Сараптамаға мыналар ұсынылды:
1. Өтінім берушінің өтініші.
2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық тасығыштардағы (модуль, мақала, бейнематериалдардың кадрлық көрсетілімі, аудиожазба мәтіні) жарнамалық ақпарат.
3. Бейне- радио арналарда тарату кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.
4. Пайдалану құжаты (медицина техникасына жарнама ұсынылған жағдайда).
Сараптама барысында мыналар тексерілді:
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың тіркелуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіркелімінде болуы: тіркеу куәлігінің №___, күні____;
медицинада қолданылуы туралы нұсқаулық;
қауіпсіздік пен сапасы туралы қорытындының болуы № ___, күні ______, _____ берілді;
немесе сәйкестік сертификатының болуы №___, күні______, _____ берілді.
Қорытынды: Ұсынылған жарнамалық материалдар Қазақстан Республикасының жарнама саласындағы заңнамасына қайшы келмейді/қайшы келеді.
Жүргізілген сараптама негізінде жарнаманы _____________ өндіру, тарату, орналастыру мүмкін/мүмкін емес деп есептейміз.
_____________________________________________________________________
Сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілері пайдаланылды:
Сараптамалық бағалау актісіне мыналар қоса беріледі:
1. Жарнамалық материалға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды,
2. Электрондық тасығыштарда қоса берілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы жарнамалық ақпарат (модуль, мақала, бейне жарнаманың кадрлық көрсетілімі, аудио жарнаманың жарнамалық мәтіні).
3. Бейне-, радио арналарда тарату кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне-, аудиожазбадағы жарнамалық ақпарат.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2013 жылғы 20 наурыздағы
№ 167 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы
күшін жойған кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5931 тіркелген, 2010 жылғы № 5 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы қыркүйектегі № 9, 2011 жылғы наурыздағы № 3, 398 бап Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған);
2. «Жарнамалауға рұқсат берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 737 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 714 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7279 тіркелген, 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2006) «Заң газетінде» жарияланған);
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8081 тіркелген).