Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 22 мамырдағы
№ 406 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ
дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген
құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш жасау
ережесі
(2010.18.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауының бірыңғай тәртібін айқындау болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және
бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын қиыстыру түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық әділет органдарына жүгінеді.
4. Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатының беткі жағында, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 32-бетіндегі машина оқитын мәтінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның ЖСН-і бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді.
5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне қажетті құжаттарды қосып өтініш берген күнінен бастап екі айдан кешіктірмей береді.
3. Заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) бизнес-сәйкестендіру
нөмірін қалыптастыру және бүрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу
үшін өтініш жасауы
6. Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру үшін тіркеуші органға жүгінеді:
1) орналасқан жері бойынша:
заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) үшін, соның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін;
2) резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының елу пайызынан астамын құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместер үшін;
3) салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша:
Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілеріне иелік ететін резидент еместер үшін;
4) резидент-банктің орналасқан жері бойынша:
резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және Заңның 9-бабы 10-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін резидент еместер үшін.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлігін қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің (ереже) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төлнұсқасы;
3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктердің төлнұсқасы;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Құжаттар ұсынылғаннан кейін уәкілетті орган:
1) ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;
2) заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады;
3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға, филиал мен өкілдік туралы мәлімет енгізеді;
4) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН береді;
5) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің БСН-і туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы ақпарат жібереді;
6) заңды тұлғаны, филиалды және өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты салық органына береді;
7) істі ресімдегеннен кейін құрылтай құжаттарының төлнұсқаларына БСН берілгенін растайтын мөртаңбалар қояды;
8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлік, сондай-ақ құрылтай құжаттарының төлнұсқаларын береді.
9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттарын қосып өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін қажетті құжаттарын қосып өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Заңды тұлға - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі - заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушы жарғысының төлнұсқасы;
3) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің төлнұсқасы;
4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылған соң:
1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;
2) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушының куәлігін қайта ресімдеу туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді;
3) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық шығарады;
4) тіркеуші орган заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушының БСН-і туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгендігі туралы ақпарат жібереді;
5) тіркеуші орган істерді жаңа құжаттармен толықтырады, құжаттарға БСН берілгендігін растайтын тиісті мөртаңба қояды;
6) істерді ресімдеген соң тіркеуші орган заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН беріп заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының төлнұсқасын береді.
12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қосып өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
4. Дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және
бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
13. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер БСН қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін бірлескен дара кәсіпкерлік уәкілетті органының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға жүгінеді және мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді.
Құжаттары бар болған кезде тіркеуші орган дара кәсіпкердің (бірлескен дара кәсіпкерлік) құжаттарын қайта ресімдеуді құжаттарын ұсынғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Жеке және заңды тұлғалардың
(филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын
қайта ресімдеу үшін өтініш жасау
ережесіне 1-қосымша
___________________________
(тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік
(есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген
куәліктерін қайта ресімдеуге өтініш
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) заңды тұлға _____________
2) филиал ___________
3) өкілдік ________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы:
___________________________________________________________________
3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) коммерциялық ___________ 2) коммерциялық емес ____________ болып табылады.
4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә ___________ 2) жоқ ______________
5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________ 2) жоқ _____________
6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________ 2) жоқ _____________
7. Заңды тұлғаның қызметі Үлгі жарғы негізінде жүзеге
асырылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________ 2) жоқ _____________
8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
___________________________________________________________________
(почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы,
___________________________________________________________________
елді мекені, (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйығы, даңғылы,
___________________________________________________________________
үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі)
9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы мәліметтер (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) Қазақстан Республикасының азаматы _____________
2) шетелдік тұлға ________________
3) азаматтығы жоқ тұлға _________________
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаты,
___________________________________________________________________
нөмірі, берілген күні, кім берді, тұрақты тұратын елі,
___________________________________________________________________
СТН (азаматтығы тіркелген елінде салықтық тіркеу нөмірі болмаған жағдайда),
___________________________________________________________________
телефон нөмірі, факс нөмірі, Е-mail)
10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) мемлекеттік ______________ 2) жеке ______________
11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз
___________________________________________________________________
12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрін көрсетіңіз
___________________________________________________________________
13. Жарғылық капиталдың мөлшері _____________________________
14. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін)____________
15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) заңды тұлға _________ 2) жеке тұлға ______________
Заңды тұлға (резидент)
___________________________________________________________________
(атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ___ салым сомасы (мың теңге)____
Заңды тұлға (резидент емес)
___________________________________________________________________
(атауы, тіркелген елі,
___________________________________________________________________
сауда тізілімінің үзіндісіне сәйкес немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын басқа да заңдастырылған құжаттағы тіркеу нөмірі,
___________________________________________________________________
тіркелген күні, КҰЖС коды, не қызмет түрі,
___________________________________________________________________
СТН не салықтық тіркеу нөмірі)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ салым сомасы ______________
Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы)
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә. жеке басын куәландыратын құжаты, нөмірі, берілген күні,
___________________________________________________________________
(кім берді, тұрақты тұратын елі, СТН)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________
Жеке тұлға (шетел азаматы)
___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаты, нөмірі, берілген күні,
___________________________________________________________________
кім берді, тұрақты тұратын елі, салықтық тіркеу нөмірі)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________
16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер Заңды тұлға (резидент)
___________________________________________________________________
(атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
Жарғылық капиталдағы үлесі % ___ салым сомасы (мың теңге)____
Заңды тұлға (резидент емес)
___________________________________________________________________
(атауы, тіркелген елі,
___________________________________________________________________
тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатқа сәйкес),
___________________________________________________________________
тіркелген күні, КҰЖС коды не қызмет түрі,
___________________________________________________________________
СТН не салықтық тіркеу нөмірі)
Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________
17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (шамамен) саны ______________
18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі __________
2) орта кәсіпкерлік субъектісі __________
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі______________
19. Заңды тұлғаны құрудың алдында қайта ұйымдастыру болды
(тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) қайта құру __________ 2) қосылу _________
3) бөлініп шығу__________ 4) бөлу ______________
20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны_____
21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның бұрынғы атауы,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет
___________________________________________________________________
(қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет
___________________________________________________________________
(жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет
___________________________________________________________________
(базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы,
___________________________________________________________________
КҰЖС коды, СТН)
_____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
______________ жылғы "__" __________
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
Жеке және заңды тұлғалардың
(филиалдар мен өкілдіктердің),
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын
қайта ресімдеу үшін өтініш жасау
ережесіне 2-қосымша
___________________________
(тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеуге өтініш
1. Заңды тұлғаның атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы
(тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________ 2) жоқ _______________
3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
1) иә __________ 2) жоқ _______________
_____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)
______________ жылғы "__" __________