3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;
12) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығы болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
1) жол органының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның немесе оның бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жол полициясы бөлімшелерінен автомобиль жолдары бойындағы қозғалысты тоқтатудың немесе шектеудің себептері туралы түсіндірме алуға;
2) қозғалыстың шарттары туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалану тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) тегін жүріп өтуге;
5) жол органының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемдері, массасы және (немесе) осьтік жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүріп-тұруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен асатын көлік құралдарымен арнайы рұқсатсыз жүріп өтуді жүзеге асырмауға;
3) жол қозғалысы қауіпсіздігін төмендететін, қозғалыста іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының, автомобиль жолдары мен құрылыстардың сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға;
4) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту ақысын ақы алу пунктін кесіп өту кезінде не төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлеуді жүргізуге;
5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті қозғалыс белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, ақы алу пункті арқылы Ұлттық оператор немесе концессионер белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.»;
13) мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
30-бап. Ұлттық оператордың өкілеттіктері
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салудың, реконструкциялаудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың барысы мен сапасын бақылау;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органына енгізу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы жинау;
6) ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) қызметін ұйымдастыру;
7) автомобиль жолының элементтерін бүлдіретін көлік құралдарын не ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтуге арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын қадағалап отыру және есепке алу;
8) ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүріп өтуіне кедергі келтіретін ақауларды жою;
9) ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушыларға ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өтудің құны мен олардың ұзындығы туралы, ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланудың тәртібі, жүріп өту ақысының мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүріп өтуге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы ақпарат беру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.».
2-бап. Осы Заңның 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 2-і.
№ 112-V