайдалану;
4) қаражатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
5) қаражатты тұрғын үй меншік иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
6) қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары түріндегі жинақтарды толтыру үшін пайдалану;
7) қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану мақсаттарында пайдаланады.
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтары
Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері:
1) жыл сайын қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органда өзінің жеке арнайы шотына аударылған қаражат туралы мәліметті талап етуге;
2) жеке арнайы шотқа пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жинақтауға;
3) қызмет өткеретін жеріне қарамастан Қазақстанның кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;
4) арнаулы мемлекеттік органның және жеке арнайы шот ашылған банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына ауыстыруға құқылы.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің міндеттері
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде хабардар етуге;
3) оларды арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жеке арнайы шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалған шартқа сәйкес осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға міндетті.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдіктері
Төлем алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа да адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық нысаны болып табылмайды.
101-8-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері отбасы мүшелерінің құқықтары
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты олар жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда, олардың отбасы мүшелері жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте, мұндай қызметкерлердің жеке арнайы шоттары жабылады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, 1 шаршы метр үшін тиісті қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген баға бойынша тұрғын үйдің пайдалы аумағының нормасымен ол қайтыс болған кездегі отбасы құрамына тиісті сатып алу құнына тең мөлшерде бір жолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
Егер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзетін жағдайларды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйде болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) тұтыну салдарынан;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесiн зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған қызметкердің іс-әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
101-9-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелері
Осы Заңның мақсаттарында арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) кәмелетке толмаған балалары;
3) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегізден асқан балалары жатады.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негіздер бойынша жол беріледі.
3. Мемлекеттік тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берілмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді
104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару
1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.
2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.
3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
105-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi