43-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімi
Осы Заңның талаптарына сай келетін сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі, оның мақсаттарын, қалыптастырылу және пайдаланылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
44-бап. Сот сараптамасы органдарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
Сот сараптамасы органының басшысы іс бойынша іс жүргізу аяқталған соң заттай дәлелдемелер болып табылатын нәрселерді практикалық, ғылыми және оқу-әдістемелік қызметте пайдалану үшін алу туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) алдында өтініш жасауға құқылы.
6-тарау. Сот сараптамасы органдарында сот-сараптама қызметін
қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
45-бап. Сот-сараптама қызметін қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 242-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының сот-сараптама қызметін, оның ішінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын жүргізуге ақы төлеу Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
46-бап. Сот сараптамасын жүргізуді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің стандарттары мен талаптары
Сот сарапшысы өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін арнайы жарақталған үй-жайлар болған кезде жүзеге асыра алады.
7-тарау. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық
ынтымақтастық
47-бап. Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Сот сараптамасының органдары бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және әдістемелік ақпарат алмасу, сот сарапшыларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында шет мемлекеттердің сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын органдарымен және қызметтерімен заңға сәйкес халықаралық байланыстар орнатуға құқылы.
48-бап. Шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша сот сараптамасын жүргізу
Сот сараптамасы Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бар шет мемлекеттің құзыретті органының тапсыруы бойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
49-бап. Шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып, сот сараптамасын жүргізу
1. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) заңда белгіленген тәртіппен, өз бастамасы бойынша не сот сараптамасы органы басшысының өтініші бойынша шет мемлекеттердің сот сараптамасы саласындағы мамандарын тарту туралы өтініш жасауға құқылы.
2. Шет мемлекеттердің сот сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстерінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
50-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасын бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 276-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 10, 32-құжат; 2006 ж., № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы қаңтардың 20-ы.
№ 240-IV