Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін,
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 28 желтоқсанда және 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 819 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін,
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды
тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесi
Осы Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын,, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы жасына жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға берілетін ақшалай төлем;
Орталықтың бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемі;
зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым - тиісті банктік операциялардың түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпочта» АҚ-тың аумақтық бөлімшелері;
Орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары.
2. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру тәртібi
2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - зейнетақылар мен жәрдемақылар) тағайындау үшін зейнетақы мен жәрдемақыларды алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне қажетті құжаттарды және олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті береді. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлімшесінің бастығы құжаттардың көшірмесін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін куәландыруға тиіс.
Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адамдардың ұсынуы зейнетақыны немесе жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары ұсынады.
3. Өтінішке зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған, жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, шетелдіктің тұруға рұқсатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің) көшірмелері;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекен-жай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлігінің көшірмесі;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі;
5) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы шотының нөмірі туралы мәліметтер.
4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарға қоса мыналар ұсынылады:
1) жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама;
2) зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек стажын растау үшін, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
еңбек кітапшасының көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
әскери билетінің көшірмесі;
балалардың тууы туралы куәліктерінің және балалардың жеке куәліктерінің көшірмелері;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары берген туу туралы актілік жазбасы;
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңінде сақтандыру жарналарының төленгені туралы салық органының анықтамасы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес стажды есепке алу кезінде);
ақталу туралы анықтамасы;
әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккендерге және иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ жұқтырған ауруларға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектерге немесе сексен жасқа толған қарттарға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжаты;
егер еңбек қызметі туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамасы;
бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің және халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әйелдерінің (ерлерінің) шетелде тұрғанын растайтын анықтамасы;
әскери қызметшілердің әйелдерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтамасы;
неке және (немесе) некені бұзу туралы (тегін өзгерткен кезде) куәліктің көшірмесі ұсынылады.
5. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде Орталықтың бөлімшелері міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растау туралы Орталықтың Орталық деректер базасынан (бұдан әрі - ОДБ) салымшының транзиттік шоты айналымдарының үзінді көшірмесі қоса ұсынылады.
6. Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса, мүгедектігі туралы белгіленген нысандағы анықтамадан үзінді көшірме ұсынылады.
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі Ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
3) ауруы туралы госпиталь берген куәлігі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
7. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса, асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не адамды хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы соттың шешімі ұсынылады.
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың (тууы туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әкесі екенін (анасы екенін) анықтау туралы куәліктің, жеке куәлігінің көшірмесі және тағы басқалар) көшірмесі;
2) егер тууы туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;
3) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшірмесі;
4) 18 бен 23 жас аралығындағы адамдардың күндізгі оқу бөлімінің оқушысы немесе студенті болып табылатыны туралы оқу орнының осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтамасы;
5) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетінің көшірмесі не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы;
6) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қаза болуы немесе қайтыс болуы әскери міндетін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруы салдарынан туындағанын растайтын анықтамасы.
Қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін күтумен айналысатын адамдар бұған қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еңбек қызметін тоқтатқанын растайтын еңбек кітапшасының көшірмесін (көшірме жыл сайын еңбек кітапшасының түпнұсқасымен салыстырылады);
2) жұмыспен қамту орталығының анықтамасын;
3) тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы салық органының анықтамасын (жыл сайын жаңартылады).
8. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде Орталықтың бөлімшесі хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамның шешім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде ОДБ-да 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының болуын тексеруді жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде тағайындалады.
10. Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса мыналар ұсынылады:
1) еңбек кітапшасының көшірмесі;
2) ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы анықтамасы.
Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, жұмыс істеген лауазымы, кәсібі, жұмыс кезеңдері, мұрағат ісінің нөмірі, оның беттері көрсетілген, мөртаңбамен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолы қойылып расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады;
Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыстың ерекше сипаты немесе еңбек жағдайлары мен олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді.
3. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау тәртібi
11. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркеледі. Өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртпалы талоны беріледі.
12. Орталықтың бөлімшесі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысандағы зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісінің макетін (бұдан әрі - істің макеті) қалыптастырады, сондай-ақ осы Ережеге 7-12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімнің жобасын ресімдейді.
13. Орталықтың бөлімшесі зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш иесінен қабылданатын құжаттар жиынтығының толықтығы, сондай-ақ құжаттар көшірмелерінің сапасы үшін жауапты болады.
14. Орталықтың бөлімшесі өтініш пен құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде істің макетін қалыптастырады және ұсынылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данадағы хабарлаумен Орталықтың филиалы арқылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді немесе салып жібереді.
15. Істің электронды макеті электронды почта байланысы арқылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға Орталықтың филиалы арқылы жіберіледі.
Электронды байланыс жүйесі енгізілгеннен кейін Орталық бөлімшелері іс макетінің қағаздағы нұсқасын зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сұрауы бойынша электронды нұсқаға сәйкес хабарлама нөмірімен екі данада Орталықтың филиалы арқылы беріледі немесе жіберіледі.
16. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау және олардың мөлшерлерінің өзгерту кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.
17. Электронды және (немесе) қағаздағы істің макеттері келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесін хабардар етеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін шешімді осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға нөмір бере отырып тіркейді.
18. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаған не Орталық бөлімшесінің қызметкері жіберген қате анықталған жағдайда, істің макеті хабарламаның тиісті бағанында қайтарудың нақты себебін көрсете отырып, толық ресімдеу үшін Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
19. Қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаған жағдайда Орталықтың бөлімшесі өтініш берушіні отыз жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Егер отыз жұмыс күні ішінде құжаттар толық ресімделмесе, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы мен жәрдемақыны қолда бар құжаттар бойынша тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
20. Кейіннен қажетті барлық құжаттарымен қайталап өтініш берген күн өтініштің берілген күні болып есептеледі.
21. Өтініш берушінің зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы болмауына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себебі туралы хатымен бірге істің макеті Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
22. Орталықтың бөлімшесі өтініш берушіні зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етеді және ұсынған құжаттарды зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себебі туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
23. Орталық бөлімшесінің қызметкері жіберген қателер анықталған жағдайда, істің макеті бес жұмыс күні ішінде қателерді жою үшін Орталықтың бөлімшесіне қосымша ресімдеуге қайтарылады.
24. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы күмән туғызған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берушіні хабардар ете отырып, тиісті ұйымдарға сұрау жібереді.
25. Зейнетақы тағайындау кезінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берушінің еңбек кітапшасына зейнетақы тағайындалғаны туралы белгі қояды және күнін көрсетеді, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның қызметкері куәландырады.
26. Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемін толық емес көлемде тағайындау кезінде зейнетақы мөлшері толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтардағы қолда бар еңбек стажына барабар үлес ретінде есептеледі.
Стаждағы айлардың саны талап етілетін жұмыс стажы айларының санына бөлінеді және табыстың 60%-ына тең толық зейнетақы мөлшеріне көбейтіледі.
Заңнамада талап етілетін табыс болмаған жағдайда, толық емес көлемдегі зейнетақы төлемін есептеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен зейнетақыны негізге ала отырып жүзеге асырылады.
27. Зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтың тілегі бойынша мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақылар Орталықтан төленетін зейнетақы төлемімен ауыстырылуы мүмкін.
Бұл ретте, егер зейнетақының мөлшері жәрдемақының мөлшерінен кем болса, зейнетақының мөлшері мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мөлшеріне дейін және отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша белгіленген жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілуге тиіс.
28. Зейнетақы алушы бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде, зейнетақының мөлшерін өзгерту қосымша құжаттардың берілген күнінен бастап жүзеге асырылады.
29. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы үлесіне құқығы бар адамдар тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне өтініш пен осы Ереженің 3, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды береді.
Yлес алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі үлес алушы құжаттарының көшірмелерін негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жібереді.
Негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі үлес алушыға берілетін жәрдемақы мөлшерін көрсете отырып, негізгі алушыға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындауға шешімнің жобасын алушылардың санына сәйкес данада толтырады, және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган шешім қабылдағаннан кейін негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі шешімнің бір данасын үлес алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жібереді, оның негізінде үлес алушыға жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.
30. Осы Ереженің 7-тармағының 6) тармақшасында көзделген анықтама уақытында ұсынылмаған жағдайда, үлес алушының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін қайта қарау анықтама ұсынылған күннен бастап жүзеге асырылады.
31. Мүгедек балаға берілетін жәрдемақыны ресімдеу кезінде, іс балаға ресімделеді, бірақ шешімнің жобасында әкесінің немесе қамқоршысының (қорғаншысының) тегі қосымша көрсетіледі.
32. Мүгедектік тобы немесе отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақымен қамсыздандырылатын еңбекке қабілетсіз мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Орталықтың бөлімшесі жәрдемақы мөлшерін өзгертуге шешімнің жобасын әзірлейді және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
33. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің, зейнетақының ең төмен мөлшерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін өзгерту зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.
34. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін Орталықтың бөлімшесі осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркелгеннен кейін, осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысандағы куәлікті жазады және қолын қойғызып береді, ол зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.
35. Алатын төлемдердің түрі немесе мөлшері өзгерген жағдайда, Орталықтың бөлімшесі куәлікке қосымша бетте болған өзгерістер туралы қажетті жазба жасайды, олар Орталық бөлімшесінің мөртабанымен расталады.
4. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тұрғылықты жері
өзгерген кезде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау тәртібi
36. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтың бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы тұрған жеріндегі зейнетақы ісін (жәрдемақы алушының ісін) сұратуды жүзеге асырады.
37. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындалған адамдардың: Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасы шегінен тыс кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.