3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкіндегі өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға;
4) белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға;
5) толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға ;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
2. Толық серiктестiктерге қатысушылардың осы Заңға , басқа заң актілеріне және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.
3. Осы Заңға және басқа заң актілерінде толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келісімi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады.
4. Толық серiктестiкке қатысушылар:
1) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын сақтауға;
2) толық серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;
3) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға;
4) өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан тартынуға;
5) толық серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға ;
6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
5. Толық серiктестiкке қатысушылар осы Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттер қабылдай алады.
6. Толық серiктестiкке қатысушыларды осы Заңда, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерге кiрмейтiн iс-әрекет жасауға мiндеттейтiн олардың келісімдерi жарамсыз болып табылады.
7. Толық серiктестiкке қатысушы осы Заңда, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамаса, соның салдарынан серiктестiкке немесе оған қатысушыларға зиян келтiрiлсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулi зиян келтiрген жағдайда оның серiктестiктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы.
12-бап. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) барлық қатысушылардың есiмi, сондай-ақ «толық серiктестiк» деген сөздер, не болмаса;
2) «және компания» деген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай-ақ «толық серiктестiк» деген сөздер болуы керек.
2. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында осы Заңдың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
13-бап. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкіндегі үлесi
1. Толық серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшерi қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгiленген есептiк көрсеткiштiң жиырма бес мөлшерiнен кем болмауы керек.
2. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртібі мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
3. Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкіндегі үлесi осы Заңдың 7-бабындағы ережелермен анықталады.
14-бап. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу
1. Толық серiктестiктiң жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөніндегі шешiм барлық қатысушылардың ортақ келісімi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшiлiк дауысымен шешiм қабылданатын реттер де көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысы бiр дауысқа ие болады.
Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне қарай белгiлеу көзделуi мүмкiн.
2. Толық серiктестiктi басқаруда осы баптың 1-тармағының ережелерiн ескере отырып толық серiктестiктiң атқарушы органдары жүзеге асырады.
Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртібі және олардың құзыры құрылтай құжаттарында белгiленедi.
3. Толық серiктестiкке қатысушының өзге қатысушылардың келiсуiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғаның мүдделерi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серiктестiкке келтiрiлген шығынның орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.
4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiк органдары қатысушылардың талап етуi бойынша олардың бәрiне өз қызметi жайында толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.
5. Өкiлеттiгi болмаса да орталық мүдделер үшiн iс-әрекет жасаған қатысушы, оның iс-әрекетiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзiнiң iс-әрекетi арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығыстардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдейтiн болса, серiктестiктен өзi жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
15-бап. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту
1. Қатысушы серiктестiктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серiктестiк мүлкіндегі оның үлесiн кредитор (кредиторлар) өндiрiп алуды қолданған, толық серiктестiкке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жариялаған, белгiсiз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектелуi деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келісімiмен белгiленбеген болса, толық серiктестiк тоқтатылуға жатады.
2. Толық серiктестiк өз қызметiн одан әрi жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серiктестiк мүлкіндегі үлесi басқа қатысушыларға немесе үшiншi тұлғаға көшкен, қатысушы серiктестiктен шығарылған, немесе серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгiзiле отырып, толық серiктестiк қайта тiркелуге тиiс.
16-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуы
1. Толық серiктестiкке қатысушы серiктестiкке қатысудан бас тартатыны жайында мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
2. Қатысушы толық серiктестiкке қатысудан бас тартатынын серiктестiктен нақты шығардан кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Бес жылға дейiнгi мерзiмге құрылған толық серiктестiктен мерзiмiнен бұрын шығуға дәлелдi себептер бойынша ғана жол берiледi.
3. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың серiктестiктен шығу туралы арыз беруiнiң осы бапта белгiленгеннен өзгеше мерзiмi көзделуi мүмкiн.
Серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келісімi жарамсыз болып табылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары
1. Толық серiктестiктен шыққан қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң сол қатысушының серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiнiң мөлшерiне бара-бар бөлiгiнiң құны төленедi.
2. Толық серiктестiк мүлкiнiң одан шығатын қатысушыға тиесiлi бөлiгiнiң құны қатысушының серiктестiктен шығу сәтiне жасалған серiктестiк балансына сәйкес анықталады және қатысушының серiктестiктен нақты шыққан күнiнен бастап 30 күн iшiнде төленедi.
3. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келiсуi бойынша толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны мүлiктi заттай берумен алмастырылуы мүмкiн.
4. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серiктестiкте болған кезеңiнде толық серiктестiктiң осы жылда алған пайдасының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.
5. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталына өз салымын iшiнара қосқан қатысушыға шығар кезiнде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, оған сол салымының бiр бөлiгiнiң құны ғана төленедi.
6. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, шығатын қатысушының толық серiктестiктiң пайдалануына берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.
6-1. Қатысушы толық серiктестiктен шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серiктестiк мүлкіндегі үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келiсуiмен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серiктестiктен шыққан күнге белгiленген бастапқы мөлшерiне бара бар ұлғайтылады.
18-бап. Толық серiктестiкке қатысушы үлесiнiң (үлесiнiң бiр бөлiгiнiң) ауысуы
1. Толық серiктестiкке қатысушы өз үлесiн (үлесiнiң бiр бөлiгiн) қалған барлық қатысушылардың келiсуiмен ғана серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаға беруi мүмкiн.
2. Үлес серiктестiктiң басқа қатысушысына немесе үшiншi тұлғаға берiлген жағдайда толық серiктестiктен шыққан қатысушыға тиесiлi құқықтар мен мiндеттердiң бүкiл жиынтығы да ауысады.
3. Серiктестiкке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленушi (мұрагерi) барлық қатысушылардың келiсуiмен серiктестiкке кiре алады.
4. Құқығын иеленушi (мұрагерi) толық серiктестiкке кіруден бас тартқан немесе серiктестiк құқығын иеленушiнi (мұрагердi) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған серiктестiк мүлкіндегі құқығын иеленушi ретiнде тиесiлi үлесiнiң қатысушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған күнге анықталған құны осы Заңдың 17-бабында белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
19-бап. Қатысушыны толық серiктестiктен шығару
1. Толық серiктестiкке қатысушылар бiр немесе бiрнеше қатысушының дәлелдi себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз мiндеттерiн өрескел бұзған немесе iстi байсалды жүргiзуге қабiлетсiздiгi анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша, сотқа беру тәртібімен серiктестiктен шығарылуын талап етуге құқылы.
2. Толық серiктестiктен шығарылған қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны осы Заңдың 17-бабында белгiленген тәртiппен төленедi.
3. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серiктестiкке келтiрген барлық шығыны толық серiктестiк мүлкiнiң оған төленетiн бiр бөлiгiнiң құнынан соттың шешiмi бойынша өндiрiп алынады. Шығарылған қатысушының серiктестiкке келтiрген шығынының құны шығару кезiнде оған төленген мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнынан асып кеткен жағдайда, шығын құнының жетпейтiн бөлiгi серiктестiктен шығарылған қатысушының басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
20-бап. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен өндiрiп алуды қолдану
1. Қатысушының толық серiктестiктегi үлесiнен оның жеке борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшiн оның өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүлiктен өндiрiп алуды қолдану мақсатында борышқордың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн осы Заңдың 17-бабында анықталған тәртiп бойынша бөлуiн толық серiктестiктен талап етуге құқылы. Серiктестiк мүлкiнiң бөлуге жататын бөлiгi немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтiне жасалған баланс бойынша анықталады.
2. Қатысушының толық серiктестiк мүлкіндегі үлесiнен өндiрiп алу оның серiктестiкке қатысуын тоқтатады және осы Заңдың 15, 19 және 24-баптарында көзделген салдарға әкелiп соғады.
21-бап. Толық серiктестiкке қатысушыны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танудың салдары
1. Егер толық серiктестiкке қатысушы әрекетке қабiлетсiз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серiктестiк сақталатын болса (осы Заңдың 15-бабы), онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкi серiктестiктiң қалған қатысушыларының бәрi келiскен жағдайда ғана серiктестiк қызметiне қатыса алады.
Серiктестiктiң барлық қатысушысының осындай келісімi әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуы үшiн де талап етiледi.
2. Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының қорғаншысы сол қатысушының атынан толық серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартса немесе серiктестiк оның өзi қызметiне осындай қатысуынан бас тартқан жағдайда сол қатысушының заңды өкiлi ретiнде қорғаншысына серiктестiк мүлкiнiң қатысушы өкiлiне тиесiлi бiр бөлiгiнiң құны осы Заңдың 17-бабында анықталған тәртiп бойынша төленедi.
Әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған қатысушыға, серiктестiк немесе сол қатысушының қамқоршысы серiктестiк қызметiне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртiп бойынша серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны төленедi.
