Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2008 жылғы 25 қаңтарда)
Осы редакция 2013 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2009.23.02 № 139-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының үкіметтері,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,
халықаралық саудадағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Тарап мемлекетінің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құны осы мемлекеттің аумағынан әкету кезінде тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Осы Келісімнің ережелері кеден одағының бірыңғай кедендік тарифін қолдану, сондай-ақ кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден бөлек өзге де шараларды қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай ережелерін реттейді. Көрсетілген ережелер, егер кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелу кезінде тауарлар іс жүзінде кеден одағының кедендік шекарасынан өткен болса қолданылады және мұндай тауарларға қатысты өту кезінде мәлімделген кедендік режимнің нормалары қолданылады. Өзге жағдайларда осы Келісімнің ережелері, егер бұл Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасымен тікелей белгіленсе, қолданылуы мүмкін.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК 1994) кедендік мақсаттары үшін тауарларды бағалаудың жалпы қағидаттарын және ережелерін ескере отырып, осы Келісімге сәйкес айқындалады.
2-бап
1. Әкелінетін тауарлармен осы Келісімнің 4-бабында белгіленген мәндегі мәміленің барынша мүмкін болатын дәрежедегі құны осы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізі болуы қажет.
Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша осы тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмайтын жағдайда, осы Келісімнің 6-бабының немесе 7-бабының талаптарына жауап беретін кедендік құнды айқындау үшін құндық негізді негізделген түрде таңдау мақсатында кеден органы мен тауарларды декларациялаушы тұлға арасында консультациялар жүргізілуі мүмкін. Консультациялар процесінде кеден органы мен тауарларды декларациялаушы тұлға коммерциялық құпия туралы Тарап мемлекеттерінің тиісті заңнамасының сақталуы шартымен олардың әрқайсысында бар ақпаратпен алмаса алады.
Консультациялар тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында белгіленетін тәртіппен жүргізіледі.
Осы Келісімнің 6 және 7-баптарының талаптарына сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмайтын кезде мұндай құнды айқындау үшін негіз ретінде не ол бойынша әкелінетін, бірдей немесе біртектес тауарлық кеден одағының бірыңғай кеден аумағында (осы Келісімнің 8-бабы) сатылған баға, не тауарлардың есептік құны (осы Келісімнің 9-бабы) пайдаланылуы мүмкін. Тауарларды декларациялаушы тұлға әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде көрсетілген баптарды қолдану кезектілігін таңдауға құқығы бар.
Егер әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін жоғарыда көрсетілген баптардың біреуінің де ережелерін пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда, тауарлардың кедендік құнын айқындау бұл жағдайларда осы Келісімнің 10-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңдылықты, бірыңғайлылықты және риясыздықты қамтамасыз ету мақсатында кедендік мақсаттар үшін тауарларды бағалау жүйесі еркін немесе жасанды тауарлардың кедендік құнын пайдалануға негізделмеуге тиіс.
3. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға жататын мәліметтер дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қолданатын болуы, яғни тауарларды жеткізудің көздеріне (шығарылған елі, тауарлардың түрі, мәмілеге қатысушылар және басқалар) қарай ажыратылмауы тиіс.
4. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі демпингке қарсы шаралар ретінде пайдаланылмауға тиіс.
5. Осы Келісімнің ережелері тиісті Тарап мемлекеті кеден органдарының тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсатында осы мемлекеттің кедендік заңнамасында көзделген тәртіппен тауарларды декларациялаушы адам ұсынған құжаттардың түпнұсқалылығын және ондағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге өкілеттіктерін шектейтін ретінде қарастырылмайды.
3-бап
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда пайдаланылатын терминдер мынадай мәнге ие:
әкелінетін тауарлар - кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелу мақсатында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
өзара байланысты адамдар - мынадай шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін:
а) бір-бірінің кәсіпорындарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылатын;
б) заңды түрде танылған әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда табу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтеретін;
в) олар жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылатын;
г) қандай да бір тұлға екеуінің де айналымға шығарылған дауыс беруші акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, бақылайтын немесе ұстаушысы болып табылатын;
д) екеуінің біреуі екіншісін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын;
е) олардың екеуі де үшінші тұлғаның тікелей немесе жанама бақылауында болатын;
ж) олар бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын;
з) туыстар немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлғалар.
Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге де қызметте әріптес болып табылатын тұлғалар, олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибьютері немесе айрықша концессионері болып табылған жағдайда, қалай болғанда да, егер осы тұлғалар осы тармақта көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап берсе, осы Келісімнің мақсаттары үшін өзара байланысты болып саналуға тиіс;
бірдей тауарлар - барлық қатынастарда да, оның ішінде физикалық сипаттамалары, сапасы және беделі бойынша бірдей тауарлар. Егер тауарлар осы тармақтың талаптарына сәйкес болса, сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Тауарлар, егер олар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елде шығарылмаса немесе егер, осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, нобайлар мен сызбалар және өзге де ұқсас жұмыстар кеден одағының бірыңғай кеден аумағында орындалған болса, бірдей деп саналмайды.»«Шығарылған» ұғымы алынған, өсірілген, дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бөлшектеу жолымен) дегенді де қамтиды. Бағаланатын тауарларды шығарушыдан өзге тұлға шығарған бірдей тауарлар сол шығарушының бірдей тауарлары анықталмаған, не қолда бар ақпарат пайдалану үшін қолайлы деп саналмаған жағдайда ғана назарға алынады;
біртектес тауарлар - барлық қатынастарда бірдей болып табылмайтын, бірақ ұқсас сипаттамалары бар және әкелінетін тауарлар атқаратын функцияларды орындауға және олармен коммерциялық өзара алмасушылықта болуға мүмкіндік беретін сондай материалдардан шығарылған ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар. Тауарлардың біртектес болып табылатындығын айқындау кезінде сапасы, беделі және тауарлық белгісінің болуы сияқты сипаттамалар ескеріледі. Тауарлар, егер олар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар шығарылған елде шығарылмаса немесе егер, осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік конструкторлық жұмыс, көркемдік безендіру, дизайн, нобайлар мен сызбалар және өзге де ұқсас жұмыстар кеден одағының бірыңғай кеден аумағында орындалған болса, біртектес болып саналмайды. «Шығарылған» ұғымы алынған, өсірілген, дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бөлшектеу жолымен) дегенді де қамтиды. Бағаланатын тауарларды шығарушыдан өзге тұлға шығарған біртектес тауарлар сол шығарушының біртектес тауарлары анықталмаған, не қолда бар ақпарат пайдалану үшін қолайлы деп саналмаған жағдайда ғана қарастырылады;
нақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарлар - бірдей және біртектес тауарларды қоса алғанда, оларды дайындау экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар;
тауарлардың кеден одағының бірыңғай кеден аумағына келетін жері - тауарлар тиісті Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін жеткізілуі тиіс, Тараптар белгіленген кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті.
Кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін»«келетін жері» ұғымын нақтылау кеден одағы органдарының бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін;
бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қағидаттары - тиісті уақыт кезеңінде тиісті мемлекетте белгіленген тәртіппен қолданылатын бухгалтерлік ережелерінің жүйесі;
үшінші елдер - Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер.
2. Егер тұлға осы тұлғаға қатысты шектеулерді немесе ұйғарымдарды заңдық немесе практикалық тұрғыдан қолданса, ол басқа тұлғаны бақылайтын болып саналады.
4-бап
1. Олармен жасалған мәміленің құны, яғни кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкету үшін оларды тиісті осы Келісімнің 5-бабының ережелеріне сәйкес толықтырылған және сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге баға:
1) мынадай:
кеден одағы органдарының бірлескен шешімімен белгіленген;
тауарлар қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектейтін;
тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін шектеулерді қоспағанда, сатып алушының тауарларды пайдалану немесе иелік ету құқығына қатысты шектеулердің болмауы;
2) тауарларды сату немесе олардың бағасы тауарлардың бағасына әсер етпейтін сан жағынан айқындалмайтын қандай да бір шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелді болмауы;
3) тауарларды кейіннен сатудан, сатып алушының өзге де тәсілмен иелік етуінен немесе пайдалануынан кірген кірістің немесе түсімнің ешқандай да бөлігі осы Келісімнің 5-бабының ережелеріне сәйкес қосымша есептеулер жүргізілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі болмауы;
4) сатушы мен сатып алушының өзара байланысты адамдар болып табылмауы немесе сатушы мен сатып алушының әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болатын түрде өзара байланысты адамдар болып табылуы шартымен кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны болып табылады.
2. Әкелінетін тауарлар үшін сатып алушы тікелей сатушыға немесе сатушының пайдасына жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын барлық төлемдердің жалпы сомасы осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға болып табылады. Бұл ретте төлемдер тиісті Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген нысанда тікелей немесе жанама жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі жеке түрде тауарлардың кедендік құнын анықтау мақсаттары үшін қолайлы емес мәміленің құнын тану негізі болып танылмауы тиіс. Бұл жағдайда сатуға ілеспе жағдайлары талдануы тиіс. Көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпеген жағдайда, мәміленің құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін қолайлы деп танылуы тиіс.
Сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болған жағдайда және бұл ретте тауарларды декларациялаушы тұлға ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпараттың негізінде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етсе, онда кеден органы осы белгілер туралы тауарларды декларациялаушы тұлғаға жазбаша хабарлайды. Тауарларды декларациялаушы тұлға іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға сатушы мен сатып алушының өзара байланысы ықпалының жоқ екендігін дәлелдеуі тиіс.
4. Осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзара байланысты адамдардың арасында тауарларды сату кезінде әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны қабылданады және егер, тауарларды декларациялаушы адам әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміле құны әкелетін тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен немесе оған тиісті уақыт кезеңінде мынадай тексеру шамаларының біріне жақын екендігін дәлелдеген жағдайда ғана тауарлардың кедендік құны осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады:
1) сатушымен өзара байланысты емес болып табылатын адамдар бірыңғай кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін мұндай тауарларды сатып алушыларға сатқан кездегі бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны;
2) осы Келісімнің 8-бабының шарттарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің кедендік құны;
3) осы Келісімнің 9-бабының шарттарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны.
5. Осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес салыстыру жүргізу кезінде тауарларды декларациялаушы тұлға ұсынған сатудың коммерциялық деңгейлеріндегі, тауарлардың санындағы, осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген қосымша есептеулердегі алшақтықтар туралы, сондай-ақ егер, сатушы мен сатып алушы өзара байланысты адамдар болып табылғанда сатушы сату кезінде көтермейтін шығыстармен салыстырғанда сатушы мен сатып алушы өзара байланысты адамдар емес болып табылғанда сатушы әдетте сату кезінде көтеретін шығыстардың алшақтықтары туралы мәліметтер ескеріледі.
6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тексеру шамалары тауарларды декларациялаушы тұлғаның бастамасы бойынша тек салыстыру мақсатында пайдаланылады және тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды.
7. Әкелінген тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын баға, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты болады, осыған байланысты егер, олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаған жағдайда, сатып алушының сатушыға дивидендтерді немесе өзге де осындай төлемдерді аударуы кедендік құнының бөлігі болып табылмайды.
5-бап
1. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын олармен жасалатын мәміленің құны бойынша айқындау кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға:
1) сатып алушы жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға жататын, бірақ әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшердегі мынадай шығыстар:
а) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды сатып алуға байланысты, оны шет елде ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін сатып алушы өз агентіне (делдалға) төлеген сатып алу үшін сыйақыларды қоспағанда, делдалдарға (агенттерге) сыйақылар және брокерлерге сыйақылар;
б) егер ол кеден мақсаттары үшін әкелінетін тауарлармен біртұтас ретінде қаралатын болса, ыдысқа;
в) буып-түю материалдарының және буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түюге;
2) әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде, сатып алушы сатушыға бағаланатын (әкелінетін) тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін өндіруге және сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген баға бойынша тікелей немесе жанама ұсынған мынадай тауарлар мен қызметтердің тиісті түрде бөлінген құны:
а) әкелінетін тауарлар тұратын шикізаттың, материалдардың, бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың және ұқсас заттардың;
б) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған аспаптардың, мөртаңбалардың, нысандардың және басқа да ұқсас заттардың;
в) әкелінетін тауарларды өндіру кезінде жұмсалған материалдардың;
г) кеден одағының бірыңғай кедендік аумағынан тысқары жерлерде орындалған және әкелінетін тауарларды шығару үшін қажетті жобалаудың, әзірлеудің, инженерлік, конструкторлық жұмыстың, көркемдік безендірудің, дизайнның, нобайлар мен сызбалардың;
3) әкелінетін тауарларды кейіннен сатудың, өзге де тәсілмен иелік етудің немесе пайдаланудың нәтижесінде алынған, сатушыға тікелей немесе жанама тиесілі кірістің немесе түсімнің бөлігі;
4) тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына баратын өзге де орынға дейін өткізу (тасымалдау) жөніндегі шығыстар;
5) тауарларды тиеу, түсіру немесе қайта тиеу және оларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына баратын өзге де орынға дейін тасуға (тасымалдауға) байланысты өзге де операцияларды жүргізу жөніндегі шығыстар;
6) осы баптың 1-тармағының 4, 5-тармақшаларында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыруға арналған шығыстар;
7) осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосылмаған мөлшерде, бағаланатын (әкелінетін) тауарларға жататын және бағаланатын тауарларды сату шарты ретінде сатып алушы тікелей немесе жанама жүргізген немесе жүргізуі тиіс зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдер (патенттер, тауарлық белгілер, авторлық құқық үшін төлемдерді қоса) қосылады.
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға:
а) әкелінетін тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында қайта өндіру (көбейту) құқығы үшін төлемдер;
б) егер мұндай төлемдер әкелінетін тауарларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сату шарты болып табылмаса, әкелінетін тауарларды бөлу немесе қайта сату құқығы үшін төлемдер.
