Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары белгіленсін.
«Білім алушы тұлғаның қонақ үйде тұруына және тамақтануына арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 338 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына
1-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде
қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын,
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның
тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары
Р/с № | Ел | Күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен) |
ақша сомасын тлеуге | тұру |
1. | Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа | 80-ге дейін | 30-ға дейін |
2. | Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин | 70-ке дейін | 25-ке дейін |
3. | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері | 50-ге дейін | 10-ға дейін |
4. | Басқа да елдер | 60-қа дейін | 15-ке дейін |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына
2-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде
қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын,
Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына
және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары
Оқу орны | Күндік шығыстар (айлық есептік көрсеткіш) |
ақша сомасын тлеуге | тұру |
1. Облыс, аудан орталықтары | 6 АЕК-тен | 4 АЕК-ке |
2. Астана, Алматы, Атырау қалалары | 6 АЕК-ке дейін | 5 АЕК-ке дейін |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына
3-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары
| Ел | Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен) |
1. | Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа | 30-ға дейін |
2. | Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин | 25-ке дейін |
3. | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері | 10-ға дейін |
4. | Басқа да елдер | 15-ке дейін |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына
4-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде
қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты
мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді
оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған
қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары
Р/с № | Оқу орны | Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (айлық есептік көрсеткіш) | |
1. | Облыс, аудан орталықтары | 4 АЕК-ке дейін | |
2. | Астана, Алматы, Атырау қалалары | 5 АЕК-ке дейін |
| | | | | | |
| | | | | | | |