22-бап. Толық серiктестiкке жаңа қатысушыларды қабылдау
1. Жаңа қатысушылар толық серiктестiкке барлық қатысушылардың келiсуi бойынша ғана қабылдануы мүмкiн.
2. Жаңа қатысушыларды қабылдаған кезде толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарына мынадай:
1) серiктестiкке қатысушылар үлесiнiң жаңа мөлшерiне;
2) серiктестiктi басқару тәртібіне;
3) серiктестiктiң жаңа қатысушысы салымының мөлшерiне, оны енгізу тәртібіне, мерзiмi мен тәсiлiне;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерістер енгiзiледi.
23-бап. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Толық серiктестiктiң пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, олардың серiктестiктiң жарғылық қорындағы үлесiнiң мөлшерiне бара бар бөлiнедi.
2. Толық серiктестiкке қатысушылардың әлде бiреуiн пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келісімдер жарамсыз болып табылады.
24-бап. Қатысушылардың толық серiктестiктiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi
1. Егер толық серiктестiк таратылған жағдайда оның барлық борышын өтеу үшiн қолда бар мүлкi жетпейтiн болса, оның мүшелерi жетiспейтiн бөлiгiнде заң актілеріне сәйкес өндiрiп алынуы мүмкiн өздерiнiң барлық мүлкiмен серiктестiк үшiн ортақтасып жауап бередi.
2. Серiктестiк құрылғаннан кейiн үлес беру немесе құқығын иеленушi тәртібімен серiктестiкке кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы ол серiктестiкке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа қатысушылармен бiрдей жауап бередi.
Серiктестiк құрылғаннан кейiн оған жаңа қатысушы ретiнде кiрген толық серiктестiктiң қатысушысы, өзi серiктестiкке кiргеннен кейiнгi мiндеттемелер бойынша ғана жауап бередi.
3. Толық серiктестiктен өз еркi бойынша, оны хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қамқоршысының келiсуiмен әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған жағдайда немесе серiктестiктен сот шешiмi бойынша шығарылған қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке кіру жайындағы ұсыныстан бас тартқан, қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктен шыққан жылғы серiктестiктiң қызметi туралы есептi бекiткен күннен бастап өздерi одан шыққанға дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша екi жыл бойы жауап бередi.
4. Үлесiн басқа қатысушыға немесе үшiншi тұлғаға беру, серiктестiк мүлкіндегі оның үлесiне кредитордың (кредиторлардың) өндiрiп алуды қолдануы немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылмаған қатысушының серiктестiк қызметiне қатысуына қалған қатысушылардың келісім беруден бас тартуы, хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған қатысушының заңды өкiлi ретіндегі қорғанышы тәртібімен толық серiктестiктен шыққан қатысушы, сондай-ақ серiктестiкке қабылдауға басқа қатысушылар келісім бермеген қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған қатысушының құқығын иеленушi (мұрагерi) серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
5. Толық серiктестiктiң борышын толық немесе iшiнара өтеген қатысушы тиiстi бөлiгiнде серiктестiк мүлкіндегі өз үлестерiне бара бар мөлшерде өзiнiң алдында үлестiк жауапкершiлiк тартатын қалған қатысушыларға керi талап қойып өтiнiш жасауға құқылы.
6. Толық серiктестiк тоқтатылған жағдайда қатысушылар оның доғарылу сәтiне дейiн пайда болған серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiк тоқтатылған күнiнен бастап екi жыл бойы жауап бередi.
7. Қатысушылардың толық серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiнiң осы бапта көрсетiлген тәртібін өзгерту туралы олардың келісімдерi жарамсыз болып табылады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Осы Заңдың 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, серiктестiкте жалғыз қатысушы қалған жағдайда толық серiктестiк тоқтатылады.
2. Серiктестiкте жалғыз өзi қалған сәттен бастап алты айдың iшiнде толық серiктестiктiң қатысушысы жаңа қатысушылар қабылдап, толық серiктестiктi сақтап қалуға құқылы.
3. Жалғыз өзi толық серiктестiктiң қатысушысы болып қалған сәттен бастап ол алты айдың iшiнде мынадай iс-әрекет жасауға:
1) серiктестiк жүзеге асырып жатқан қызметтi қаржыландыру туралы салымшылармен шарт жасасуға және сенім серiктестiгiн құруға;
2) тиiстi серiктестiк түрiнiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерi туралы осы Заңдың талаптары орындай отырып, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құруға яки серiктестiктi таратуға құқығы бар.
II-ТАРАУ. СЕНІМ СЕРIКТЕСТIГI
26-бап. Сенім серiктестiгiнiң ұғымы
1. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктестерiмен) ортақтасып жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершiлiгi серiктестiктiң (салымшылардың) жарғылық капиталына өздерi салған салым сомасымен шектелетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына қатыспайтын бiр немесе одан да көп қатысушылардан тұратын шаруашылық серiктестiгi сенім серiктестiгi деп танылады.
2. Сенім серiктестiгiне қатысатын толық серiктестердiң құқықтық жағдайы және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.
3. Осы Заңдың толық серiктестiк туралы (10-25 баптар) нормалары сенім серiктестiгiне қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне қайшы келмейдi.
2007.19.02. № 230-III Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
27-бап. Сенім серiктестiгi салымшыларының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сенім серiктестiгi салымшыларының:
1) серiктестiк пайдасының бiр бөлiгiн құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша мүлiктегi және жарғылық капиталдағы өз үлесiне бара-бар мөлшерде алуға;
2) серiктестiктiң жылдың есебiмен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;
3) мүлiктегi өз үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн осы Заңда және серiктестiк құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша басқа салымшыға немесе үшiншi тұлғаға беруге;
4) осы Заңдың 31-бабының 2-тармағында және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп бойынша серiктестiктен шығуға ;
5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;
6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
2. Сенім серiктестiгi салымшыларының осы Заңда, басқа да заң актілерінде және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген өзге де құқықтары болуы мүмкiн.
3. Сенім серiктестiгiнiң салымшылары үшiн осы Заңда және басқа заң актілерінде көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, соның iшiнде салымшылар мен толық серiктестіктердiң келiсуi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады.
4. Сенім серiктестiгiнiң салымшылары:
1) серiктестiктiң құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;
2) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен тәсiлмен және мөлшерде салымдар салуға;
3) серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда серiктестiң өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның iшiнде серiктестiкке қызмет көрсетуге ;
4) серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін - тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
5. Егер салымшы сенім серiктестiгiнiң мүдделерi үшiн тиiстi өкiлеттiксiз мәмiле жасаса, оның iс-әрекетiн серiктестiк мақұлдаған жағдайда ол мәмiле бойынша кредиторлардың алдында толық көлемде жауап бередi. Егер ол мақұлданбаса, салымшы заң бойынша өндiрiп алынуы мүмкiн барлық мүлкiмен үшiншi тұлға алдында дербес жауап бередi.
6. Сенім серiктестiгiнiң салымшылары осы Заңда және басқа заң актілерінде, серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
7. Толық серiктестер мен салымшыларының осы Заңда, басқа заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiне кiрмейтiн iс-әрекет жасауға сенім серiктестiгiнiң салымшыларына мiндеттейтiн келісімдерi жарамсыз болып табылады.
8. Сенім серiктестiгiнiң салымшысы осы Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындамау арқылы серiктестiкке немесе оның қатысушыларына зиян шектiрсе, толық серiктестер мұндай салымшыдан оны өтеудi, ал елеулi түрде зиян шектiрсе - оны сот тәртібімен серiктестiктен шығаруды талап етуге құқылы.
ҚР 19.06.97 ж. № 132-1; 22.04.98 ж. № 221-1 Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталы.
Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi
1. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталы толық серiктестер мен салымшылардың салымынан құралады және жарғылық капиталға салым салған сәтте Қазақстан Республикасында заңмен белгiленген елу есептiк көрсеткiш мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
2. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң жиынтық мөлшерi 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серiктестiктердiң салымын (салымының бiр бөлiгiн) төлеу жөніндегі мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртібі мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң мүлкіндегі үлесi осы Заңдың 7-бабындағы ережелер бойынша анықталады.
29-бап. Сенім серiктестiгi құрылтай құжаттарының мазмұны
1. Сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) толық серiктестердiң бәрiнiң есiмi, сондай-ақ «сенім серiктестiгi» деген сөздер не болмаса;
2) «және компания» деген сөздер қосылған кемiнде бiр толық серiктестiң есiмi, сондай-ақ «сенім серiктестiгi» деген сөздер болады.
2. Сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарында сондай-ақ осы Заңдың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер болуы керек.
30-бап. Сенім серiктестiгiнiң iсiн басқару
Сенім серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенім серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқаруы мен жүргiзуiнiң тәртібін олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенім серiктестiгiнiң iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхатсыз оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серiктестiгi салымшыларының толық серiктестердiң серiктестiк iсiн басқару жөніндегі iс-әрекетiн даулауға құқығы жоқ.
31-бап. Сенім серiктестiгi салымшыларының құрамын өзгерту