297. Салық органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің мақсаты және деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Салық қызметі органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.
298. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерiн анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзедi және хабар берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәлiметтерді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi берiлген деректер негiзiнде шетел валютасындағы түсiмдер сомасын аумақтық бөлiмшесiнiң 0900НП «Шетел валютасында анықтағанға дейiнгi сома» ерекшелiгi кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға электрондық түрде хат жiбередi.
299. Мемлекеттік мекеме деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.
300. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасындағы түсiмдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменiң қайта айырбастауға арналған өтiнiмi негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
301. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi тексеруден кейiн шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм деректерін ҚБАЖ-ға енгізудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 302-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
302. Қағаз тасығышта шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімде қате болған немесе түзету болған, қандай да бір талап етілетін деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлері бойынша), қайта айырбастау күніне бағам жеткіліксіз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қайтару себептері көрсетіліп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажетті деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, «Қазынашылық-клиент» АЖ-да орындаусыз қайтарылады.
303. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы корреспондентік шоттары бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттары алынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 304-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
304. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күні шетел валютасындағы шоттары жөніндегі үзіндіні мемлекеттік мекеменің аумақтық қазынашылық бөлімшесі қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге қағаз тасығышта береді, сондай-ақ жауапты орындаушының белгісі соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнін көрсете отырып, қағаз тасығышта ұсынылған мемлекеттік мекеменің шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің бір данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 8-09, 8-17 есептерін қалыптастыру мүмкіндігі туралы хабарландыруды алғаннан кейін шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді дербес жасайды.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен ереже 6-1-бөліммен толықтырылды
6-1-бөлім. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі
36-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетудің жалпы ережелері
304-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырылуымен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
304-2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдерді есептеу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есепке алынады.
36-2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары
304-3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
304-4. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде еншілес, бағынысты және аффилиирленген ұйымдардың жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарын) төлеуге арналған жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны аудару, сондай-ақ осы ақшаның шегіндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған төлемдер мен аударымдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған шоттар арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.
304-5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан түсімдер және өткізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарына сәйкес есепке алынады.
36-3-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарын беру, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуы, жүргізуі және жабуы
304-6. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтудың ең аз мөлшерін қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді код беріледі.
304-7. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеде көзделген құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса, осы Ережеге 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінімді жібереді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
304-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кодтарды аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашу квазимемлекеттік сектор субъектісіне код берілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
304-9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне электронды түрдегі хатпен хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттары туралы жазбаша хабарлайды.
304-10. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.
304-11. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша көрсетіледі.
304-12. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары ашылғандығы туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
304-13. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік тіркеу туралы куәліктік көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 37-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінім береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өз кезегінде, квазимемлекеттік сектор субъектісінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінімді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 37-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінімді жібереді.
304-14. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ашылған шоттары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынын қалыптастыру осы Ереженің 10-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
304-15. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізу Ереженің 11-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
304-16. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жабу Ереженің 12-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
36-4-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі
304-17. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «№ төлем тапсырмасы» алаңында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жеті мәнді кодынан тұратын нөмірі, бөлшек арқылы төлем және ақша аударымы жүзеге асырылатын қаржы жылының соңғы екі саны, дефис арқылы - төлем тапсырмаларын тіркеу журналындағы жазбаның реттік санына сәйкес келетін реттік саны көрсетіледі.
304-18. Квазимемлекеттік сектор субъектісі:
төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
жасалған операциялардың дұрыстығын;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
304-19. Төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне:
Жарғылық капиталын ұлғайту/қалыптастыру кезінде - бағалы қағаздар нарығын қадағалау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігін не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімін;
инвестициялық жобаны іске асыру кезінде - шот-фактураның немесе тауарды жеткізу туралы жүк құжатының (актінің) көшірмесін немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін ұсынады.
304-20. ҚБАЖ-да ақша алушы болмаған кезде, квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушыны осы Ереженің 62-қосымшасына сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге өтінімді ұсынады.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері болмаған кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес өтінімді ұсынады.
Төлем тапсырмада көрсетілген ақша алушының деректемелерінің дұрыстығын квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтамасыз етеді.
304-21. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде қабылдауды жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен төлем тапсырмаларды қағаз тасығышта қабылдау жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінен сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар келесі жұмыс күнінде түскен деп саналады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ден кейін түскен төлем тапсырмасы орындалады не орындалмай келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
304-22. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы түскен электрондық түрде төлем тапсырмасы орындалады не оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күні бір жұмыс күні ішінде орындалмай қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде түскен төлем тапсырмасы квазимемлекеттік сектор субъектісіне:
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті шоттарында ақша қаражаты болмағанда не жеткіліксіз болған;
қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын банктік заңнамада белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысанда берілген;
түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетулермен ұсынылған;
осы Ережеде көзделген растау құжаттарын қосымшаларсыз ұсынған;
талап етілетін алаңдарда қолдар және/немесе мөр бедері болмаған;
қолдар және/немесе мөр белгісі қолдар және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес келмеген;
құжаттың барлық даналарында талап етілген алаңдарында мөр бедері анық (айқын) қойылмаған;
цифрмен жазылған сома жазумен жазылған сомаға сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасында көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ҚБАЖ-ға енгізілген деректемелерге сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасы деректемелері (ЖСК, БСК, ақша алушының банкінің атауын қоспағанда) төлем тапсырмасына қоса берілген (осы Ережемен белгіленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растау құжаттарының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасының бірінші данасының деректемелері төлем тапсырмасының екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлем тапсырмасының қолданылу мерзімінен асқан мерзімде ұсынылған жағдайларда орындалмай қайтарылады.
304-23. Төлем жүргізілгеннен кейін төлем тасырмасының екінші данасы мен осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысан бойынша қалыптастырылған есеп салыстырылып тексеріледі, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні және 5-15-нысанында салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен куәландырылады және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беріледі.
304-24. Қазақстан Республикасының резидент еместерімен шетел валютасында жасалған шарттар бойынша төлемдер жүргізілген кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі осы Ережеде көзделген тәртіпте аумақтық қазынашылық бөлімшесіне квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан сол күні шетел валютасын сатып алу үшін екінші деңгейлі банкте ашылған шотқа ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады.
Шетел валютасын айырбастауға арналған төлем тапсырмасында «Төлем мақсаттары» алаңында:
сатып алынатын валютаның түрі мен сомасы;
ол бойынша шетел валютасы сатып алынатын бағам;
резидент емеспен жасалған шарттың күні мен нөмірі;
шарттың мәні көрсетіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейлі банкте шетел валютасындағы шотына валюталардың түрлері бойынша есептелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзімі өткен кейін шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына сомасын ұлттық валютада қалпына келтіре отырып, қайта айырбасталуы тиіс.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде тиісті қаржы жылына жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасын қайта айырбастауды және шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған шотқа уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді.
304-25. Квазимемлекеттік сектор субъектісі құжаттық аккредитивті қолдана отырып, есеп айырысу нысанын көздейтін шарт жасасқан кезде квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтың қазынашылық бөлімшесіне екінші деңгейлі банкте ашылған аккредитивтік шотқа квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан ақша аудару үшін төлем тапсырмасын ұсынады. Сонымен бір мезгілде квазимемлекеттік сектор субъектісі аккредитивтің ашылғандығын және аккредитив шарттарында банк-эмитент аккредитивтің орындалмаған сомасын акредитивтің қолданылу мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын жабылған жағдайда қайтарылу фактісін растайтын құжаттарды сома аударылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тікелей шотына ұсынады.
304-26. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді орындау осы Ереженің 31-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бөлiм. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
305. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
306. Төлемдi уақтылы және толық жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджет ақшасын тиiмдi басқару үшін қолма-қол ақша көлемiн болжамдау мақсатында бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтiліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерiсi болып табылатын қолма-қол ақша тасқының болжамын (бұдан әрi - болжам) жасайды.
307. Болжам Бюджет кодексiне сәйкес мынадай деректер:
тиiстi қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
түсімдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсiмдерге салыстырмалы талдау жүргiзудi есепке ала отырып, тиiстi бюджеттерге түсетiн ақша түсімдерінің күтiлетiн көлемi;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджетік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негiзiнде жасалады.
308. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп:
бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн нақтылайды.
309. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi;
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
310. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
311. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi.
313. Жүргiзiлген төлемдердiң болжамдық көлемi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер болжамдау көлемi мен тиiстi бюджеттiң шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерiсiн ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженiң 2-бөлiмiнiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне өзгерiс енгiзедi.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын
орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 315-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
316. Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негiзiнде жүзеге асырылады.
317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректердi: орналастыру сомасының мерзiмiн, орналастыруды бастау және аяқтау күнiн, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиiс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 319-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 320-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес.
321. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган Келісім талаптарына сәйкес және мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмде бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi органың шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргiзедi. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органнан шотқа ақша түскеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi күннен кешiктiрмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.