Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
243-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы «адамдарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
91-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «адамдарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
597-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «адамдарға» деген сөз «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 1-2, 3-құжат):
1) 1-баптың 2), 4), 10) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сарапшының қорытындысы - Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат;»;
«4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия -Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат;»;
«10) сот сараптамасы органдары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғалар;»;
«12) сот сарапшысы - осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн, қылмыстық процестi жүргiзушi орган (адам), сот не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған адам;»;
4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мiндеті
Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді арнаулы ғылыми білімді қолдану нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн негiзге ала отырып, қорытынды бередi. Бұл ретте ол Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалып, жол берiлетiн зерттеу құралдары мен әдiстерiн таңдауда дербес болады.»;
4) 9-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе немесе олардың нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;»;
5) 12, 13, 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Сот сарапшысына қойылатын кәсiптiк және бiлiктiлiк талаптары
1. Сот сарапшысының арнаулы ғылыми бiлiмi болуға тиiс.
2. Сот сараптамасын жүргiзу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
2) сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.
3. Бiржолғы тәртiппен сараптама жүргiзу:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;
2) қылмыстық, азаматтық процеске қатысушының, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның), әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушының сот сараптамасы органдарының қызметкерi болып табылмайтын не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын адамды сарапшы ретiнде тарту туралы дәлелдi өтiнiшхаты қанағаттандырылған;
3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартуы қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген;
4) осы Заңның 49-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың жоғары білімі болуға тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысының бiлiктiлiгi болуға, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның комиссиялары аттестаттауға және олар Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
6. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымына орналаса алады.
7. Сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
8. Сот тәртiбiмен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам сот сарапшысы бола алмайды.
Тиiстi заңдық факт болған күннен бастап үш жыл бойына:
1) соттылығы заңда белгiленген тәртiппен өтелген немесе алынған;
2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
3) мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан, сот сараптамасы органдарынан терiс себептермен шығарылған;
4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
5) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.
13-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру
1. Сот сарапшысы біліктілігін беру оның біліктілік емтиханын тапсырып, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігінің берілуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау
1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығының деңгейін анықтау мақсатында олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.
Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.
2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
15-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары
1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі.
2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия бас лицензия болып табылады.
3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын және оның құрамын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
16-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру
1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта жалғастырудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
3. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды:
адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензиядан айыру:
адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;
адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.
Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдар негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.
Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған адам қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.»;
6) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттары мен қалыптастырылу және пайдаланылу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді.»;
7) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «жүргізуге құқылы емес.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.»;
8) 19-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;»;
9) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Сот сараптамасы органдары
Сот сараптамасы органдарына:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның сот сараптамасы органдары, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдары жатқызылады.»;
10) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), прокурордың, нотариустың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргізуге негіз болып табылады.»;
11) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер болған кезде сот сарапшысы сот сараптамасын жүргiзуге қатысудан шеттетуге жатады, ал егер ол осы сот сарапшысына тапсырылған болса, оны жүргiзудi дереу тоқтатуға мiндеттi.»;
12) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзiмдерi
1. Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi сот сараптамасы органы, сот- сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын, сот сарапшысы ретiнде тартылған жеке тұлға сот сараптамасын және оның объектiлерiн тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды iс жүргiзуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.
Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.
Ерiктi түрде сот сараптамасына тартылатын адамдардың және сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту тәртібі осы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген.
3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу барысында зерттеу жүргізбей қорытынды беру мүмкін болмайтын қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігі туындаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына дәлелдi өтiнiшхат жібереді.
Көрсетілген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырмай тоқтата тұрады.
Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым және оны жүргізу үшін ұсынылған материалдар орындалмастан, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына жіберіледі.
5. Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама ол жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жiберiледi.»;
13) 27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сот сараптамасы объектiлерiн пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
14) 29-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
15) 31-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiлген зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi және тұжырымы көрсетiлуге тиiс.»;
«4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 32-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламада: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы туралы және (немесе) сот сарапшысы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; зерттеу объектiлерi; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелерге жауап қайтарудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi көрсетiлуге тиiс.