13) көлік-логистика жүйесін дамыту және теміржолдар бойынша жүктердің көлік ағындарын арттыру болып табылады.»;
4) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар жасалатын шарттарға, тасымалдау қағидаларына, инфрақұрылымдық қызметтерге қол жеткізу және оларды көрсету қағидаларына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тасымалдау процесі операцияларын жоспарлайды, ұйымдастырады және орындайды.»;
5) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Магистральдық теміржол желісі жекешелендіруге жатпайды және кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.
Мемлекет меншігіндегі магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілері кейіннен Ұлттық инфрақұрылым операторына берумен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке беріледі.»;
6) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Магистральдық теміржол желісі
1. Тасымалдаушылар магистральдық теміржол желісі бойынша тасымалдауларды Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Тасымалдаушы магистралдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.
3. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын Ұлттық инфрақұрылым операторы береді.
Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кемсiтушіліксiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісін пайдалануға тең құқық беруге мiндеттi.
Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.
4. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтiп-ұстауды және жаңғыртуды, салуды жүзеге асырады.
Жаңа магистральдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.»;
7) 6-2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қала маңындағы - тиісті аумақтарда қала маңындағы аймақтардың бекітілген шекаралары шегінде қаланы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаулар болып бөлінеді.»;
8) 8-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі «Ұлттық тасымалдаушыға» деген сөздер «ұлттық тасымалдаушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу
Жылжымалы құрам мен жылжымалы құрамның кепілі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.
Жылжымалы құрам мен оның кепілін мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;
10) 11-баптың 2-тармағындағы «техникалық реттеу туралы» деген сөздер «техникалық реттеу саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтері мен концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.»;
12) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-2), 22-3) және 22-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«22-2) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;
22-3) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту;
13-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22-4) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;»;
2-тармақта:
6) тармақшадағы «тiркеу» деген сөз «мемлекеттік тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1), 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;»;
«34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия және реттелетін нарықтар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
34-2) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;»;
13) 15-1 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар
1. Ұлттық тасымалдаушылар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетедi, сондай-ақ арнайы және әскери тасымалдауларды орындайды.
16-бап. Тасымалдау процесін басқару
1. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық және станциялық жолдардағы қозғалысты диспетчерлік реттеуді қоса алғанда, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді, тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
3. Ұлттық инфрақұрылым операторы концессионермен концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.»;
14) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.»;
15) 17-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.»;
4-тармақтағы «темiр жол вокзалдарына кiреберiстердi және таксилердiң, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге арналған жеке және қоғамдық автокөлiктiң тұрақ орындарын күтіп ұстауды» деген сөздер «вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздерден басқа, жұмыс беруші уәкiлеттi органның актісі негізінде теміржол көлігі қызметкерін мынадай:
1) диспетчерлiк қызметтiң, Ұлттық инфрақұрылым операторының тасымалдау процесiн басқаруға және поездардың қозғалысына байланысты нұсқауларын орындамаған;
2) жұмыс уақыты режимiн бұзған жағдайларда жұмыстан шеттетуге мiндеттi.»;
17) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату олардың өмірлік цикл процесінде адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалауға, жасауға, пайдалануға, тасымалдауға, сақтауға, жөндеуге және кәдеге жаратуға қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде олардың сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.»;
18) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
19) мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-баптармен толықтырылсын:
«32-1-бап. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар
1. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларымен, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларымен, Поездар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен, Теміржол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
13-тармақтың 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті, оған қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді.
3. Жылжымалы құрам осы Заңның, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
32-2-бап. Қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жауаптылық
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан, қауіпсіздік жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
20) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы:
1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн;
3) темiржол көлiгiнде өртке қарсы профилактикалық жұмыстың жүргiзiлуiн және өртті жоюды қамтамасыз етуге мiндетті.»;
21) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық инфрақұрылым операторы осындай шешiмнiң қолданылу мерзiмiн белгiлеуге, сондай-ақ уәкiлеттi органды, тасымалдаушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды дереу хабардар етуге мiндеттi.»;
22) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кiрме жолды пайдалану тасымалдау қағидаларына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.»;
23) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.»;
24) 58-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жол бойынша, сондай-ақ тиеу (түсiру) жөніндегі қызметтi жүзеге асыру және маневрлiк жұмыс кезiнде қозғалыс қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеруге құқылы.
2. Мемлекеттік көлiктік бақылау органы, Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолда қозғалыс қауiпсiздiгiне, жылжымалы құрамның, контейнерлердiң, жүктердiң сақталуына қатер төндiретiн ақаулар тапқан кезде анықталған бұзушылықтар туралы акт жасалады.
Тармақ иеленушi көрсетілген актiнiң негiзiнде кiрме жолдар қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға мiндеттi.
Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмдерде жоймаған жағдайда, Ұлттық инфрақұрылым операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және оны алып кетудi тоқтатады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе тасымалдаушы кiрме жолдардағы жылжымалы құрамды және контейнерлердi беру мен алып кетудi, маневрлiк жұмыстарды тоқтата тұрудың әрбір жағдайы туралы мемлекеттік көлiктік бақылау органына жазбаша түрде хабарлауға және кiрме жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы туралы актіні жасалған кезінен бастап бір тәулiктен кешiктiрілмейтін мерзімде жiберуге мiндеттi.»;
25) 59-баптағы «Магистралдық темiр жол желiсi операторының», «магистралдық темiр жол желiсi операторының» деген сөздер «Ұлттық инфрақұрылым операторының» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 65-баптың 4-тармағы «билет кассалары» деген сөздерден кейін «, электрондық терминалдар және интернет-ресурстар» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 67-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы «тапсыруға құқығы бар.» деген сөздер «тапсыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жазбаша талап ету бойынша тасымалдаушыдан (билет кассаларынан немесе жолаушылар агенттіктерінен) бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) бүлінген, жоғалған жағдайда, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Бұрын қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша телнұсқа берілмейді.»;
28) 76-баптың 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспегені немесе бұзылғаны (бүлiнгені) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерлерде:
1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны мөлшерiнде;
2) бұзылған (бүлінген) жағдайда багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады.
Багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн әдетте алынатын баға негiзге алынып айқындалады.»;
«7. Тасымалдаушы, егер жүктің немесе багаждың, жүк-багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі) өзінің кінәсінан болмағанын дәлелдей алмаса, жүктің, багаждың немесе жүк-багаждың жоғалуына, жетіспеуіне немесе бұзылуына (бүлінуіне) жауап береді.»;
29) 79-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсiрмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы вагондар айналымының технологиялық мерзімінен және жүктердi түсiру (босату) мерзімдерінен (технологиялық уақытынан) тыс жиырма төрт сағаттан артық кiдiртiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемақыны арттырады, бірақ он еседен аспайтын көлемде арттырады.»;
екінші бөліктегі «49-баптың» деген сөздер «осы Заңның 49-бабы» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 83-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
31) 88-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді.»;
32) 89-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «әкесiнiң аты» деген сөздерден кейін «(бар болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «оның жеке басын куәландыратын құжаттың және салық төлеушi куәлiгiнiң» деген сөздер «өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 91-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(бар болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 59-1) тармақшамен толықтырылсын:
«59-1) шағын көлемді кеме - балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме;»;
2) 3-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «соқтығысуы кезінде қолданылады.» деген сөздер «соқтығысуы кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Каспий теңізінде жүзуді жүзеге асыратын шағын көлемді кемелерге қолданылады.»;
3) 4-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын сертификаттау жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет етеді.»;
3-тармақта:
8), 10), 11), 25) және 35) тармақшалар алып тасталсын;
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«55) теңiз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекараларын айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
«55-1) теңіздегі кеме қатынасы аясында навигация және байланыс саласындағы қызметтерді ұсыну жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау;»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Каботаж
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер каботажды жүзеге асырады.»;
5) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кеменің өз атауы болуға тиіс.
Меншік иесі кеменің атауын береді және өзгертеді.
Кемелерге бірдей атаулар беруге жол берілмейді.»;
6) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт жарамды болатын уақытша куәлiк берген кезден бастап осындай құқықты пайдаланады.»;
7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру
Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кемені жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде, мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркеліп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрып, шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін.»;
8) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады.»;
9) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеменің Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін, жүргізу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс.»;
10) 16-бапта:
1-тармақ 3) тармақшасындағы «тізілімінде мемлекеттік тіркелуге тиіс.» деген сөздер «тізілімінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.»;
2, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады.
Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеу (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және аталған тізілімнен осындай кемені шығару, оның пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген тұлғаның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады.»;
«4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тiркеледi.