Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым қате нұсқау не нұсқауды кері қайтару немесе тоқтату туралы ақпараттың негізінде «Ақша төлемі және ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Орталыққа ақшаны қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 59-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
59-1. Орталық бөлімшесіне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын есептен шығару үшін борышкердің қайда екендігі белгісіз болуына немесе мұрагері болмауына байланысты соманы қайтару мүмкін еместігі жөнінде анықтама шығару үшін Орталық бөлімшесі сот органдарына жүгінеді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 59-2-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
59-2. Орталық бөлімшелері артық есептелген (төленген) сомаларды есептен шығаруды Есептен шығару актісі бойынша сот қаулыларының негізінде жүргізеді. Орталықтың бөлімшесі Есептен шығару актілерін үш жыл сақтайды.
6. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібi
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінде, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оның мүгедегі қайтыс болған жағдайда отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемақыға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған айдан кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса, төленеді.
61. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне қажетті құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ережеге 20 қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті береді. Құжаттардың көшірмелерін өтініш берушіге қайтарылатын ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін Орталық бөлімшесінің бастығы растауға тиіс. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен расталған құжаттардың көшірмелерін қабылдауға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
62. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке куәлігінің көшірмесі, не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патентінің (жеке адамдар үшін) көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары берген сақтандыру анықтамасы;
3) өлім туралы куәлігінің көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 63-тармақ өзгертілді
63. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді жүзеге асыру үшін қажетті өтініш пен құжаттар Орталықтың бөлімшесіне ұсынылады.
Сканермен көшірілген өтініш пен құжаттар Орталық бөлімшесінің маманы мен басшысының электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес нысандағы жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы электронды шешімнің жобасымен бірге электронды байланыс арқылы бір күннің ішінде Орталықтың филиалдарына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 64-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
64. Орталықтың филиалдары бір күннің ішінде жәрдемақы мөлшерінің дұрыстығын, электронды шешім жобасының ресімделуін тексереді, оны Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады, бұдан кейін электронды шешім жобасын электронды байланыс арқылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық түрдегі құжаттар мен электронды шешім жобасын алған сәттен бастап, бір күннің ішінде жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы шешім қабылдайды, электронды шешім жобасын басқарманың (бөлімнің) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады, бұдан кейін электронды шешім мен алынған құжаттарды электронды байланыс арқылы Орталықтың бөлімшесіне жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 66-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66. Орталықтың бөлімшесі алынған жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы шешім бойынша бір күн ішінде осы Ережеге 22, 23, 24-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жерлеуге берілетін біржолғы төлемді төлеуге қажеттілік-өтінімді жасайды және Орталықтың филиалы арқылы Орталыққа жібереді.
Орталықтың бөлімшесі бір күн ішінде осы Ережеге 25-қосымшаға сәйкес нысандағы жерлеуге берілетін біржолғы төлемді алушылардың тізім-ведомосын жасайды және оны зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 67-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67. Орталық жеке тұлғаларға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тиісті банкті операциялардың түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда ашылған банктік шоттарға аударуды жүргізеді.
Заңды тұлғаларға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді аударуды Орталық олардың ағымдағы шоттарына жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 68-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68. Орталықтың бөлімшесі жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі шешімді қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісіне қосып тігеді.
7. Түзеу мекемелерінде зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібi
69. Түзеу мекемесінде жүрген зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамға зейнетақы немесе жәрдемақы өтінішінің және түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесіне мекеме әкімшілігі ұсынатын, осы Ереженің 3-10-тармақтарында көзделген құжаттардың негізінде тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 70-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
70. Егер адам түзеу мекемесіне орналастырылған сәтте зейнетақы немесе жәрдемақы алушы болып табылса, түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі түзеу мекемесінің әкімшілігі осы Ереженің 40, 41-тармақтарына сәйкес ұсынған, көрсетілген адамның өтініші негізінде зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 70-1-тармақпен толықтырылды
70-1. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі зейнетақы/жеке іс қағазын алғаннан кейін оны есепке қояды және түзеу мекемесінің арнаулы шотына зейнетақылар мен жәрдемақыларды толық көлемінде аудару үшін деректемелерін көрсете отырып, сотталушының деректерін ОДҚ енгізеді.
71. Алушы түзеу мекемесінде болған уақытында зейнетақы немесе жәрдемақы алмаған жағдайда, төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта жаңартылады.
8. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібi
72. Интернаттық (отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспірімдер үйі, балалар үйі, жалпы және арнаулы үлгідегі немесе ақыл-eci кемшін балаларға арналған интернат-үйі және т.б.) және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді осы Ереженің 40, 41-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
73. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын іс-әрекетке қабілетті адамдардың зейнетақылары мен жәрдемақылары зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын жеке шоттарына аударылады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға (бұдан әрі - іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағылар) зейнетақылар мен жәрдемақылар қамқоршылары (қорғаншылары) зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі ұйымда ашатын олардың банктік шоттарына есептеледі және қамқоршы (қорғаншы) оны қамқорлығындағылардың (қорғаншылығындағы) жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрілік заттар, киім, аяқ киім, іш киім, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена мен медициналық көмек заттарын сатып алуға пайдаланады.
75. Қамқоршы (қорғаншы) Орталықтың бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің және іс-әрекетке қабілетсіз адамға медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгендігі туралы қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесін ұсынады.
76. Қамқоршы (қорғаншы) іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағы адамдар үшін алатын зейнетақы немесе жәрдемақы сомаларын жұмсаудың дұрыстығы мен заңдылығы үшін жауапты болады.
9. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жоғалған немесе жарамсыз болған істерін қалпына келтіру тәртібi
77. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылардың жоғалған немесе (өрт, су тасқыны және басқа жағдайлар кезінде) жарамсыз болған істерінің телнұсқаларын Орталықтың бөлімшесі жоғалғаны (ісінің болмауы) туралы актінің, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссия шешімінің хаттамасынан үзінді көшірменің және (немесе) азаматтардың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындауға берген өтініштерін тіркеу журналының, істердің электронды мұрағатының негізінде қалыптастырады және оны зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Орталықтың бөлімшесі азаматтардан осы Ереженің 3-10-тармақтарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау фактісі мен шарттарын растайтын басқа да құжаттарды сұрата алады.
78. Құжатты алу мүмкіндігі болмаған, яғни сол немесе өзге фактіні тіркеу тәртібі (хаттаманың немесе зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы тіркеу кітабы) болмаған не фактіні тіркеу тәртібі сақталмаған және бұл жағдайларда оларға жүгіну мүмкіндігі болмаған, фактіні растайтын құжаттар болғанымен, оларда құжатты дәлелдеу мәнінен айыратын, түзету мүмкін емес қателер немесе жаңсақтықтар болған кезде, талап етілетін заңды фактілер сот органдары арқылы расталады.
79. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы ісінің қалпына келтірілген телнұсқасы мұқабасының оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
80. Куәлігін жоғалтқан жағдайда, алушының өтініші бойынша Орталықтың бөлімшесі телнұсқа жазып береді. Оның оң жақ үстіңгі бұрышына Телнұсқа" деген белгі қойылады.
Телнұсқаны беру кезінде куәліктерді тіркеу журналына тиісті жазба жасалады.
10. Істерді мұрағатта есепке алу, беру және сақтау тәртібi
81. Олар бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдері жүзеге асырылатын істер (қолданыстағы істер) іс нөмірлерінің өсуіне қарай қатаң тәртіппен сақталады.
82. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттар іске қосылады және бүкіл сақталу мерзімінде сонда сақталады. Іске қосылған құжаттар қылмыстық процесті жүргізу үшін және қылмыстық іс қозғау туралы қаулы бар болған жағдайда талап етілсе, құжаттар ресми адамдардың сұратуы бойынша, құжаттарды алу туралы қаулының негізінде берілуі мүмкін, ал олардың көшірме түсірілген (сканермен көшірілген) көшірмелері істі сақтау мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Құжаттарды алуды жүргізу кезінде, сұратушы тарап іске қатысы болуы мүмкін құжаттарды ғана алумен шектелуге тиіс.
83. Зейнетақы немесе жәрдемақы төлемі тоқтатылған істер алушының өзі немесе отбасының мүшелері келгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемнің күні мен сомасы көрсетіле отырып есептен алынады және Орталық бөлімшесінің мұрағатына өткізіледі. Алты айдан артық мерзімге тоқтатылған істер бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді Орталықтың бөлімшесі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімі бойынша қайта жаңартады.
84. Қолданыстағы істерді беру істер қозғалысының және оларды сақтаудың есебі жөніндегі журналға қол қою арқылы бақылау карточкасы бойынша қатаң тәртіппен жүргізіледі.
Қолданыстағы істі берген кезде оның орнына бақылау карточкасы қойылады, қайтарған кезде бақылау карточкасы іске салынады. Алушы қызмет көрсетуші бір учаскеден екіншісіне ауысқан кезде Орталықтың бөлімшесі қызметкерлерінің арасында істерді қабылдау және беру беруші мен қабылдаушының қолы қойылған журнал бойынша жүргізіледі. Учаскені Орталық бөлімшесінің басқа қызметкеріне толық берген кезде қызмет көрсету үшін істерді қабылдау-беру актісі жасалады. Деректерді ОДБ-ға енгізуді қызметкерлер қатаң бекітілген учаскелер бойынша өздеріне құпия берілген пароль арқылы жүргізеді.
85. Орталықтың бөлімшесі жыл сайын есепте тұрған (қолданыстағы) зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың істерін түгендеуді жүргізеді, оның барысында зейнетақы немесе жәрдемақы алушы ісінің деректерінің болуы және түгендеу сәтінде қалыптасқан ОДБ деректерімен сәйкестігі салыстырып тексеріледі.
Қолданыстағы істе құжаттардың болуы, алушылардың анкеталық деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұратын мекенжайы, зейнетақысының немесе жәрдемақысының ай сайынғы мөлшері, ұстап қалулардың мөлшері, төлеу мерзімі) дұрыс толтырылуы тексеріледі.
Түгендеуді жүргізу үшін Орталық филиалының бұйрығымен Орталық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Орталық бөлімшесі қызметкерлерінен комиссия құрылады. Орталықтың филиалы қолданыстағы істерді түгендеуді жүргізу нәтижелері жөніндегі хаттаманың негізінде Орталық бөлімшесінің түгендеуді жүргізу сапасын қарайды.
86. Алушы қайтыс болған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен немесе төлемдер басқа да себептер бойынша тоқтатылған жағдайда, Орталықтың бөлімшесі істі жабады және мұрағатқа тапсырады.
87. Қайтыс болуына, кетуіне немесе басқа да себептер бойынша алушының зейнетақы немесе жәрдемақы төлемінің электронды есепке алу карточкасы жабылған кезде Орталықтың бөлімшесі алушының ісіне себебін, күнін көрсете отырып, есептен шығарылғаны туралы белгі қояды және ол Орталық бөлімшесі бастығының қолымен және мөртағанымен расталады. Істі мұрағаттау кезінде табысы туралы анықтама мен еңбек кітапшасында, мүгедектігі туралы анықтамада әр бетінде «ҚАЙТЫС БОЛДЫ» деген белгі қойылады.
Алушының жабылған электронды карточкасы ОДБ-дан электронды мұрағатқа сақтауға ауыстырылады.
88. Мұрағаттық істерді беру тізім бойынша жүргізіледі, ал Орталық бөлімшесі мұрағатының қызметкері мұрағаттық істі қабылдау кезінде ОДБ-да көрсетілген төлемдердің тоқтатылған күнін, істегі табысы туралы анықтамада, еңбек кітапшасында, мүгедектігі туралы анықтамада «ҚАЙТЫС БОЛДЫ» деген белгінің әр бетте болуын тексереді.
89. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың мұрағаттық істері оларды сақтау мерзімі өткенге дейін басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша жіберілуі мүмкін, ал жіберілетін мұрағаттық істің электронды нұсқасы электронды мұрағатқа ауыстырылады.
90. Мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша 10 жыл бойы сақталады, сақтау мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады, ал 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған және Орталықтың «Ретроконверсия» бағдарламасы арқылы құрылған, қолданыстағы істердің электронды нұсқасы тұрақты сақталады.
91. Сақтау мерзімі өткен мұрағаттық істерді жою кезінде облыстық филиал істерді жою жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрық шығарады, оның құрамына зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (келісім бойынша), мұрағаттың (келісім бойынша) өкілдері, Орталықтың филиалы мен бөлімшесінің қызметкерлері кіреді.
Жойылатын істердің тізімдері, жойылған күні көрсетілетін мұрағаттық істерді соңғы түгендеу деректерімен салыстырып тексеріледі.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік
базалық әлеуметтік жәрдемақыларды,
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан төленетін зейнетақы
төлемдерін, мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды тағайындау және
төлеуді жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Ауданның коды__________________________
Қазақстан Республикасының
_________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Өтініш
Азамат ______________________________________________________________________________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә).
Туған күні, айы, жылы: 19_____ж. «_______»_________________
____________________________________________________________________________________________мекенжайы бойынша тұратын
Банктегі дербес шотының №____________________ Банк филиалының №___________________
Байланыс бөлімшесі №_____________________________________________
Менің (СТН)________________________________ ӘЖК________________
Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: №___________________________
Кім берді_________________________ Берілген күні____________________
Маған____________________________________тағайындауларыңызды сұраймын (жасы бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақы төлемін; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны, № 1, № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны)
әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болдым (болған жоқпын)___________________қайтыс болған асыраушы әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болған (болған жоқ)______________
______________________________________________________________________________________________________________________
(қажетінің асты сызылсын)
Ескертпе:
мемжәрдемақыға өтініш жазылғанда мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін.
Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалған/тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).
Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).
Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан қоныс аударуым), сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы
Орталық бөлімшесіне 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.
Берілген күні________________Өтініш иесінің қолы______________________
Азамат_________________________________________________________________________________________________________өтініші
(өтініштің құжаттармен қоса қабылданған күні)
20___ж. «___»_______________ №_________ қабылданды
Құжаттарды қабылдағанның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_____________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
_____________________________________________________________________
(қию сызығы)
Азамат_________________________________________________________өтініші
№__________тіркелген. Құжаттар қабылданған күні________________________
Шешім қабылдану күні_________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:______________
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айрылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік
базалық әлеуметтік жәрдемақыларды,
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан төленетін зейнетақы
төлемдерін, мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды тағайындау және
төлеуді жүзеге асыру ережесіне
1-1-қосымша
Ауданның коды____________________________________
Қазақстан Республикасының
___________________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменте
Өтініш
Туған күні, айы, жылы: 19_____ж. «_________»__________________________
_____________________________________________________________________________________________мекенжайы бойынша тұратын
Азамат ________________________________________________________________________________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә).
Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін қосымша құжаттарды қабылдауыңызды сұраймын.
Берілген күні__________________ Өтініш иесінің қолы__________________
Азамат _________________________________________________өтініші 200___ жылғы «____»__________№________________қабылданды
Құжаттарды қабылдаушының Т.А.Ә., лауазымы және қолы:__________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
_____________________________________________________________________
(қию сызығы)
Азамат_________________________________________________________өтініші
_____________________________________________________________________
№______тіркелген. Құжаттар қабылданған күн_____________________________
Шешім қабалдану күні__________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:______________
_____________________________________________________________________
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша өзгертілді
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік