Әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындарды төлеуге бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 414 «Машиналар, жабдықтар, құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалын сатып алу» ерекшелігі бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 157-2-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ң 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-2-тармақ өзгертілді
157-2. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан аспайтын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекемелердің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынатын орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы түпкілікті есеп айырысу ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарды аяқтағаннан және тапсырыс беруші аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қабылдау комиссиясының қол қойылған актісін ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
ҚР Yкіметiнің 2012.09.10. № 1280 Қаулысымен 158-2-тармақпен толықтырылды
158-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруды және пайдалануды жүзеге асыру кезінде мамандандырылған ұйымға ақша қаражатын аудару 100 (жүз) пайыз мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 159-1-тармақпен толықтырылды
159-1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру үлесін төлеу кезінде байланысты гранттар бойынша аванстық (алдын ала) төлем шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 160-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
160. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 154 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.03.11. № 1281 Қаулысымен 160-2-тармақпен толықтырылды
160-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.
161. Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 161-1-тармақпен толықтырылды
161-1. Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктермен (оның ішінде олар басқа заңды тұлға болып қайта ұйымдастырылған жағдайда) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу олармен жасалған шарттарда немесе келісімдерде көрсетілген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 161-1-тармақпен толықтырылды
161-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған шартта міндетті түрде аталған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), сондай-ақ мемлекеттік мекеменің шарттың толық сомасынан тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделеді.
Мемлекеттік мекеме шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылу жағдайларын қоса алғанда, ақша алушы тарапынан шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда толық көлемде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162-тармақ өзгертілді
162. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгiзген;
тараптардың деректемелері өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженің 57 және 526-тармақтарында көрсетілген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің аударылмаған сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетілген шарттардың қолданылу мерзімін ұзарту тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне тиісті қаулылардың жобаларын енгізеді;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
163. Мемлекеттік мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 164-тармақ жаңа редакцияда
164. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.
Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.
Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз тасығышта ұсынады.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз тасығышта (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.
Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз тасығышта екі өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.
Ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінімді қағаз тасығышта ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 165-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
165. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз тасығышта екі данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығыштағы көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз тасығышта ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз тасығышта ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған осы тармақта санамаланған құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 166-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 166-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 166-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 165-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда);
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, жеке нотариус ретінде, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;
3) ақшаны алушы резидент емес болып табылған жағдайда:
ол болған кезде бенефициардың және бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжат;
ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хаты.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекемемен осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырылады.
Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығына дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 167-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167. Мемлекеттік мекеме қағаз тасығыштағы өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.
168. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеледi.
Келесi жылдары аталған шартты қайта тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң негiзiнде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiммен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.
20-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi ресiмдеу және ұсыну
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 169-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
169. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі - ағымдағы қаржы жылына арналған өтінім) осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 66-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі - жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 67-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 170-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 170-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 170-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
170. Өтінім мынадай түрде толтырылады:
1) «Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
«Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы «Мемлекеттік мекеменің коды», «Мемлекеттік мекеменің атауы», «Бюджеттің түрі» ашық жолақтары «Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім» нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;
2) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 - мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;
3)»№ өтінім» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;
4) «Күні» ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;
5) «Мемлекеттiк мекеменiң атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;
6) «Шығыстың сипаттамасы» ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасасқан шарттың мәні көрсетіледі. Осы ашық жолақта «Қазынашылық-клиент» АЖ Қазақстан Республикасының резиденті еместің деректемелері көрсетіледі;