2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi адамдармен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
7) жетiншi кезекте заң актілеріне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргiзiледi.
8-тарау. Астық қолхаттары
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Астық қолхаты
1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi.
2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:
1) облыстың жергілікті атқарушы органы берген код;
2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;
3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жылы, айы, күні, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi не астықты сақтауға тапсырған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі;
6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;
8) сақтау төлемi туралы белгi;
9) куәлiктiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.
4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.
5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссаттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссанттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Астық қабылдау кәсiпорны облыстың жергілікті атқарушы органына астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.
9. Астық қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының облыстың жергілікті атқарушы органына берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi осы астық қолхатын жарамсыз деп тану үшiн негiздеме болып табылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1 бап. Астық қолхатын беру тәртібі
1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне берiлетiн астық қолхатының санын астықтың иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.
2. Астық қолхаттары астық иесiне астық қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны астық қабылдау кәсiпорны хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.
3. Жаңа астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны:
1) онда индоссаменттi жасау үшiн бос орын болмаған;
2) табиғи тозығы жеткен;
3) жоғалған жағдайларда беруi мүмкiн.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың құқықтары
1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге құқығы бар.
2. Қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа билiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша борышты өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық берудi талап етуге құқылы емес.
3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:
1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;
2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру
1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.
Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.
2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
41-бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру
1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.
2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.
3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-2-баппен толықтырылды
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-3-баппен толықтырылды
41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi
1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 41-4-баппен толықтырылды
41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының