2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тиісті аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдері мен мемлекеттік органдарының басқа да кейбір қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтік құқықтық актіні Конституция мен заңға сәйкес келтіру;
2) нормативтік құқықтық актінің қолданылуын белгіленген тәртіппен тоқтата тұру;
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде заңдарға сәйкестігін тексеру арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жөнінен - мемлекеттік органдар.
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын заңнан туындайтын нормативтік құқықтық актілерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған және (немесе) оларды әзірлеушілер болып табылатын уәкілетті органдар.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 43-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-1-бап. Нормативтiк құқықтық актілердің құқықтық мониторингi
1. Уәкілетті органдар өздері қабылдаған және (немесе) әзірлеуші болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингін жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.
8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
1. Нормативтік құқықтық актілерде көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану тәжірибесінде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3. Заң актілерінің нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте түсіндірілуге тиіс.
4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мағынасы оларды түсіндірген кезде заң актілеріне толық сәйкестікте ашылуға тиіс.
5. Нормативтік құқтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады.
45-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді.
2. Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар береді.
9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру мен есепке алу
46-бап. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар осы актілердің есебін жүргізеді және оларды жүйеге келтіреді, өздері қабылдаған актілердің бақылау даналарына жүргізіп, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулардың бәрін уақтылы енгізіп отырады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 81-III Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттік есебi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттік есебiн Қазақстан Республикасы әділет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттік органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы әділет органдарына жiбередi.
«Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрi және оларды мемлекеттік тiркеудi ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы» ҚРПрезидентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығын қара
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
48-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Барлық уәкілетті органдар мүдделі адамдарға мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтік актілермен танысуға рұқсат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының