3. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымын және мазмұнын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
17) 35-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тiрi адамдарға мәжбүрлеу түрiнде сот сараптамасын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.»;
18) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Сот сараптамасын жүргiзу кезiнде адамның медициналық ұйымда болу мерзiмдерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, адам сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымда отыз тәулiкке дейiнгi қажетті мерзiмге орналастырылуы мүмкiн.
2. Ерікті түрде сот сараптамасына тартылған адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісімімен, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.
3. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның онда болу мерзiмiнiң, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзарту тәртiбiнiң бұзылуына аталған адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi немесе iске қатысуға жiберiлген өзге де өкiлдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.»;
19) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күзетпен ұсталмаған адамдарға психиатриялық стационарларда сот-психиатриялық сараптама жүргiзу кезеңiнде оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстері нормаларының күшi қолданылады.»;
20) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және оқумен қамтамасыз ету. Сот сарапшыларын кәсiптік даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
1. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсiптік даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның сот сараптамасы органдарына жүктеледi.
2. Сот-сараптамалық зерттеулердің әдiстемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
43-бап. Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдiстемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi
Осы Заңның талаптарына сай келетiн сот-сараптамалық зерттеулердiң әдiстемелерi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдiстемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттарын, қалыптастырылу және пайдаланылу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 2-і.
№ 113-V