Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
251. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiмдi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды;
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 252-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
252. Ақылы қызметтер ҚБШ не демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңарту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
253. Инкассолық өкiмді орындаған кезде инкассолық өкiмдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
Инкассолық өкiм толық орындалғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 254-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 254-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
254. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне сот актілері, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгілі бір ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндірісі органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекеменің кодына:
мемлекеттік мекеменің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, мыналар:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдері;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
жәрдемақылар, алименттер;
міндетті зейнетақы жарналары;
әлеуметтік аударымдар;
банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын БСК-сін қоспаған жағдайда;
2) ақылы қызмет ҚБШ-ына немесе демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкім қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады;
Талап-арыздар талаптарын қамтамасыз етуге тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақшаның сомасы мемлекеттік баж және сот шешімдерін, үкімдерін, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты шығыстардың мөлшерінен аспауы тиіс. Атқарушы өндірісі органдары атқару құжатын орындалуын қамтамасыз етуге тыйым салған кезде ақшаның және тыйым салынған мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға берілетін соманы, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан және атқару құжатын орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 255-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
255. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық (кеден) органдарының мемлекеттік мекеменің коды бойынша, ақылы қызметтер мен демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бірінші басшының қолы қойылған, салық (кеден) органдарының мөрімен расталған өкімдері келіп түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 256-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
256. Аумақтық қазынашылық органына инкассолық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушы құжатты өздігінен орындауы ол белгілеген мерзімдерде төлеуге берілген шоттың негізінде 155 «Атқарушы құжаттарды, сот актілерін орындау» бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.
Атқарушы құжатты өздігінен орындау кезінде тартылатын заңгерлердің, консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу, мемлекеттік баж төлеу Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.
32-тарау. Трансферттердi төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 257-тармақ өзгертілді
257. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.
Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің және белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде оларды объектілер бойынша бөлместен, бір сомамен аударылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.
Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.
Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.
Ағымдағы қаржы жылында бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының;
тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында көшіруді жүзеге асыруына рұқсат беріледі.
Көрсетілген жағдайларда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 10 жұмыс күні ішінде келіседі. Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
258. Нысаналы трансферттерді аудару осы Ереженiң 257-тармағының бірінші абзацында көзделген нормаларды сақтай отырып, жоғары тұрған бюджет бағдарламасы әкімшісі төлеуге берілетін шотты ұсыну негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аударуға төлеуге берілетін шотты беру негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн трансферттердiң есебiнен iске асырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiлерiнiң шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының пайдаланылатын ерекшелiгiне байланысты осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
259. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 260-тармақ өзгертілді
260. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрғанға беруге байланысты шығыстарды арттыруға әкеп соқтыратын заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің залалын өтеген жағдайда, төмен тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсі жүзеге асырады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде жергілікті бюджеттердің шығыстарын арттыруға және (немесе) кірістерін азайтуға әкелетін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілдік және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығыны өтеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
Трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілеты органы төмен тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi төлем мақсатын көрсету үшiн 01 «Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нiң түсiмдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттердi және нысаналы трансферттердi әрбiр аудару бойынша төлеуге берiлетiн шоттар көшiрмесiн тиiстi төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қаперіне жеткiзе отырып, төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
261. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін міндетті түрде қайтаруға жатады.
Төмен тұрған бюджеттің жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын бюджетті түзету жолымен тиісті нысаналы трансферттер бойынша ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттері бойынша да, өткен жылдың нысаналы трансферттері бойынша да жоспарлы тағайындалымын азайту есебінен өтеу жүргізіледі. Егер тиісті жергілікті бюджеттерде өткен жылдар үшін нысаналы трансферттер көзделмесе, онда тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді нақтылаған кезде жергілікті атқарушы органдар жоғарыда тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасын өтеу үшін қаражат көздейді.
Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшiн нысаналы трансферттердi өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшiн - нысаналы трансферттердi өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот және мемлекеттік қаржы бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді. Бұл ретте төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбiр қайтару бойынша төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негiздеме хаттың көшiрмесiн үш күндiк мерзiмде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 262-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 262-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
262. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінен бөлінген нысаналы трансферттерді қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомалары келесі қаржы жылында оларды мақсатқа сай сақтай отырып пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.
Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (жете пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға жатады.
Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттердің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға жатады.
Олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының жылдың басындағы бюджет қаражаты қалдықтары есебінен қаржы жылында одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы шешімі қабылданбаған, республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомаларын қайтару тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ҚР ББС түсімдердің сыныптама кодына оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттің кірісіне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін жүргізіледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жөніндегі төмен тұрған бюджеттің шығыстары жергілікті бюджетті түзету негізінде қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылатын нысаналы трансферттерді қайтару жөніндегі шығыстары болып табылады.
Қаражатты қалпына келтіру мен аударуды төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты пайдаланбау (жете пайдаланбау) себептерін қамтитын негіздеме хатты қоса, нысаналы трансферттерді әрбір қайтару жөнінде төлеуге берілетін шоттың көшірмесін және негіздеме хаттың көшірмесін жоғары тұрған бюджетке дейін жеткізе отырып, ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджетті нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезінде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшін төмен тұрған бюджеттер белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті нақтылауды (түзетуді) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 263-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
263. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 264-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
264. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
265. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 266-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
266. Келісім:
шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер;
жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптар.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 267-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
267. Келісім бір қаржы жылына осы Ереженің 93-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілген нысаналы трансферттерді одан әрі бөлген жағдайда, аудандар бюджеттері арасында (облыстық маңызы бар қалалар) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы мен аудан әкімі (облыстық маңызы бар қала) арасында жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 268-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 268-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
268. Келісім әрбір нысаналы трансферт бойынша жеке жасалады: нысаналы даму трансферттері бойынша бірнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда, 1, 2 және 3-қосымшалар инвестициялық жобалар бөлінісінде толтырылады.
Бірнеше нысаналы трансферттер бойынша бір Келісімді жасауға жол беріледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органнан шарттарды тіркеу және төлем жүргізу рұқсат берілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен хабарландыру хатының көшірмесін алғаннан кейін, 10 жұмыс күні ішінде аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 269-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен 269-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
269. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер: