7) «Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды» ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын ҚР БСК шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының үш мәнін білдіретін) және үш мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;
8) «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағында ақша алушының толық атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК, атауы және БСК) көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі; егер ақша алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, осы жолақта резидент еместің (қағаз тасығышта) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі;
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдалады;
9) «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» ашық жолағында теңгенің шетел валютасына нарықтық бағамы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына оның сәйкестігі көрсетіледі;
10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің «Сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;
11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «Жалпы сомасы» ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;
12) «ағымдағы қаржы жылының сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;
13) «базалық шығыстар сомасы» ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі;
14) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің»(Сомасы жазбаша)»ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);
15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің»(Сомасы жазбаша)»ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;
«Басшылардың қолы» бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында «Үшін» деген көмекші сөзді, қолдан жазылған «Орынб.»деген жазу немесе қисық сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ-ға ЭЦҚ қойылады;
16) «құжат - негіздеме» ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;
17) «аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (%)»ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
18) «сомасы» ашық жолағында сомасы цифрлармен көрсетіледі.
Өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.
171. Мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдерiн тiркеу журналын (бұдан әрi - журнал) мемлекеттік мекеме осы Ереженің 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзедi.
Журнал беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiнделген және нықталған болуы тиiс, елтаңбалы мөр бедерімен және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзi өкiлеттiк берген тұлғаның қойылған қолымен нықталады.
Жазбалар хронологиялық тәртiппен жүргiзiледi, өтiнiмдi жасау күнi журналда көрсетiлген күнге сәйкес келуi тиiс.
Ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда журналда бос беттер болған кезде оны келесi жылы пайдалануға болады, бұл ретте жазбалардың нөмiрлерi басынан басталады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 172-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
172. Шартты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде бірнеше бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшелігі бойынша жасасқан кезде өтінімдер бюджет шығыстарының әрбір бюджеттік сыныптаманың әрбір коды (бұдан әрі - шығыстардың БСК-сі) бойынша шарт сомасын көрсете отырып, әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша немесе шығыстардың әрбір БСК-сі бойынша шарт сомасы көрсетіле отырып жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ қалыптасады және жіберіледі).
Бұл ретте мемлекеттік мекеме барлық өтiнiмдердi бiр уақытта бередi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 173-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
173. Өтінім онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жарамды болады.
Өтінімдер қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне мемлекеттік мекемелерден қағаз тасығышта сағат 16.00-ден кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күніне қабылданған болып есептеледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде жергілікті уақыт бойынша 16.00-ден кейін түскен өтінім келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 174-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 174-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
174. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге өтінімдердің және міндеттемені тіркеу туралы хабарламаның нөмірлері (шарттың нөмірі мен күні, болған кезде қосымша келісімнің нөмірі мен күні) көрсетілген түсіндірме жазба қоса тіркеледі.
Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша жібереді).
Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығының сомасына жасалады және ұсынылады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттер сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім ағымдағы қаржы жылының жалпы сомасына және өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).
Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге арналған өтiнiмдердi тексеру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 175-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 175-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 175-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
175. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тіркеуге берілген шартты (қосымша келісімді) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электронды түрде мыналарға:
1) мемлекеттік мекеме атауының көрсетілу дұрыстығына;
2) ҚР ББС сәйкес бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер кодының және атауының болуына және дұрыстығына;
3) шарт мәнінің Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстар бағытына сәйкестігіне;
4) аванстық төлем пайызының осы Ережеде белгіленген мөлшерден асып түспеуіне;
5) жазумен көрсетілген соманың санмен көрсетілген сомаға сәйкестігіне;
6) қағаз тасығыштағы шартта қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар құжатқа сәйкестігіне, бұл ретте қолдар жарыққа төзімді сиялармен қойылуы тиіс, елтаңбалы мөрдің бедері дәл және анық болуы тиіс. Мемлекеттік мекемелер мен ақша алушыларға ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі;
7) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асуы мүмкін шарттарды қоспағанда, шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының шегінен асып кетпеуіне;
8) шарт сомасының қабылданбаған міндеттемелер сомасынан асып кетпеуіне;
9) қолданылу мерзімі тек осы Ережеде көзделген жағдайларда ғана ағымдағы қаржы жылынан асатын қосымша келісімдердің, сондай-ақ шарттардың жасалуына;
10) осы Ереженің 155-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі шарттарды тіркеуге ұсынуға;
11) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың және жұмыстар көлемдерінің жалпы сомасын тиісті қаржы жылдары бойынша шартты түрде бөлісудің бар-жоғына тексеруді жүзеге асырады;
12) шарттың (қосымша келісімнің) талаптарын қолмен қандай да бір түзетулерге не дұрыстауға жол берілмейді;
13-14-подпункттар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) егер ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты аванс төлеу шартпен көзделген жағдайда бұрын төленген авансты тепе-тең ұстау туралы шарттың болуы;
14) ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға байланысты шарттарда ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан кейін шарттың сомасынан бес пайызды тапсырыс берушінің түпкілікті төлеуі жөніндегі шарттардың және тапсырыс берушінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне осы объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік немесе жұмыс комиссиясының бекітілген актісін беруге қоятын талаптарының болуы;
15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта ақша алушының тарапынан шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алу туралы талаптың, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің осындай тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз ету міндеті туралы талаптың болуы;
16) егер ақша алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, шарт талаптарында шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын міндетті түрде көрсетудің болуы немесе егер ақша алушы ҚҚС төлеуші болмаған жағдайда ҚҚС болмауы.
176. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi өтiнiмдi мыналарға:
белгiленген нысанға сәйкестiгiне;
өтiнiм деректемелерiнiң шарт деректемелерiне сәйкестiгiне;
мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестiгiне;
ақша алушы деректемелерiнiң Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестiгiне;
өтiнiмдегi қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгiлерi бар құжатқа сәйкестiгiне;
осы Ереженiң 165, 167-тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;
жазылған соманың санмен берiлген сомаға сәйкестiгiне;
шартты бiрнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберiнде жасасқан жағдайда, барлық өтiнiмдердiң бiр уақытта берiлуіне;
өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiнде берiлуiне тексерудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 177-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 177-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
177. Өтінім оған қоса берілген құжаттарға не шарт осы Ереженің 175, 176-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды мынадай жағдайларда:
1) қабылдау кезеңінде сәйкессіздік байқалса, мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінім тізіліміне қайтару туралы соғылған белгімен хат ресімдемей;
2) қабылдағаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік байқалса, оларды аумақтық қазынашылық бөлімшесіне берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының қойылған қолымен жазбаша түрде қайтарады, бұл ретте өтінімнің екінші данасы хаттың екінші данасымен қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өтінімнің электрондық түрі оған тіркелген құжаттарға не осы Ереженің 175, 176-тармақтарымен белгіленген шарт талаптарына сәйкес келмеген кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі қабылдамау себептері көрсетілген өтінімді қабылдамайды.
22-тарау. Шартты тiркеу туралы хабарламаны қалыптастыру және беру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 178-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 178-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
178. Шартты тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша алушымен жасасқан шартының (қосымша келісімінің) тіркелуін растайтын құжат болып табылады.
Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесінде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеген кезде ғана беріледі.
Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтінім деректемелерінің негізінде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 179-тармақ жаңа редакцияда
179. Хабарлама мемлекеттік мекемеге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне өтінімді берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
Шартты (қосымша келісімді) тіркеу кезінде хабарлама осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде мемлекеттік мекемелер 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны дербес қалыптастыра алады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға хабарлама қалыптастыруды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді.
180. Шартты (қосымша келісімдi) тіркеу кезінде мынадай:
5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама үш данада қалыптастырылады;
5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама төрт данада қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 181-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
181. Мыналар:
тiркелген шарттың сомасы;
шарттың қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн ағымдағы қаржы жылына арналған тiркелген шарттың сомасы;
тараптардың атауларын қоспағанда, тараптардың деректемелерi;
бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген жағдайда өзгертіледі.
Тараптардың атауы өзгергертілген қосымша келісім ұсынылған жағдайда, 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны жаппастан Хабарлама түзетiледi.
ҚБАЖ-да, оның негiзiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асып кететiн бұрын тiркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тiркелетiн өтiнiмдi бекiткен кезде 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 182-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
182. Қағаз тасығыштағы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) қол қояды, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты атқарушысының қолымен, мөртабан бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңдеу күні қойылады, сондай-ақ елтаңбалық мөр бедерімен куәландырылады.
Бұл ретте 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бірнеше бетте қалыптастырылған жағдайда құжаттың әр бетіне қол қойылып, мөр бедерімен ресімделіп құжаттың қайта өңделген күні қойылады.
Мемлекеттік мекеме «Қазынашылық-клиент» АЖ электрондық түрде қалыптастырылған хабарламаға аумақтық қазынашылық бөлімшесі қол қоймайды.
183. Хабарламаның 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiр данасы шарттың (қосымша келісімнің) көшірмесімен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады, қалған даналары шарттың (қосымша келісімнің) әр бетi мөртабандалған түпнұсқасымен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
184. Мемлекеттік мекеме ақша алушыға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөр бедерiмен куәландырылған мыналарды:
шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаның бiреуiн;
осы шартты (қосымша келісімдi) 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркеу кезiнде алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш хабарламаның екеуiн бередi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 185-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
185. Ақша алушы 5 (бес) миллион теңгеден асатын сомаға тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша алынған 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi хабарламаны алғаннан кейін 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасын оған ағымдағы шотты ашқан екiншi деңгейдегi банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - банк) бередi.
Ақша алушы 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның кейіннен мемлекеттік мекемеде қалатын екінші данасына қол қояды және дәл және анық мөр бедерімен куәландырады. Бұл ретте ақша алушы қол қоюды және мөр бедерін басуды мемлекеттік мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт (қосымша келісім) бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуi үшiн жүзеге асырады. Ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Мемлекеттік мекеме ақшаны алушымен тиісті бюджеттің кірісіне ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсім) сомасын мемлекеттік мекеменің аударуы туралы қосымша келісім жасасқан жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қол қойылмайды.
Егер ақша алушы жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмеген жеке тұлға болып табылатын жағдайда 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада оның қойылған қолы ғана болады.
186. Мемлекеттік мекеме «түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотқа қоса аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ақша алушының қойылған қолдары және мөр бедерлері бар 69-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарламаны ұсынады.
«Түпкiлiктi» мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шотты жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженің 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі - 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама) екi данада қалыптастырады. Хабарламаға 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің жауапты атқарушысы қол қояды және құжатты қайта өңдеу күнiн қоя отырып, оның мөртабанымен куәландырады. 70-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаның бiр данасы орындалған және тіркелген міндеттемелердің есебін жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге, екінші данасы - мемлекеттік мекеменің қабылданған міндеттемелерін жабу үшін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 187-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 187-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
187. Бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингтi және мемлекеттiк мекеменiң қабылданған мiндеттемелерi бойынша егжей-тегжейлi ақпарат алуды қамтамасыз ету үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ережеге 71-қосымшаға сәйкес 4-09 «Мерзiмдi мiндеттемелер бөлшектерi» нысанындағы есебiн және мемлекеттiк мекеменiң сұратуы бойынша берiлетiн осы Ережеге 72-қосымшаға сәйкес 4-12 «Орындалмаған мiндеттемелердiң бөлшектерi» нысанындағы есебiн, сондай-ақ осы Ережеге 31-қосымшаға сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанындағы есептi ай сайын және мемлекеттік мекеменің және/немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің сұратуы бойынша айдың 1 және 16 күніндегі жағдай бойынша ведомстволық бағынысты мекемелер бөлінісінде қалыптастырады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 «Кезеңді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.
23-тарау. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 188-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 188-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 188-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)