Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 бұйрығы
(2013.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен күші жойылды
«Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т. А.):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткенен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директоры (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілді
Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері
бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы қағидалар
1. Осы білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін анықтау тәртібін (бұдан әрі - кепілдік мөлшерін анықтау) белгілейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
1) кепілдікті міндеттеме - ұйымның кредитор алдында келісімде көзделген тәртіп пен шарттарда айқындалған кепілдік мөлшері шегінде кредит шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерді орындағаны үшін жауап беру міндеттемесі;
2) қарыз алушы - кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;
3) білім беру кредиті - қаржы ұйымдары мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
4) қаржы ұйымы - қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - кредитор);
5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.
2. Білім беру кредиттері бойынша кепілдіктің мөлшерін анықтау тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда қабылдау емтихандарының қорытындысы не ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдалынады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары бар болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.
4. Есепке төмендегі үлгерім алынады:
1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша:
оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сетрификатына немесе оқуға түсу емтихандарының нәтижелеріне сәйкес;
білім алушылар (студенттер) үшін транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізінде соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша жоғары оқу орны берген анықтамаға сәйкес.
2) жоғары білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша:
оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына сәйкес;
білім алушылар үшін жоғары оқу орынның соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізіндегі анықтамасына сәйкес. GPA болмаған жағдайда бес балдық жүйе бойынша үлгерімнің орташа арифметикалық балы есепке алынады.
5. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға түсушілердің үлгерімі ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша (екі пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы) арнайы (шығармашылық) емтихандардың қорытындылары есепке алына отырып есептеледі. Арнайы (шығармашылық) емтихандардың саны - екі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) магистратураға оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім жоғары білім туралы дипломға қосымшадағы қорытынды бағалардың арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі.
8. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша мәндес мамандықтарға түсетін жағдайда үлгерім кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша есептеледі.
9. Білім алушылардың (студенттердің) оқу жетістіктері (білімі, қабілеті, дағдылары мен біліктілігі) осы Қағидаларға «Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламаға сай білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі» 1-қосымшаға сәйкес кестенің негізінде бағаланады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Кепілік мөлшері білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 1-8 кестелері негізінде анықталады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары мынадай төлемдерді көздейді:
1) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру қызметтері үшін;
2) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде қызмет ететін білім беру курстары және/немесе шетелдік ЖОО-лардың қызметтері үшін;
3) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері үшін;
4) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда үлгерімі жоғары студенттерге білім беру қызметтері үшін жүзпайыздық кепілдікпен;
6) ЖОО-лардың қатысуымен жүзпайыздық кепілдікпен Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда білім беру қызметтері үшін;
7) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүз пайыздық кепілдікпен;
8) Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметтерін көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттар үшін жеңілдікті шарттармен жүз пайыздық кепілдікпен.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға әр қайсысы бір академиялық кезең (семестр немесе жыл) үшін оқудың құнынан аспайтын бөлек транштармен беріледі, білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз тәртіппен оқу орынның есепшотына аударылады. Осы қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға ЖОО-да оқудың барлық кезеңіне беріледі.
13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-кестенің негізінде белгіленеді.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-кестенің негізінде белгіленеді.
Осы кепілдік беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерінің құнына анықтама-шотта (инвойста) шығын туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда оқу орнында тұру және тамақтану, сақтандыру шығындары кіреді.
15. Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 3-кестенің негізінде белгіленеді.
16. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17. Осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері тұрақты шама болып табылады және білім беру кредиті сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.
Білім беру кредитінің мөлшері тұрақсыз шама болып табылады және қарыз алушының үлгеріміне қарай осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 5-кестенің негізінде өзгереді.
18. Осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-қосымшасына сәйкес 6-кестенің негізінде тиісті транш бойынша негізгі қарыз сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 19-тармақпен толықтырылды
19. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 7-кестенің негізінде негізгі қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.
Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде шарт жасасқан және жинақтаған сомасы оқудың ақысын толық төлеуге қажетті соманың кемінде елу пайызын құрайтын қарыз алушыларға қатысты қолданылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 20-тармақпен толықтырылды
20. Осы Қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 8-кестенің негізінде білім беру кредитін нақты пайдалану мерзімі ішінде аударылған кредиттік желі мен сыйақының сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды.
Жеңілдікті білім беру кредиттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы негізде оқитын және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп жүрген, оның ішінде базалық медициналық білім, сондай-ақ магистратура бағдарламалары бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады.
Қаржы ұйымдары тарапынан білім
алушыларға ұсынылатын білім беру
кредиттері бойынша кепілдеменің
мөлшерін анықтау қағидаларына
1-қосымша
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламасына сай келетін білім
алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша баға | Балдардың цифрлік баламасы | Пайыздық мазмұны | Әдеттегі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | 5 |
А- | 3,67 | 90-94 |
В+ | 3,33 | 85-89 | 4 |
В | 3,0 | 80-84 |
B- | 2,67 | 75-79 |
С+ | 2,33 | 70-74 | 3 |
С | 2,0 | 65-69 |
С- | 1,67 | 60-64 |
D+ | 1,33 | 55-59 |
D | 1,0 | 50-54 |
F | 0 | 0-49 | 2 |
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қаржы ұйымдары тарапынан білім
алушыларға ұсынылатын білім беру
кредиттері бойынша кепілдеменің
мөлшерін анықтау қағидаларына
2-қосымша
Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау
1-кесте. ЖОО-ларда және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін ұйымдарда оқу ақысын төлеу мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдеме пайыз мөлшерін анықтау параметрлері | 50 % | 65 % | 80 % | 95 % |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілдері (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /кешенді тест нәтижелері бойынша үлгерім | 50-ден 65 балға дейін | 66-тен 80 балға дейін | 81-нен 90-ға балға дейін | 90 балдан жоғары |
Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе) | 3,5-нан 3,8 балға дейін | 3,9-ден 4,2 балға дейін | 4,3-ден 4,5 балға дейін | 4,5 балдан жоғары |
GPA | 1,33-тен 1,99 дейін | 2,00-ден 2,66 дейін | 2,67-ден 3,66 дейін | 3,66 балдан жоғары |
Пайыздық мазмұндағы үлгерім | 55-тен 64 дейін | 65-тен 74 дейін | 75-тен 89 дейін | 90-нан 100 дейін |
2-кесте. Шетелдік ЖОО-ларда және білім беру курстарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау көрсеткіштері | 50 % | 65 % | 80 % |
ЖОО-ларға оқуға түсетіндер үшін ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша үлгерім | 4-тен 4,24 дейін | 4,25-тен 4,74 дейін | 4,75 және жоғары |
GPA | 2,67-тен 2,9 дейін | 3-тен 3,33 дейін | 3,34 және жоғары |
Кредиттік жүйе бойынша пайыздық мазмұндағы үлгерім | 75-тен 84 дейін | 85-тен 89 дейін | 90 және жоғары |
Бес балдық жүйе бойынша үлгерім | 4-тен 4,24 дейін | 4,25-тен 4,74 дейін | 4,75 және жоғары |
3-кесте. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері | 50 % | 65 % | 80 % | 95 % |
2 пән бойынша - қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 20-дан 25 балға дейін | 26-тен 30 балға дейін | 31-тан 35 балға дейін | 35 балдан жоғары |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 2 пән бойынша - қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін), | 25-дан 30 балға дейін | 31-дан 40 балға дейін | 41-тан 45 балға дейін | 45-ен жоғары |
3 пән бойынша - қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесіндегі үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер) | 30-дан 40 балға дейін | 41-тан 50 балға дейін | 51-ден 60 балға дейін | 60-тан жоғары |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән бойынша - қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандары нәтижесінде үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер), | 35-тен 45 балға дейін | 46-тен 55 балға дейін | 56-тен 65 балға дейін | 65-тан жоғары |
ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша үлгерім | 30-дан 45 дейін | 46-тен 55 дейін | 56-тен 65 дейін | 65 балдан жоғары |
Емтихан сессиясы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе) | 3,5-тен 3,8 дейін | 3,9-ден 4,2 дейін | 4,3-ден 4,5 дейін | 4,5 балдан жоғары |
GPA | 1,33-тен 1,99 дейін | 2,00-ден 2,66 дейін | 2,67-ден 3,66 дейін | 3,66 балдан жоғары |
Кредиттік жүйеге сәйкес пайыздық мазмұндағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша үлгерім | 55-тен 64 дейін | 65-тен 74 дейін | 75-тен 89 дейін | 90-нан 100 дейін |
4-кесте. ҚР Білім және ғылым министрінің 2013.30.12. № 517 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-кесте.Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдік пайызының мөлшері | 100 % |
Үлгерімге байланысты кредит сомасының мөлшері | 70 % | 85 % | 100 % |
ЖОО-ларға талапкерлер үшін ҰБТ (қазақ тілі немесе орыс тілі (білім алған тіл), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән)/кешенді тест нәтижелері бойынша үлгерім | 70-тен 79 дейін | 80-нен 89 дейін | 90 және жоғары |
GPA | 2,00-ден 2,66 дейін | 2,67-ден 3,33 дейін | 3,34 және жоғары |
кредиттік жүйе бойынша ЖОО-ларда білім алушылардың пайыздық мазмұндағы үлгерімі | 65-тен 79 дейін | 80-нен 89 дейін | 90 және жоғары |
ЖОО-ларда білім алушылардың бес балдық жүйе бойынша үлгерімі | 3,75-тен 4,24 дейін | 4,25-тен 4,74 дейін | 4,75 және жоғары |
6-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ЖОО-ның қатысуымен 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параментрлері | 100% | 100% |
80 % | 20 % ЖОО кепілдемесі | 95 % | 5 % ЖОО кепілдемесі |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән/кешенді тест бойынша үлгерім | 80-нен 90 балға дейін | 90 балдан жоғары |
Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе) | 4,2-ден 4,5 балға дейін | 4,5 балдан жоғары |
GPA | 2,67-ден 3,66 дейін | 3,66 балдан жоғары |
Пайыздық мазмұндағы үлгерім | 75-тен 89 дейін | 90-нан 100 дейін |
| | | | |
7-кесте. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері | 100% |
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетіндер үшін |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 30 балдан кем емес |
2 пән - қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (негізгі орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 20 балдан кем емес |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша түсушілер үшін 2 пән - қазақ немесе орыс тілі және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін), | 25 балдан кем емес |
3 пән - қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 30 балдан кем емес |
білім беру, құқықтану, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша талапкерлер үшін 3 пән - қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық профилі бойынша қабылдау емтихандарының қорытындыларына сәйкес үлгерім (жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін) | 35 балдан кем емес |
жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 50 балдан кем емес |
Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша үлгерім | 50 балдан кем емес |
Ағымдағы үлгерім |
Емтихан сессиясы (бес балдық жүйе) | 3,5 балдан кем емес |
GPA қорытындысы бойынша | 1,33 балдан кем емес |
пайыздық мазмұнда | 55 балдан кем емес |
8-кесте. Жеңілдікті шарттарда көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек болып табылатын немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша:
Кепілдендіру пайызының мөлшерін анықтау параметрлері | 100% |
ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (білім алу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән) /КТ қорытындылары бойынша үлгерім | 65 балдан кем емес |
Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерім (бес балдық жүйе) | Барлық оқу кезеңі үшін «жақсы» «өте жақсы» бағаларына сәйкес балама бағалар |
GPA |
Пайыздық мазмұндағы үлгерім |