2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнына олар іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағалардан бөлінген, тауарларды декларациялаушы тұлға мәлімдеген және ол құжатпен растаған болуы шартымен, төменде санамаланған шығыстар қосылмауға тиіс:
кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлар келгеннен кейін жүргізілген құрылысқа, салуға, жинақтауға, монтаждауға, өндірістік қондырғылар, машиналар немесе жабдықтар сияқты бағаланатын (әкелінетін) тауарларға қатысты қызмет көрсетуге немесе техникалық жәрдемдесуге;
олар кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына келгеннен кейін жүзеге асырылатын тауарларды тасу (тасымалдау) жөніндегі;
бағаланатын (әкелінетін) тауарларды әкелуге немесе сатуға байланысты кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында төленген баждар, салықтар мен алымдар.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосу дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпараттың негізінде жүргізіледі. Қосымша есептеу үшін қажетті мұндай ақпарат болмаған кезде әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс қолданылмайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосу жүргізілмейді.
5. Іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға қосуды жүзеге асыру кезінде:
а) осы баптың 1-тармағының 2 «б» тармақшасында көрсетілген, бағаланатын тауарларды өндіру кезінде пайдаланылған заттардың құнын бөлу барлық осы құнды тауарлардың бірінші легінің кедендік құнына немесе декларацияланатын тауарлардың мөлшерінен кем болмайтын тауарларды декларациялаушы тұлға айқындаған өзге де тауарлар мөлшерінің кедендік құнына жатқызу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай бөлу тауарларды декларациялаушы тұлғадағы құжаттарға және бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қағидаттарына қарай нақты жағдайларға қолданылатын ақылға қонымды тәсілмен жүргізілуге тиіс.
Бұл ретте, егер сатып алушы заттарды сатып алушымен өзара байланысты тұлға болып табылмайтын сатушыдан сатып алса, оларды сатып алу жөніндегі шығыстар не егер, заттарды сатып алушы шығарса, оларды дайындау жөніндегі шығыстар көрсетілген заттардың құны деп танылады. Егер көрсетілген заттарды бұрын сатып алушы пайдаланған болса, оларды осы сатып алушы сатып алынғандығына немесе шығарғандығына қарамастан, бастапқы сатып алу немесе өндіру бағасы оларды пайдалануды ескере отырып, осы заттардың құнын алуға (айқындауға) байланысты азайтуға жатады;
б) сатып алушы ұсынған және осы баптың 1-тармағының 2 «г» тармақшасында көрсетілген, сатып алушы сатып алған немесе жалға алған элементтерге қатысты қосу мұндай элементтерді сатып алу немесе жалға алуға арналған шығыстар бөлігінде жүргізіледі; егер сатып алушы қоғамдық иеліктегі мемлекеттік немесе муниципалдық меншіктегі элементтерді ұсынған болса, қосымша есептеулер олардан көшірме алуға арналған құн (шығын) бөлігінде жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасы бойынша қосымша есептеулер жүргізілген кезде тікелей тауарлардың/заттардың құнынан басқа, оларды сатушыға ұсынуға (жеткізуге) (оларды қайтаруды қоса алғанда, егер мұндай көзделген болса) байланысты барлық шығыстар ескеріледі.
6-бап
1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4-бабына сәйкес айқындала алмаса, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сатылған және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінетін уақытта немесе оған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен жасалатын мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы баптың негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылуға тиіс. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықты ескере отырып, құнға тиісті түзету жүргізумен қолданылады.
Мұндай түзету тауарлармен жасалатын мәміле құнын өсіруге немесе азайтуға әкеп соқтыратындығына қарамастан, түзетудің негізділігі мен нақтылығын құжатпен растайтын мәліметтердің негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны жөніндегі әдіс кедендік құнды айқындау мақсаттары үшін пайдаланылмайды.
2. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы бапқа сәйкес айқындау кезінде қажет болған кезде бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты осы Келісімнің 5-баптың 1-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген, оларды тасу (тасымалдау) аралығындағы және көлік түрлеріндегі айырмашылықтарға негізделген шығыстардағы елеулі айырманы есептеу үшін бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құнына түзету жүргізіледі.
3. Егер бірден артық бірдей тауарлармен жасалатын мәміле құны анықталса (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулерді ескере отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ішіндегі ең төменгісі қолданылады.
7-бап
1. Егер кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 4 және 6-бабына сәйкес айқындала алмаса, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкету үшін сатылған және дәл сол немесе оған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін 90 күнтізбелік күннен бұрын емес, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінген біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады.
Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты коммерциялық деңгейде және мәні бойынша сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылуға тиіс. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны пайдаланылады. Осы абзацта көрсетілген ақпарат сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) тауарлар мөлшеріндегі айырмашылықты ескере отырып, құнға тиісті түзету жүргізумен қолданылады.